жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жалпыадамзаттық құндылықтар. Дұрыс әрекет құндылғы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Реферат
Тақырып: Жалпыадамзаттық құндылықтар. Дұрыс әрекет
Құндылық: Дұрыс әрекет
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім.
Жалпыадамзаттық құндылықтар сипаттамасы
Дұрыс әрекет құндылығының мәні
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І. Кіріспе
Білім беру үдерісінің өзекті мәселесі балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру, ізгілікті білім беру ортасын құру. Кемел мінезді, парасатты, ойы, сөзі және ісі бірлікте болатын ұрпақ тәрбиелеу. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
Рухани адамгершілік тәрбиенің қайнар көзі саналатын «Өзін-өзі тану» пәні баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретуге, ұрпақ бойына жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптер мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген. Рухани-адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды.
Тұлғаның рухани-адамгершілік дамуы-тұлғаның құндылық-мазмұндық аясының кеңеюуі мен нығайтылуы, адамның дәстүрлі моральдық нормалар мен адамгершілік идеалдардың негізінде өзіне, басқа адамдарға, қоғамға, мемлекетке, елге, әлемге қатынасының құрылуы мен бағалауы бейімділіктерінің қалыптасуы жүзеге асырылатын үдеріс.
Тұлғаның маңызды сипаттары – руханилық және адамгершілік болып табылады. Руханилық тұлғаның таңдаған мақсаттарына талпынысы мен сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттерінің көрінісі болып табылады. Адамгершілік-адамдардың бір-біріне, қоғамға қатынасы бойынша адамның мінез-құлқының жалпы ұстанымдары жиынтығының көрінісі. Руханилық пен адамгершіліктің үйлесуі тұлға негізін құрайды.
«Біз білім арқылы қоғамызда әр адамның өз бойында болмысынан жаратылған қабілеттерін жарыққа шығарып, сол арқылы біздің мемлекентімізге ғана емес, Жер шарындағы барлық адамзатқа пайда келтіруге мүмкіндік беретін рухани-адамгершілік құндылықтарды жандандыруды көздейміз.
ІІ. Негізгі бөлім:
Жалпыадамзаттық құндылықтар сипаттамасы
«Сұлулық сыртқы тәнді әсемдеуден емес, рухани бастаудан басталады» Фалес Милетский
Жалпыадамзаттық құндылықтар- барлық адамгершілік қасиеттердің өзегі.
Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойына тумасынан берілген сый және олар адамның рухани дамуының барлық кезеңіне нәр болады. Тұлғаның адамгершілік қасиеттерінің көріну деңгейі оның рухани деңгейін білдіреді. Яғни, жалпыадамзаттық құндылықтар-адамның ішкі жан-дүние қасиетінің өлшемі, адамның жақсылыққа ұмтылуы, басқаларға жанашарлық білдіруі, айналадағы адамдарға қайырымдылығы, өмір сүруге талпынысы, өмірді дұрыс сүру мәселелері жайында ізденуі, өзін-өзі танып, өзін-өзі бағалап, сол арқылы дүниені, әлемді тануы деп түсінеміз.
Аксиология (грек тілінен аударғанда ) акcио-құндылық, логос-ілім – «құндылық» категориясын зерттейтін философия саласы.
Философиялық тұрғыдан алғанда құндылық дегеніміз – жалпы қоғам үшін, адам үшін ең қадірлі, ең қасиетті нәрсе туралы түсінік.
Т.И.Петракова (пед.ғыл.д.профессор МПедМУ) ұсынған құндылықтар жүйесінің жіктемесі оларды үш түрге бөліп қарастыруды көздейді:
Табиғи құндылықтар – бұл адамның табиғи күші мен жан-дүниесінің қабілетілігі құндылықтары: яғни ақыл-ой, сезім, күш-жігер (ақылдың айқындығы, ойдың ұшқырлығы, сезімнің тазалығы, естің сенімділігі, күш-жігердің қайраттылығы).
Жүре пайда болған құндылықтар – бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар (әдептілік, сыпайылық, сыйластық, жанашырлық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, сабырлылық және т.б.)
Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар – ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар.Жалпыадамзаттық құндылықтарға Ақиқат, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау, сүйіспеншілік жатады.
Егер осы құндылықтарды ағашқа теңеп көрсек, ағаштың тамыры – мәңгілік құндылықтар, оны ақиқатқа теңейміз. Ағашқа құятын суды, сүйіспеншілік деп алайық. Егер мәңгілік құндылықтарды, ақиқатты,сүйіспеншілікпен түсінсек, суарсақ, әрқашан әрекетіміз дұрыс болады.Яғни, ағаштың діңі түзу өседі. Әрекетіміз дұрыс болса, ішімізде тыныштық орнайды. Яғни, ағаш бүршік жарады. Ішімізде тыныштық орнаса, біз ешқашан қиянат жасамаймыз, тіпті ойламаймыз да. Яғни ағаш жемісін береді. Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау - бұл мәңгілік бес құндылық адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс.
Дұрыс әрекет құндылығының мәні
Дұрыс әрекет - бұл борыш пен жауапкершілікке, ішкі ар - ұждан дауысына сәйкес мінез - құлық. Жүректен шығып, сосын сөз ретінде бейнеленетін және іс-жүзінде қолданылатын құндылық. Дұрыс әрекет – қайрат пен табандылық, адалдық, шешім қабылдауда батылдық, ынталылық.
Адам дұрыс жолды таңдай білуі қажет:
1. Дұрыс жол — ақиқатты дұрыс түсіну.
2.Дұрыс шешім—ақиқатқа сәйкес өз өмірін өзгертуге бағытталған ерік-жігер.
3. Дұрыс сөз — өтірік айтпау, біреуді босқа жамандамау, балағат сөз айтпау,
4. Дұрыс іс-әрекет— ешқаңдай тіршілік иесіне жамандық жасамау, ұрлық-қарлықтан қашық болу.
5. Дұрыс тұрмыс қалпы — адал еңбек етуді әдетке айналдыру.
6. Дұрыс күш жұмсау — құмарлықпен, жаман оймен күресу
7. Дұрыс ой бағыты— дүниенің жалған, уақытша екенін түсіну.
8.Дұрыс жинақтала білу — өзденеңді сезінуден, ойлаудан, түйсінуден арылу.
Рухани-адамгершілік білім берудегі дұрыс әрекетке үйретудің мақсаты – рухани-адамгершілік құндылықтарға бағытталған, ойы, сөзі мен ісі бірірлікте болатын кемел мінезді парасатты ұрпақ тәрбиелеу.Күнделікті өмірде дұрыс әрекет ету дағдысын және жүзеге асыратын ойларын, сөздерін және іс-амалдарын бекіту. Ақиқат жолымен жүргенде дұрыс әрекет туындайды, оның қағидаты-өзіңе де, өзгеге де, табиғатқа да еш зиян келтірмеу. Ол үшін табиғаттың, моральдың және мемлекеттің заңдылықтарын білу, құрметтеу және орындау қажет.
Дұрыс әрекетке тән қасиеттер
- Әдет – өзінің шынайы болмысын түсінуге негізделген. Дұрыс әрекет адам өмірінің негізі болуы керек. Тіпті күн сайын, апта сайын бірнеше рет жасалатын шағын істердің өзі әдептен орнығады.
- Қанағат – тілек-қалау адамды әрекет етуге итермелейді және оның өмірдегі амал-әрекетіне себепші болады. Тек тілек-қалауын тыйғанда ғана адам еркіндікке қол жеткізеді.
- Ынтымақтастық – жастары, әлеуметтік және экономикалық жағдайлары әр түрлі адамдармен бірге өмір сүруге үйрену үшін оқушылар мектепте тәртіпке, өзара сыйластыққа, ынтымақтастыққа үйренеді.
- Тәртіп – адам іс-әрекетіндегі жетістігінің негізі. Бұл қасиет баланың бойына сәби кезінен бастап даруы керек.
- Парыз бен ризашылық – әр адамның өз отбасы, өзі өмір сүретін қоғамы мен елі алдындағы парыздары мен міндеттері бар.
- Дұрыс ой – адамның Дұрыс әрекетке бастайтын таза және асқақ ойы болуы керек.
- Дұрыс сөз – тіл-бұл шынайы тәрбиеліктің көрсеткіші. Айқайлап, сауатсыз сөйлеу, ашу мен ызаға толы сөз- адам денсаулығына кері әсер етеді.
Дұрыс әрекет – жүректен шығып,сосын сөз ретінде бейнеленетін және іс жүзінде қолданылатын құндылық.
Ақиқаттан туындағанның бәрі – дұрыс әрекет.
От парызы–жану. Онсыз жайғана көмір. Қант парызы–оның тәттілігі. Тәттілігі болмаса жай ғана сусымалы зат. Егер біз ар ұятымызға сүйсінбесек онда дұрыс әрекет болмайды.
Мұғалімнің дұрыс әрекеті: Біз үшін жүрек тазалығы маңызды. Ең бастысы басқаларды қалай оқытсақ, соған өзіміз лайықты болуымыз керек.
Дұрыс әрекеттің басты қағидаты
Бол ( әуелі өзің ақниет бол)
Істе ( ақниет болып қоймай, оны іс-жүзінде көрсете білу)
Сөйле (дұрыс сөз бен айту)
Болып жатқан нәрсеге қарсыласпау
Бақытты өмірдің сыры: мен болып жатқан нәрсеге қарсы емеспін.
«Мен болып жатқан нәрсеге қарсы емеспін» деген не? Бұл дегеніміз, болып жатқан нәрсеге іштей икемделу, сонымен бірге біте қайнасу.
Бұл енді сенің өміріңе өзгеріс енгізу үшін әрекет ете алмауыңды білдіреді ме? Жоқ, мүлде керсінше. Сенің іс-әрекетіңнің негізі нақ осы сәтпен үндескенде ғана, өмірдің өзі оларды шабытқа толтырады.
Егер сен тыныштықты барлық нәрседен артық көрсең, расында да өзіңді кішкентай «мен» ретінде емес, рух ретінде тани алған болсаң, онда арандатушы адамдарға немесе жағдайларға тап болғанда сен қарсы әрекет етпейсің, әрі өте сақ болып қала бересің.
Солай ма? Шебер жалған және ақиқат, жақсы және жаман хабарға бірдей мойын бұрады. Ол үшін тек бір ғана сәт бар, және сол сәт табиғи.
Таңертең ұйқыдан оянғанда біздің түнде көрген түстеріміз ғайып болады да, біз: «Бұл түс екен ғой. Бұл өңім болмаған екен»-дейміз.
Барлығы бір уақыт бойынша және бір уақытта-нақ осы сәтте өтіп жатқандай болады. Міне, бұл парадокс болып табылады.
Жауабы әрқашан «Солай ма?» болған Шеберді оқиғасы болған жағдайға ішінен қарсыласпау арқылы жүзеге асқан ізгілікті көрсетеді.
Қысқа да нұсқа «Мүмкін» деп жауап берген адамның оқиғасы ешкімге пікір білдірмеу даналығынан көрінеді.
Қарсыласпау, пікір білдірмеу, байланып қалмау шынайы еркіндік пен рухани тазарған өмірдің үш қыры.Қарсыласпау – бәрін бірдей қабылдау емес, іштей икемделу.Өткен шақты босат, қазіргі уақытқа орал.
Дұрыс әрекет ету іс-тәжірибесі
Тәннің үш дұшпаны:
-Сатқындыққа бейімділік
-Сараңдық, заттарға құмарлық
-Тірі жанды жәбірлеуге бейімділік
Сөздің дұшпаны:
-Үрейтаратуданайызықану(рахаттану)
- Жалған сөйлеу
- Өсек айту
Ақылдың үш дұшпаны:
- Басқаның затына құмарлық
- Көре алмаушылық
- Арсыздық
Дұрыс әрекеттің аспектілері:
- Ақиқатқа жүгіну
- Жақсы мінез
- Дұрыс іс-әрекет
- Сезім мүшелерін қадағалау
- Тәртіп
- Байланып қалмау
- Қиянат жасамау
- Риясыз қызмет ету
ІІІ. Қорытынды
Барлық жалпыадамзаттық құндылықтар – бір адамдықтың қыры. Дұрыс әрекет – физикалық деңгей екенін түсіне отырып, сөзімізді, әрекетімізді, ойымызды, мінезімізді, жүрегімізді қадағалайтын болсақ, парасатты, кемелденген тұлға болатынымызды ұмытпауымыз керек.
Еліміздің егемендігін толық сақтап тұру үшін, оны дамытып, алға жылжуымыз үшін болашағымыз – бала тәрбиесіне баса назар аудару қажеттілігін елбасы Н.Ә.Назарбаев та өзінің халқына жолдаған жолдауында атап кеткен болатын. Ендеше, ұлымыз ұлықты, қызымыз қылықты бойжеткен болу үшін, халқымыздың рухани адамгершілік қасиеттерін дұрыс әрекет арқылы бойларына сіңіре білуіміз қажет.
Оқушыларға, тіпті, барлық адамдарға өзін-өзі жетілдіру үшін, өз іс-әрекетінің қай деңгейде атқарылып жатқанын ұйықтар алдында өз өзіне есеп беру арқылы, ұйқыдан тұрған кезде тек жақсы ой ойлап, сол күніне ізгі бағытта жоспар құруды ұсынар едім. Өз-өзіне есеп берген адам бұрыс әрекет жасайды деп ойламаймын.
Дұрыс әрекет – әрекеттегі Сүйіспеншілік. Ақиқатты сүйіспеншілікпен танып, дұрыс әрекет жасасақ, ішкі тыныштығымыз орнап, қиянат жасамайтынымыз сөзсіз.
ҮІ. Пайдаланған әдебиеттер
Мұғалімге арналған нұсқаулық / Руководство для учителя. / Р.А. Мұкажанова, Г.А. Омарова, Р. Мұратханова. – Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО, 2015. – 144 бет. - / қазақша, орысша
Толығырақ: http://alashainasy.kz/okushy_portfolio/ustazdar-turalyi-kanattyi-sozder-60211/
Толығырыақ: http://bilim-all.kz/figure/160?posts=quotes
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/negeli-mir/1253/

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген