жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасылық тәрбиенің негізі
Ата-аналар жиналысының жоспары
Мектеп: Ә.Жагелдин атындағы орта мектеп Сынып: 7 «ә»
Мерзімі: 25.11.19
Мұғалім: Есқуатова Ұлболсын
Ата-аналар жиналысының тақырыбы: Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасылық тәрбиенің негізі
Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері:
|
Ресурстары: (материалдары, көздері)Интерактивті тақта, музыкалық аппарат, плакаттар, түрлі түсті қарандаштар.
|
Жоспар: 1. «Кел, танысайық, Ата - ана». ( Ата – анамен танысу тренингі) 2. Отбасында әке мен ана бала арасындағы рухани достық қарым –қатынасты жақсартуға бағыттау. (Үй тапсырмасын сұрау, Әңгімелеу әдістері арқылы ашу) 3. Ата- ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу. «Тренингтер, топтық жұмыстар арқылы ашу) Ата – ана жиналысының барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі 1.Тыныштық сәті Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздіңәр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздіңқауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздіңқолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. 2.Үй тапсырмасын сұрау. Ата – ана туралы бейнежазбаны көріп, түйгендерін ортаға салу. Сұрақтар:
Танысу тренингі. «Өрмекшінің торы» Сіздермен танысу мақсатында «Өрмекшінің торы» атты тренингін өткіземін. Мен жіптің басын ұстап қалып, өзімнің аты – жөнімді және балаңыздың жақсы қасиеттерін айтасыздап, келесі адамға жіпті лақтырамын. Осылайша кезектесіп жіпті бір – біріңізге бересіздер. Бір-бірімізге жіпті беру арқылы өрмекшінің торы шығады. Енді сіз алдыңыздағы адамның аты мен баласының жақсы қасиеттерін айта отырып, кері қайтарып бересіздер. Сұрақтар:
3. Әңгімелеу. Видеоролик: Әлемді жылатқан баланың хаты Сұрақтар:
Топтық
жұмыс. 2- топқа. «Бала менің бақытым» тақырыбында постер қорғау. 3 –топқа. «Тәрбие тал бесіктен» тақырыбында постер қорғау. Топтық жұмыс. Ата – аналарды үш топқа бөліп, тапсырма беру. «Түңілуші, Сенімді, Қалжыңқой» Мақсаты: мәселелі жағдайға адамның бүтіндей қарым – қатынасын жасау, мәселені түрлі көзқараста қарауда тәжірибе алу. Нұсқау. Сіздерге Федор Павлович Решетниковтің «Тағы да екілік» суретіндегі бейнеленген жағдайды сахналау ұсынылады. Тарихын эмоциональды мазмұнымен айту керек, нәтижесінде сізде суреттегі жағдайды айтатын үш тарих шығу керек. Түңілуші адам оны қалай айтар еді? Ал сенімді ше? Және қалжыңқой ше? Қорытынды сөз. Бұл кешенді техниканың жақсылығы сол, ол мәселені жан – жақты қарауға , нақты айғақтар тұрғысынан және нақты адамдардың дербес қабылдауы арқылы болатындығын ұсынады. Талдаушылар бұл әдісті кез- келген салада қолдануға тиімді деп тапты. Жаттығу. «Қар қиыршықтары» Нұсқау: Ақ қағазды алып ортасынан бүктеймізде, оң бұрышын жыртып аламыз.Тағы да бүктеймізде оң жақ бұрышын жыртып аламыз.Осылайша мүмкіндігінше жалғастырамыз. Енді барлығымыз өзіміздің қар қиыршықтарымызды ашып қараймыз. Талдау сұрақтары:
Қорытынды сөзі: Себебі, бәріміз бірдей әрекет жасағанмен біздер әр түрлі адамдармыз, әр түрлі қимылдаймыз. Ал балаларымызға келсек, әр қайсысы бөлек тұлға, әрқайсысының ойлауы, дүниетануы көзқарасы бәрі де әр түрлі. |
Талдау
|
Топпен ән айту Ана мен Сәби Әні:
Біржан Жалғасбаев Өмірге
сәби келді |
|
«Тілек
шамы». /Балауыз шамы арқылы/ |
|
Жиналыстың қорытынды сәті. Ж.Ж.
Руссо: «Бала туылғанда ақ қағаздай
болып таза туады, оның үстіне шимақты
қалай салсаң, қағаз бетіне солай
түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты,
өзің қалай тәрбиелесең, ол солай
тәрбиеленеді» — деген екен. |
|
Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде) |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген