400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасылық тәрбиенің негізі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналармен жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

№ мектебінің

директоры

___________

«__»______ 2020 ж


Ата-аналар жиналысының жоспары


Мектеп: Сынып

Мерзімі :

Ата-аналар саны:

Мұғалім:

Ата-аналар жиналысының тақырыбы: Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасылық тәрбиенің негізі

Мақсаты:

Жалпыадамзаттық құндылықтардың отбасы тәрбиесіндегі маңызы жайлы түсініктерін қалыптастыру

Міндеттері:

  1. «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері туралы білімдерін кеңейту.

  2. Ата-аналарға «өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері мен


Ресурстары:

(материалдары, көздері)

Интерактивті тақта,үлестірмелі қағаз

Жоспар

1. Ата - аналармен тренинг. Топқа бөлу.

2. «Өзін - өзі тану» рухани - адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық - педагогикалық негіздері.

3. «Өзін - өзі тану» рухани - адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздері. (слайд)

4. Балаларды тәрбиелеудегі ата - ананың рөлі (қыздар тәрбиесі, ұлдар тәрбиесі).

5. Үйге тапсырма.

1. Амандасу тренингі.

Ата-аналарды топқа топтастыру. Түстер бойынша 3 топқа топтастыру.

2. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

3. Дәйексөз

«Бала үйде не көреді, соны үйренеді. Ата - аналар соған үлгі». (Себастьян Брант).

4.Баяндама (слайд)

Құрметті ата – аналар, мемлекетіміздің басты мақсаттарының бірі - жас ұрпаққа саналы тәрбие беру. Жас ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуында ата - анамен мұғалімнің рөлі зор. Бұл істе асығыс шешім, жалған әдіс, қатып қалған тәсіл қолдануға болмайды. «Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алымен баланың сезімін оятып, баланың әсершілдігін дамыту».Ежелгі грек ойшылдары: «Өзіңді - өзің таны, сонда бүкіл әлемді танисың!»,- деп шақырған. Өзіңді танысаң өзгені танисың.

Руханилықтың негізгі сипаттамасы – ақиқатты тануға ұмтылу, шыдамдылық, қайырымдылық, сабырлық, қиянат жасамау және сүйіспеншілік. Осылайша, адамгершіліктің қайнар көзі – руханилық, ал адамгершілік оның сыртқы көрінісі болып табылады.

«Өзін - өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру жобасының авторы С. А. Назарбаева былай деп жазды: «Біздер, ХХ ғасырдың естен айырылған перзенттері ұзақ пайдаланған «өркениет әдебі» шарттылығының орнына өмір әдебін қайта жаңғыртуымыз керек. Өйткені адамдар ғасырлар бойы осы құндылықтарға ие болып, тиісінше пайдаланып келді ғой. Бейнелі тілмен айтқанда, руханияттың мөлдір кәусар бұлағынан үнемі сусындап отырды. Соңғы онжылдықтардың асау ағыстары кезінде осы бастауларға апаратын жолды замандастарымыз естен шығарып алды.

5.«Құндылықтар ағашы» Ақиқат - құндылықтың түп тамыры.

Үнемі - түп тамырды сүйіспеншілікпен (су) суарып отыру керек. Ақиқатпен жүріп әр затқа сүйіспеншілікпен қарайтын болсақ, дұрыс әрекет (ол ағаштың діңі) болады. Дұрыс әрекет болса, ішкі жан дүниемізде тыныштық (оны ағаштың жапырақтарына теңеуге болады) орнайды. Егерде өзіміздің ішкі сезімдерімізді басқара білсек, әр уақытта ар - ұждан даусымен өмір сүрсек, адам еш уақытта ешкімге, ешнәрсеге қиянат жасай (ағаштың жемісі) алмайды.

Бұл құндылықтар өзара бөлінбейді. Бір - бірімен тығыз байланысты.

6. Балаларды тәрбиелеудегі ата - аналардың рөлі.

Әр отбасы – жеке мемлекет. Бұл мемлекеттің іргетасын қалаушы, оны басқарушы, отағасы – абыройлы әке. Отбасының мәдени - рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты. Ұлы күш пен сабырлықтың иесі болып табылатын да – әке. Әке өсиеті мен тәлім - тәрбиесінің маңызы ерекше. Қанша дегенмен, жүрегі жұмсақ аналарымыз кейде тым еркелетіп жібергенде, әкенің салмақты сөзі таза ауадай қажет.

Әйел адам – отбасының сақтаушысы. Алғашқы махаббат тарихы - ана мен бала махаббаты. Бала өмірінің алғашқы бес жылында міндетті түрде анасымен болуы керек. Ана өзінің міндетін өзгелерге аудара салмауы керек. Риясыз сүю ананың табиғатынан берілген қасиеті. Күйеуін риясыз сүйетін әйелдер асыл тастай құрметті, хош иісті гүлдей нәзік, отбасының сақтаушысы, от анасы бола алады. Ананың міндеті – руханилық пен адамгершіліктің негізін салу. Егер ана рухани болса, бүкіл ұрпаққа алаңдамауға болады.

Қазақ халқы ер бала тәрбиесіне өте зор мән берген. Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады деп барлық саналы қазақ азаматтарына айтылған. Біз ата - ананы пір тұтқан, тегімізді атадан, тілімізді анадан санаған халықпыз. «Қыз тәрбиелей отырып - ұлтты тәрбиелейміз» деген қанатты сөздің өзі қыз бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді.

7. Топпен жұмыс: ата - аналармен

I топ: Бала тәрбиесінің жоғары болуындағы менің ықпалым..

II топ: Баланың оқу үлгерімі жоғары денгейде болуына отбасының ықпалы.

ІІІ топ: «Бақытты отбасы» тақырыбына 5жолды өлең құрастыру.

Ата - аналар ортаға шығып шығармашылық жұмысты қорғайды.

8. Хормен ән айту. «Мейірімді болайық»

9. Үйге тапсырма. «Звездочки на земле» фильмін көріп, өз ойларын айту.

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Құрметті ,ата – аналар,бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 сәуір
1018
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі