Материалдар / Жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгереміз. 2-сабақ

Жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгереміз. 2-сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет.Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті С.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі ерекше.Себебі өзін-өзі тану баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқы-талдауына тәуелді болмауға, өзін-өзі жетілдіруге, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.Жалпыадамзаттық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани-адамгершілік қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру, жақсылыққа үйрете білу аса маңызды.Осы орайда «Өзін-өзі тану» пәнінің басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың тұлғалық потенциалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік т.б
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2018
1230
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін_____________Пән: Өзін – өзі тану Мектебі: 7 мектеп лицейіКүні: 11.09.2018жыл №: 2Мұғалімі: Сыныбы: 3 а,ә,б,вОқушылардың саны: 22Тақырыбы: Жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгереміз.Құндылығы: АқиқатҚасиеттері: Тек жақсы және қажет заттарды ғана айту, басқалардан жақсылықты іздеу, кішіпейілдік.
Мақсаты: Оқушыларға жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінік бере отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашуМіндеттері:
  • Білімділік: Оқушыларды тек жақсы және қажет заттарды ғана айту үйрету.
  • Дамытушылық: Оқушылар бойындағы кішіпейілдік қасиеттерін дамыту.
  • Тәрбиелік: Оқушыларды басқалардан жақсылықты іздей білуге тәрбиелеу.
  • Ресурстар:(материалдар, дереккөздер)

    Сабақтың барысы:
  • Ұйымдастыру кезеңі.
  • Т – ережесі:
  • Тәртіп.
  • Талап.
  • Тыныштық.
  • Тазалық.
  • Татулық. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.
  • Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену». Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын»Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!
  • Үйге тапсырманы тексеру.
  • 1. №1 – сабақ.оқулықтағы 2 – тапсырманы орындау.2. Келесі сабақ. №2, «Ұш бұлақ» мәтінін оқып келу.Сұрақтар: 1. Үш жолаушы қандай бұлаққа кезікті?2. Бұлақ басындағы таста қандай жазу бар?3. Бірінші жолаушы сөздің мағынасын қалай түсінді? 4. Ал екінші жолаушы қалай түсінді?5. Өзің мәтіндегі «көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта» дегенді қалай түсінесің?


  • Сабақтың дәйексөзі.
  • «Бакытты болғын келсе, ізгі істерге бойыңды үйрет, жаман өдеттен каш» Халық даналығы Сұрақтар:1. Өз бойыңнан кандай жаксы қасиет көр2. Достарьща кандай кеңес берер едің?3. Дәйексөзден не түсіндің?


  • Оқиға айту (Мұғалім сыйы).
  • Әдеп.Бір жұрттың бас әкімі екінші бір байға жолығысып сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы мұжық өтіп бара жатып иіліп, басұрып сәлем берді дейді. Оған қарсы әлгі үлкен әкім төре онан да төменірек басұрып сәлем алды. Қасындағы бай:- Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, осы бір мұжыққа неге сонша басұрасыз? - деп айтты дейді.Сонда әкім:- Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп, әдептілігін көрсеткенде, мен онан әдепсіз болып қалайын ба? - деді дейді.Сұрақтар:
  • Оқымысты неге басын жарлыдан да төменірек иіп сәлемдесті?
  • Оқымыстының әрекеті дұрыс па?
  • Өздерің басқа адамдармен қалай амандасасыңдар?Әңгімелеп беріңдер.
  • Өздерің өмірде әдептілікті қалай көрсетесіңдер?




  • 4. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.Оқушылар үш топқа бөлінеді. Тапсырма: Төмендегі адамгершілік қасиеттерге анықтама беріңдер.Адалдық - ..............Кешірімділік - ...........................Мейірімділік - ...........................Қамқорлық - .............................

    5. Топпен ән айту.«Дос болайық бәріміз»Сөзін жазған:Х.Талғаров Әнін жазған:И.НүсіпбаевӘрқашан дос, біргеміз,Ажырамас іргеміз,Ілгері жүріңдер,Достық жырын біліңдер,Ту ғып ұстап бірліктіЕңбекті сүйіңдер!Қайырмасы: Дос болайық бәріміз,Жарасып тұр әніміз.Тыныштықты сақтаймызАтсын күліп таңымыз!

    6. Үй тапсырмасы.1. №1 – сабақ.оқулықтағы 4 – тапсырманы орындау.2. Келесі сабақ. №3, «Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің салынуы туралы» мәтінін оқып келу.

    7. Сабақтың қорытынды сәті.Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады.Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.







    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
    Осы аптаның ең үздік материалдары
    Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
    Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
    тақырыптармен дайындаймыз
    Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
    Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
    Толығырақ