400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Жалпыадамзаттық құндылықтар мектептегі үздіксіз педагогикалық үдерістің негізі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептің біртұтас педагогикалық үдерісінің негізін жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы ашу. Міндеттері:  Оқушыларға жанды білім беріп, оларды риясыз сүюге дағдыландыру  Жалпыадамзаттық құндылықтарды жүректен жүрекке жеткізіп өзара жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту;  Ізгі ұстаз болуға бет бұра отырып, оқушыларға сүйіспеншілік нұрын сыйлай білуге талпындыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімдерге арналған әдістемелік

семинардың жоспары


Мектеп : Т.Шанов атындағы орта мектеп

Семинарды тыңдаушылардың саны: 10

Мерзімі:20.03.2017ж Мұғалім: Тулешова Ақмерей Алибековна

Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың тақырыбы: Жалпыадамзаттық құндылықтар мектептегі үздіксіз педагогикалық үдерістің негізі



Мақсаты: Мектептің біртұтас педагогикалық үдерісінің негізін жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы ашу.

Міндеттері:

  • Оқушыларға жанды білім беріп, оларды риясыз сүюге дағдыландыру

  • Жалпыадамзаттық құндылықтарды жүректен жүрекке жеткізіп өзара жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

  • Ізгі ұстаз болуға бет бұра отырып, оқушыларға сүйіспеншілік нұрын сыйлай білуге талпындыру.



Ресурстары: (материалдары, көздері)


Интерактивті тақта, слайд, гүлдер,бейнематериал

Жоспар (жоспардың әрбір пунктін 3-5 сөйлеммен ашу)

1. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері.

2. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының аксиологиялық негіздері.

3. Мұғалімнің рөлі. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік Бағдарламасының және басқа пәндердің интеграциясы.


Семинар барысы

Тыныштық сәті. Нұрға бөлену


  1. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері.

Адамгершілік-бұл рухани тәрбие. Руханилық-жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші.


Адамзаттың рухани-адамгершілік құлдырауы.Дағдарыс

Барлық дағдарыстың себебі - адамдардың рухани -

адамгершілігінің төмендеуі.

Үш дағдарысты ойлай келе, адамның санасын өзгерту керек.

Сананың құрылымы. Сананы тазарту.

Білім беру, ойлау және түіну үдерісі-олардың бәрі сананың ішінде болады. Санаға бес сезім мүшесі әсер етеді. Ақпарат бес сезім мүшесі арқылы түпкі санаға келіп түседі.

Біздің санамызды қалай тазарту керек?(стакандағы сумен мысал келтіру)

  1. Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар(күн, ағаш арқылы түсіндіру)

Абсолютттік жалпыадамзаттық құндылықтар-ол уақытқа бағынбайтын, белгілі бір адамдардың шеңберіне тәуелді емес, бүкіл адамзат үшін маңызды құндылықтар екені туралы айту.

Адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз КЕМЕЛ АДАМ деп атауға болтыны жөнінде түсінік беріп, мысалдар келтіру.


  1. Мұғалімнің рөлі. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік Бағдарламасының және басқа пәндердің интеграциясы.

Ұстаздың жылы сөзі, аялы алақанын сезіне білген оқушы рухани сезімдерге бай адам болып қалыптасатыны жөнінде түсінік беру. Болашақ ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеу үшін ұстаз ең алдымен өзінен бастауы керектігінің маңызын ашу.

Педагогтың үш стилі.

Мұғалімге арналған екі ереже.

Бейнекөрініс «Сынық құмыра»

Интеграцияланған сабақтың бір үлгісін көрсету.


Талдау



Үй тапсырмаcы: Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қазақ айнасы» кітабын оқу

Сауалнама, пікірін алу

Жиналыстың қорытынды сәті.


Әріптестеріме тілегім «Жүректен жүрекке»


Топпен ән айту

Өмір жолы

Сөзімен әні: Е.Айдар


Құт көріп тәңір

Болумен әмір

Жаралып іште денеміз

Өмірге біздер келеміз

Ақ пенен қара

Бақ пенен нала

Күреске бірден енеміз

Жеңілеміз де жеңеміз


Қайырмасы:

Бұл өмір сынақ

Біреулер жылап

Біреулер шыдап көтерер

Имандық бір тек

Жаманнан бүркеп

Жақсыға "жүр" деп жетелер

Жақсыға "жүр" деп

"Жүр" деп жетелер


Жақсыда болсын

Жаман да болсын

Ұяда нені көреміз

Ұрпаққа соны береміз

Белгісіз бақыт

Байқатпай уақыт

Аялдамаға келеміз

Мұратқа сөйтіп жетеміз

Қайырмасы 2 рет:




Мұғалім: А.Тулешова

Директор: М.Купесов

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
628
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі