жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жалпыбілімдік мектепте оқу сапасын жетілдіруде жаңа технологиялардың алатын рөлі
Жалпыбілімдік мектепте оқу сапасын жетілдіруде жаңа технологиялардың алатын рөлі
Алпысбаева К.К.
«№10 ЖОББМ» КММ, Семей қаласы
Біздің аяқ басқан ХХІ ғасырымыз – өркениет дамуының кезеңі, ақпараттық қоғам технологиялық мәдениет дамуының кезеңі. Адамзат дамуының жаңа кезеңінде жаңа білім жүйесі, жаңа оқыту жүйесі және білім беру үлгісі сай келуі тиіс. Сонымен бірге қазіргі жүйесінің негізгі міндеті – адамның ішкі жан дүниесінің, адамгершілік қасиеттерінің, жеке басының дұрыс қалыптасуына бағыттау, соған негіздеу болып табылады. Яғни қазіргі қоғам адамзат алдына, білім беру жүйесіне үлкен мәселелерді қойып отыр. Ондай мәселелердің бірі – жалпыбілімдік мектеп педагогикасының күрделі де маңызды мәселесі – оқушыны оқыту, білім беру, жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын, жаңа үлгілерін пайдалану, жалпы білім беру реформасын жасау қажеттігі туып отыр. Осы мәселелерге Білім беру жүйесін жаңартуға Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында білім беру саласындағы басымдықтарды қадап айтты. Білім беруді жаңарту білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда функционалдық сауаттылықты қалыптастырады.
Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған ұрпаққа тәлім-тәрбие және білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындау ең көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны рас.
Қазақ тілін өркендету, оның мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін асқақтату, қолднылу аясын кеңейту, ұлттық әдебиетімізді дәріптеу бүгінгі күннің басты талабы болып отырғаны ақиқат. Әсіресе, жалпыға бірдей білім беретін мектептің білім беру жүйесінде қазақ тілін оқытудың – әдістемелік мақсаты оқушының ауызша, жазбаша тілін дамыту болып табылады. Орта мектепте оқытылатын пәннің оқушы тілін дамытуға қосар үлесі болғанмен, бұл үлкен міндетті жүзеге асыруда «Қазақ тілі» пәнінің атқаратын қызметі зор.
Тіл байлығы – сөз байлығы. Лингвист ғалым М.Балақаевтың «Ана тілін жақсы білу – әркімнің азаматтық борышы. Егер әрбір сөзді орнымен жұмсай біліп, айтқан ойы мазмұнды, нысанаға дәл тиетіндей ұғымды шығып, тыңдаушысын баурап алардай әсерлі болса, ана тілінің құдіреті сезілер еді. Ал мұндай шеберлік тек тіл мәдениеті жоғары адамдардың ғана қолынан келетін жәйт»,- деген пікірімен келіспеске болмайды.
Жалпыбілімдік орта мектептерде оқытылатын қазақ тілі пәнінде оқушылардың тек білім алып қана қоймай, өз ойын түсінікті де әсерлі жеткізе білуіне үлкен білім берілуі тиіс. Сонымен қатар айтайын деген ойдың екінші адамға түсінікті, әсерлі, дәлелді болуына да мән беріледі. Ондай нәтижеге жету үшін, біріншіден, тілдің қалыптасқан жүйесін, соған негізделген өзіне тән заңдылықтарын, яғни әдеби тілдің мәдениетін сақтауға тура келсе, екіншіден, сөйлеушінің айтайын деген ойының қарым-қатынасының мақсатына сай тілдік құралдарды, амал-тәсілдерді орынды, талғап қолдану мәдениеті болуы, жетілуі керек. Демек, пәннен берілетін теориялық білім қатысымдық әрекетте ойдың түсінікті, әсерлі берілуінің құралына айналуы керек.
Бұдан тіл мәдениеті ғылыми әдеби тілдің мәдениеті мен тілдік тұлғаның сөз қолдану мәдениетін бірлікте қарастыруы тиіс деген тұжырым жасалады. Мысалы, мектепте тіл мәдениетінің негіздері, әсіресе тілдік норма, оның тілдік негіздеері (әр сыныпта) өтіледі. Яғни пән бойынша оқушыда бағдарламаға сай білім мен біліктілік қалыптсуы тиіс. Ал неліктен оқушылардың бәрі бірдей әдеби тілдің нормасына сай сөйлемейді? Демек, білім бәріне бірдей берілгенімен,оны іс жүзіне асыруда бірдей нәтижеге жете бермейтініміз заңды. Бұл жерде жеке тұлғаның психологиялық, танымдық, әлеуметтік тағы басқа қырларына назар аудару қажет, яғни зерттеуді адамға бағыттау, соның ішкі жан дүниесіне үңілу басты бағыт болуы керектігі ғылымда дәлелденуде. Демек, тілді адамның жан дүниесі арқылы зерттеу қажет, өйткені «тіл – белгілі бір қоғамдастықтың мүшесі ретіндегі тілдік тұлғаның психикасында (жан дүниесінде) өмір сүреді» (И.А. Бодуэн де Куртэне). Бұдан қазақ тілі пәнінің басты мақсаты тек тілдік нормалардың (ауызша және жазбасша) сақталынуы ғана емес, оны іс жүзіне асырудағы жеке тұлғаның қатысымдық әрекетінің сипатына, сөзқолданым мәдениетіне де көңіл аударылуы қажет. Бұл ойымызды ғалым Н.Уәлидің «жеке тұлғаның сөз мәдениеті – сөз мәдениеті пәнінің ғылыми концепциясының негізі болуға тиіс» деген ойы бекіте түседі.
Қазіргі кезде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру – қазақ тілі сабақтарында оқушылардың өмірлік дағдыларын дамытудың басты шарты. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру – оқушының танымдық-қатысымдық қабілеттерін дамытуға деген ішкі мүдделігімен әлеуметтік сұранымды үйлестірудің жолы.
Мектепте меңгерілуге тиісті лексиканың көлемі лексикалық білім берумен анықталады. 5-10-сыныптарда бағдарлама мынадай талаптар қойған: «Белгілі бір мәтін мазмұнын айтқызу немесе оған пікір айттыру. Баяндау, сипаттау, пікір айту жолдарымен және түрлі стильде ауызша, жазбаша ойын жеткізе білуге дағдыландыру».
Ол үшін қазіргі еніп жатқан технологиялардың ішінде кейс стади әдісін сабақта қолдану үлкен нәтижеге жеткізеді. Кейс әдісі нақты жағдайлар тұрғысынан академиялық теорияларды көрсетуге мүмкіндік береді. Ол оқушыларды пәнді оқуға, білімді терең меңгеруге, ақпаратты өңдеуге және талдауға, әр түрлі жағдайларды саралауға мүмкіндік береді.
Кейс ұғымы ағылшынның «case» сөзінен алынған яғни жағдай дегенді білдіреді. Немесе оны нақты жағдаятты талдау әдісі деп те атайды. Оның мәні де қарапайым оқытуды ұйымдастыруда бірнеше шешімін табу міндеттерін қояды. Білім алушылар ұсынылған жағдайды талдап, мәселенің маңызын түсіндіріп, шешу жолдарын көрсетеді. Осы талдау барысында білім алушылар өздерінің алған білімдерін ұғымды пайдалана алады. Ал ұстаздың міндеті – осы кейс әдетін қолдану барысында, оқушылардың белсенділігін бақылап, барлығының қатысуын қадағалауы керек. Кейс-тади әдісі бойынша оқушылар мәтінмен танысады. Екінші кезеңде пікір алысу үрдісі басталады. Үшінші кезеңде мәселенің шешімі талданады, әр оқушы өз тұжырымын ұсынады, онда мұғалімнің қатысуы міндетті. Мұғалім соңында дұрыс жауаптарға тоқталып, сабақты қорытады. Төменде сабақ үлгісінің элементтерінен мысал келтірейік. Алдыңғы сабақта сөздің лексикалық мағынасы және оның түрлері тақырыбын өттік делік. Баяндаушы мұны оқушыларға түсіндіреді. Сыныпты бірнеше топқа бөлдік.
1-топқа тапсырма: Сөздің шындық болмысқа қатысына қарай түрлері: Атауыш \тура\, ауыспалы мағына \ауыспалы мағына беру тәсілдері: метафоралық, метонимиялық, синекдохалық\ т.б. Нақты, абстрактылы мағына туралы мәліметтерді слайд арқылы көрсету. Лексикалық талдауға мысал беру.
Қарсы сұрақ қоюшы. Қазақ тілінің лексика туралы қарсы сұрақ қояды.
Жол сілтеуші – бұл тапсырманы басқалардан ерте шығаратын, әдетте жақсы оқитын студент. Ол студент жауап таба алмай жатқанда, дұрыс жолды айтады.
Сарапшы: - әрбір топтың өзінің сарапшысы болады. Сарапшының міндеті микротоптарға қатысып отырған оқушылардың жауаптарын қорытындылау.
Мәселе: Ата-бабалар рухани дүниесінің тілде қаншалықты дәрежеде көрініс тапқанын мысалдармен дәлелдеу арқылы, көрініс қою, шығармашылық жұмыс арқылы беруге болады.
Мәселе: «Туыстық қарым-қатынас» тақырыбында мәтін жазу. Ішінде табу сөздерді қолдану.
Мына сөздерден табу сөздерді теріп жазу.
Тентекжан-ау, мені тастап бара жатқаның ба?- деп Зәйкүл де тұра жөнелді. (Б.Майлин)
Шешей, сонда сен де бар шығарсың деймін, түнде күйеуден ақша алып, Шырайлымды алып барып көрсетпекші болдың ғой.
Кеше Дәуқара бар, біздің үйдегі қайның бар – бәрі бас қосып сөйлесіп отырды.
Еркежанның сүйіп жүрген жігіті бар еді, соны кедейсініп, Биағалар бермеді.
Дәл осы кезде, есіктен шығып жатқан қонақтарға қарсы жүріп, сығылыса кірген Қалила Абайға жақындап кеп: - Телғара, қалқам, сені апаң шақырады, - деді.
Қазіргі кезде жалпыбілімдік мектепте оқу сапасын жетілдіруде белсенді әдістерді пайдалануға ерекше көңіл бөлінуде. Ол әдістерге – іскерлік ойындар, ойбөліс, ойталқы жатқызылып жүр. Бұлар да тәжірибеде кеңінен қолданылуда. Оқушыларды әдеби тілде көркем, шебер сөйлеуге дағдыландыруда іскерлік ойынның рөлі үлкен. Сондықтан да ғалымдар (И.В.Драгомирецкий, Л.Г.Вишнякова, Г.А.Китайгородская, Г.А.Зорин, А.А.Вербицкий, А.А.Филлипова т.б.) еңбектерінде оқыту үдерісінің қызықты да нәтижелі болуы үшін оқушыларды тілге жүйрік, тіл байлығы ұшталған, сқзге ұста етіп оқушыларды даярлауда іскерлік ойындардың үлкен ықпалы болатындығына назар аударылған. Іскерлік ойын арқылы оқушы болашақ өмірге бейімделіп, дұрыс сөйлеу нормаларын меңгеріп, тіл байлығы молайып, ой қорытуы қалыптасады, жақсы сөйлеу мүмкіндігі анықталады. Мұнда лексика ережелері қайталанбайды. Бірақ лексикалық бірліктерді сөйлеуде дұрыс, шебер, орынды қолдануға жаттықтыру үшін іскерлік ойындарды қолдану өте маңызды қызмет атқарды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Н.Назарбаев. Қазақстан халқына жолдауы: «Қазақстан -2050» стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». Алматы: «Егемен Қазақстан», 22 желтоқсан, 2012. 11-12 бб.
Балақаев М. «Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту». – Алматы: Мектеп баспасы, 1989 ж. 211-212 бб.
Уәли Н. «Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері» - Филол.ғыл.докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисс.авторефераты-10.02.02.-А.,2007. 49-50 бб.
Бағдарламалар. Қазақ тілі. 5-7; 8-9- сыныптар үшін. –А.,2004.
Өстеміров К. «Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары». – А., 2007. 242-243 бб.
Құрман Ж.Н. «Қазақ тілін оқытудың әдістемелік негіздері». – А., 2009. 246 б.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген