400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгереміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп Мерген ОЖББМ КММ Мерзiм Мұғалiм С.О. Кажгалиева

Сынып 3 Оқушылар саны 21

№1 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгереміз

Құндылық ақиқат Қасиеттер шындылдық, адалдық, , кішіпейілділік

Мақсаты: : оқушыларға жалпыадамзаттық құндылықтар туралы айта отырып, ақиқат құндылығының мәнән ашу..

Міндеттері:- оқушыларды шыншылдыққа үйрету;

-оқушылардың бойындағы кішіпейілділік қасиетін дамыту;

-оқушыларды адалдыққа тәрбиелеу

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

. 1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру.

Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Нұрға бөлену» .

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Таза бұлақ» Ыбырай Алтынсарин

  • Үш жолаушы қандай бұлаққа кезікті ?

  • Бұлақ басындағы таста қандай жазу бар?

  • Бірінші жолаушы сөздің мағынасын қалай түсінді?

  • Ал екінші жолаушы қалай түсінді?

Өзің мәтіндегі «көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта» дегенді қалай түсінесің?

Ескерту

3.Дәйексөз.

« Адамның жақсысы – адамға сүйіспеншілікпен қарағандар»

Абай Құнанбаев

  • Сүйіспеншілік дегеніміз не?

  • Қандай адам қайтарымы жоқ жақсылық жасай алады?

Абай Құнанбаев-

175 жасқа толады

Оқиғаларды әңгiмелеу (сұхбат)

«Өтірік және шындық»

Үш бала орманға барады. Орманда саңырауқұлақтар, жидектер, құстар бар. Олар ойнап жүріп, уақыттарын өткізіп алады. Күннің батқанын байқамай қалады. Үйге бара жатып, қорқады: «Үйде таяқ жейтін болдық!» Бір сәтке жолда тоқтап, өтірікті немесе шындықты айту керектігін ойластырады.

  • Біріншісі: Мен, қасқыр маған шабуылдады деп өтірік айтамын, әкем мен үшін қорқып, кешіре салады, - дейді.

  • Екіншісі: Мен атамды кездестірдім деп өтірікті айтамын, анам мен үшін қуанып, кешіре салады, - дейді.

  • Үшіншісі: Мен шындықты айтамын, шындықты айтуға әр кезде оңай, өйткені ол шындық және ойдан құрастырудың ешбір қажеті жоқ, - дейді.

Олардың барлығы үйлеріне тарап кетеді. Бірінші бала әкесіне қасқыр туралыайта бастағанда, орман сақшысы алдарынан шығып, орманда қасқырдың жоқтығын айтады.

Баланың әкесі күн батқанша жүргені үшін және өтірік айтқаны үшін еке есе ашуланады.

Екінші бала өз атасымен кездескені туралы айтып тұрғанда, олардың үйіне қонақ болып атасы келе қалады. Анасы оғанда екі есе ашуланады.

Ал үшінші бала үйіне оралып, өзінің кінәсін мойындайды. Мамасы ашуланып, оны кешіреді.

-Неліктен үш бала қас қарайғанша орманда жүрді?

-Олар қалай өздерін ақтап алғысы келді?

-Қалай ойлайсыңдар, балалардың қайсысы өз ар-ұжданына сәйкес әрекет жасайды?

-Ар-ұждан дауысына сәйкес өмір сүру дегеніміз не?

-Осы балалардың орнында болсаң, сен қандай шешім қабылдар едің?



Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

1 – тапсырма: «Ақиқат» сөзінің әрбір әрпінен басталатын адамгершілік қасиеттерді тауып жазыңдар.

А... (адалдық)

Қ... (қамқор)

И... (инабатты)

Қ... ( қайсар )

А... (ақылды )

Т... ( талапты )

2 – тапсырма: «Әдеп» Ыбырай Алтынсарин мәтінін оқып, Адамның әдепті істерін тізбелеп дәптерге жазу

  • Мұжықтың әкіммен иіліп сәлемдесуі;

  • Әкімнің кішпейілділігі, әдептілігі оданда қатты иіліп сәлемдесуі.

Ақиқат, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет, Ішкі тыныштық, Қиянат жасамау - барлық адам баласын біріктіретін, бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге көмектесетін жалпыадамзаттық құндылық -тар. Жалпыадамзаттық құндылықтар уақытқа тәуелсіз. Жақсы қасиеттерді тек жақсы іс-әрекеттер жасау арқылы ғана дамыта аласың. Адам үнемі өзін жақсылыққа, ізгілікке жетелуі керек.


Топпен ән айту. . Айгөйлек

Сөзі: Нығмет Баймұхамедов Әні: Бақытжан Байқадамов

Көлдей шалқып жас өмір, Асыл сөздің ұстазы–

Тасып жатқан шағында, Ақын болар ұрпақпыз.

Кемерінен шалықтап Өнер, білім, еңбекке

Асып жатқан шағында. Жақын болар ұрпақпыз.

Ойын ойнап, ән салмай, Он саусағы майысқан

Өсер бала болар ма? Шебер болар ұрпақпыз.

Күміс күлкі көрмей ол, Тұла бойы толған бір

Кемеліне толар ма?! Өнер болар ұрпақпыз!

Қайырмасы: Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Айгөлек деп ән шырқа,

Ел бөбегі, кел бөбек!


Үй тапсырмасы. Келесі сабақ: Мұзафар Әлімбаев «Әдептілік әліппесі» жаттап келу.


Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
490
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі