жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жалқаугүлдің саяхаты
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі
Балаларға жомарт жүрекпен
(Сахналық қойылым)
Орындаған: «Алақай» қуыршақ театры
Тараз қ.
Балаларға жомарт жүрекпен
(Сахналық қойылым)
Мақсаты:
Ертегі мазмұнын түсініп, сүйіспеншілік, жақсылық, жостық ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.
Өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасауға, адамдарға қолдан келгенше көмек беруге, туыстарына, жақындарына, достарына қамқорлық көрсетуге тәрбелеу.
Адамгершілік тұрғысынан жақсы қасиеттерді таңдауға, өз ойы мен ісіне жауапты болуға дағдыландыру.
Міндеттері: - Балалардың өзін-өзі тануда, өзін-өзі дамытуда шығармашылық қажеттілігін дамыту.
- Жалпы азаматтық құндылықтардың негізін түсінуде әлемдік үйлесімділік көрінісін қалыптастыруға әсер ету
-
жақсы істер жасай білу іскерліктерін
дамыту;
-
өзара қамқорлыққа, сүйіспеншілікке,
татулыққа тәрбиелеу.
өмірдегі
жағдаяттарда адамгершілік мінез-құлық
тәжірибесін қалыптастыру;
Музыка әуенімен залға екі жүргізуші кіріп келеді. Аружан түлкінің киімін киіп шығады.
Самал: Армысыздар құрметті көрермендер!
Аружан: Армысыз.....
Самал: Аружан тоқташы....
Аружан: Не болды, Самал?
Самал: Неге сәнденіп алғансың?
Аружан: Енді бүгін балаларға арнап ертегі қойып жатқан жоқпыз ба?
Самал: Иә...
Аружан: Соған сәйкес фантазиямды дамыта отырып, киінгенмін ғой.
Самал: Оооо, қиялың неткен күшті еді. Онда менде солай киініп келейін. Негізі жақсы идея . Ал, оған дейін сіздерге арналған ертегілер туралы өлеңді қабыл алыңыздар.
( Ертегілер елінде әні орындалады)
Самал: Мен келдім, енді көрермендермен жақсылап тұрып амандасып алайықшы.
Аружан: Дұрыс айтасың Самал.
Екі жүргізуші: Армысыздар құрметті көрермендер, кішкентай ғана балалапандар.
Аружан: Самал, адемі болып тұрсын ғой (күледі)
Самал: Рахмет! (бұл да күледі)
(музыка ойналады)
Осы кезде Жалқаугүл кіріп келеді.
Жалқаугүл: Мәссаған, әдемі жер екен!
Самал: Жалқаугүлдің қолынан ұстап, таңқалып тұрып; - Сен кімсін өзі?
Аружан: Иә кімсің?
Жалқаугүл: Ха-ха-ха сендер мені танымадындар ма? Сенде мені танымадын ба? Ал сен ше? (барлығы таңқалып бастарын шайқайды)
Ендеше таныс болындар. Мен деген әлемдегі ең жалқау қыз, атыма затым сай, көрікті де сүйкімді Жалқаугүл боламын. Ал сендер мұнда не істеп жүрсіңдер?
Аружан:
Ал біз мұнда балалармен бірге ертегілер
еліне саяхат жасамақшымыз.
Жалқаугүл:
ОООООООй не деген саяхат. Сендердің
сөздеріңе қарап ақ шаршаааап кеттім.
(қолымен терін сүртеді)
Самал: Жалқаугүл, сен шаршама одан да жүр бізбен бірге ертегілер еліне саяхат жасайық.
Жалқаугүл: Саяхат? Ооооой қойшы оданда үйіме барып жатып ұйықтамаймын ба?
Самал: Не деген жалқау едің Жалқаугүл.
Аружан: Балалар, біз мына Жалқаугүлдің жалқаулығын жеңуіміз керек. Ал менде күштііі идея бар. Жалқаугүлді өзімізбен бірге алып ертегілер еліне саяхатқа апарайық.
Самал: Қалай апарамыз көнбей жатыр ғой...
Аружан: Қазір. Жалқаугүл жүрші бізбен
Жалқаугүл: Жоқ
Аружан: Біздің Жалқаугүл әдемі, өзі сұлу, өзі тәп -тәтті, ай десе аузы бар, күн десе көзі бар ғой, бізбен бірге бара салады, бізге сен секілді әдемііі қыз жетпей жатыр.
Жалқаугүл: Жарайды, барсам барайын, тек бір ғана шартым бар
Самал: Қандай?
Жалқаугүл: Мен балалармен ойнағым келіп тұр.
Аружан: Жарайды
Самал: Ендеше кеттік!
Аружан: КЕТТІК!
Самал: Ал енді балалар, бәріміз ортаға шығып шаттық шеңберін құрайықшы. Шеңберге тұрайық, достарымызбен, ертегі кейіпкерлерімен, Жалқаугүлмен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді, жүрегімізден шыққан әдемі сөздерімізді сыйлайық!
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Енді жүрегімізден шыққан әдемі сөзді қасымыздағы досымызға айтып көрейікші. (Балалар жүректі бір-біріне ұсыну арқылы жақсы тілектерін жеткізеді)
Аружан: Балалар сендерге шаттық шеңбері өте ұнағанын мен байқап қалдым, енді біздің бүгінгі ертегіміздің кейіпкері «Шалқан» сендерге шар сыйлағысы келеді. Қабыл алайық.
Жүргізуші: Алдарыңызда №19 бөбежай бақшасының бүлдіршіндері мен «Алақай» қуыршақ тератыры мүшелерінің орындауында «ШАЛҚАН» ертегісі.
(музыка ойналады)
Автор: Ерте, ерте, ертеде бір кемпір мен шал өмір сүріпті. Шал есіктің алдына шалқан егіпті. Күндердің бір күнінде Шалқан күннің ыстық сәулесінен нәр алып, үлкен болып өсіпті. Шал шалқанды көріп тапмсанып тұрады.
Ата: Ой, бәрекелді, менің еккен шалқаным үлкен болып өсіпті. Бәріне жететін болды.
Жалқаугүл: Ооой осыны да егіп, несіне қызығып тұр, үлкен шалқанды қалай жұлмақшы,. Бәрібір де жеп қояды ғой.
Автор: Осылай ата еңбегіне қуанып шалқанды тартпақшы болады. Әрі тартады, бері тартады, шалқанды жұла алмай қояды. Сөйтіп көмекке кемпірін шақырады.
Ата: Ойбай, шаршап кеттім, белім де ауырады. Қой көмекке кемпірді шақырайын.
— Кемпірім, кемпірім, көмекке келші, қарашы шалқанымыз үлкен болып өсіпті. Жалғыз өзім тарта алмай қойдым. Кел, екеуміз бірге тартайық!
Кемпір: Ой, шынында үлкен болып өсіпті ғой! Кел, тартсақ тартайық!
Жалқаугүл: Хэх, екеуінің де күштері жетпеді
Автор: Осылайша кемпірі атаның артынан ұстап әрі тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды орнынан қозғалта алмайды. Кемпір қызын көмекке шақырады.
Кемпір: Қызым, қызым, бізге көмекке келші. Атаң еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Қыз: Жарайды апа сізге көмектесемін.
Автор: Сонымен қызы көмекке келіп, шалқанды рет-ретімен тартады. Бірақ күштері жетпейді. Сонымен қыз көмекке итін шақырады.
Қыз: Итім, итім көмекке келші.
Ит: Аф-аф-аф көмектес десеңдер көмектесемін
Автор: Ит қыздың етегінен, қыз кемпірдің етегінен, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап ары тартады, бері тартады, бірақ шалқанды суыра алмайды.
Енді ит көмекке мысықты шақырады.
Ит: Мысық, мысық, бізге көмекке келші, атам еккен шалқанды жұла алмай жатырмыз.
Мысық: Мяу-мяу, көмектесіп жіберейін.
Автор: Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап әрі жұлқылайды, бері жұлқылайды, бірақ шалқан шықпайды. Енді мысық көмекке тышқанды шақырады.
Мысық: Тышқан, тышқан, маған көмектесіп жіберші.
Тышқан: Әрине көмектесіп жіберемін.
Автор: Сөйтіп бірінен кейін бірі тұрып тартса да шалқан шықпай қойды.
Балалар мына шалқанды қанша тартса да шықпай жатыр. Бізге тағы да біреудің көмегі керек секілді.
Аружан Жалқаугүлге қарап тұрып мүмкін сен шығарсын сенің күшін көп шығар
Жалқаугүл қарсы болады.
Жалқаугүл: Егерде мені көмектессін десендер маған балалардың қолдауы керек. Ол үшін барлығы маған Жалқаугүл деп айқайлап отырсын.....
Барлығы қолдап айғайлайды жалқаугүл шығып көмектеседі, сосын шалқанды тартып алады.
Шал: Қарағым рахмет, енді сен біздің үйге жүр саған тәтті қылып шалқаннан тамақ жасап беремін деп шығып кетеді.
Автор: Осымен біздің ертегі тәмәм.
Самал: Керемет!
Аружан: Өте керемет!
Жалқаугүл: Балалар, Түлкі, Жаңбыр білесіңдер ме мен билегім келіп тұр, билейікші.
Самал, Аружан: Билесек билейік!! (Ертегі кейіпкерлері мен балалар бірге билейді)
Самал: Жалқаугүл, сен жарадың. Сені мақтан тұтамыз. Жарайсың Жалқаугүл, сен өз жалқаулығыңды жеңдің. Барлығымыз қуаныштымыз бірақ бір нәрсе жетіспей тұрған секілді.
Аружан: Иә, мен саған қосыламын. Біздің Жалқаугүлге қараңдаршы үстіндегі киіміне қараңдаршы. Киімдері жыртылып қалыпты, бауы байланбай қалыпты.
Самал: Балалар қызық болу үшін Жалқаугүлмен ойын ойнамадық па?
Аружан: Қандай?
Самал: Онда мен түсіндіріп өтейін...
Сайқымазақ: Жоқ-жоқ біз түсіндірейікші, біз түсіндірейікші
Самал: Жарайды, түсіндіріңдер.
Ойын: Бұл ойын Жалқаугүлді безендіру деп аталады. Балалар Жалқаугүлге қараңдаршы киімдерін жамау керекпіз ол үшін біз геометриялық фигураларды пайдаланамыз. Содан соң біздің Жалқаугүл әдемі болып шығады. Маған орталарыңыздан ойын ойнаймын деген балалар келсін.
Сайқымазақ: Ой Жалқаугүл сенің етігіңнің бауын байламапсың ғой
Жалқаугүл: Мен етік байлай алмаймын....
Сайқымазақ: Қанекей балалар, Жалқаугүлге етіктің бауын байлауға көмектесіп жіберейік.
Кім көмектеседі? (көмекке балалар келеді)
Біздің Жалқаугүл өте әдемі болып кетті.
Жалқаугүл: Рахмет балалар, мені шалқан ертегісіндегі апа шақырып жатыр. Мен қазір келем, кетіп қалмаңдар.
Самал: ой, бәрекелді недеген жылдам әрі күшті балалар едіңдер. (балалар орнына отырады)
Аружан: Самал..
Самал. Ау..
Аружан: Тағы бір ойын ойнатсақ қалай болады екен? Қарашы барлық балалар сыйлық алғысы келіп отыр ғой!
Самал: Иәәә. Бірақ сенде ойын бар ма?
Аружан: бұл жолы Меруерт пен Дильноза түсіндіріп өтеді.
Самал: Онда түсіндіріңдерші кәне. Мағанда қызық болып тұр.
Меруерт: Ал балалар тыңдаңдар. Қызықты жапсырма ойыны. Шарты мынадай: балалардың алдына мынадай екі құрастырмалы жапсырмаларды беріледі. Ол жапсырмада не жасалуы керек соны қыздар түсіндіреді. Кім дұрыс орындайды сол жеңімпаз. Жеңген балалар сыйақысыз қалмайды! (сыйлыққа тәттілер беріледі)
Мөлдір мен Сымбат: Біз де ойнатайықшы...
Самал: Тыңдап тұрмыз сендерді.
Сымбат пен Мөлдір: Біздің ойынымыз ерекше. Біз жаңылтпаш айтамыз, сендер қайталайсыңдар. Сонымен қатар жұмбақ жасырамыз. Кім дұрыс табады, соған сыйлығымыз бар.
Мөлдір: Асан бақша жақтан.
Ақ сабақ асқабақ әкелді,
басқа жақтан
Басқарақ асқабақ әкелді.
Сымбат: Ойдан шықты бұл жұмбақ,
Ойшыл ерлер ойлан тап.
Өзгермейді өзінен
Бұл жаһанда бір дарақ.
Ол дарақтың бойында
Дәл он екі бар бұтақ
Бұтақтардың басында,
Үш жүз алпыс жапырақ.
Жапырақты қарасақ
Бір жағы қара, бір жағы ақ
Бұл жұмбақты кім шешсе,
Болсын дейміз жасы ұзақ. (жыл он екі ай, үш жүз алпыс күн, күн мен түн)
Мөлдір: Кішкене қыз орманға
Жалғыз өзі барады
Апасына қартайған
Дәмін салып алады
(қызыл телпек)
Сымбат:Қоғанбай қомағай ма?
Жоқ, ағай
Қоғанбай қомағай емес
Зор ағай.
Жаңылпаш пен жұмбақ жауабын айтқан адамға (шоколад беріледі)
Осы кезде Жалқаугүл келеді
Самал: Жалқаугүл келіп қалдың ба?
Жалқаугүл: Иә
Аружан: Әдемі болып кетіпсің.
Жалқаугүл: Рахмет
Самал: Не істедің апаның үйіне барып
Жалқаугүл: Білесіңдер ме маған апа шалқаннан тәтті етіп сорпа жасап берді!
Самал: Саған қарап менің де жегім келіп кетті ғой.
Осы сәтте Аружан ыңылдап өлең айта бастайды.
Самал: Аружан не болды? Кенеттен шабытың оянып кетті ме?
Аружан: Жоқ Самал, мен Жалқаугүлдің жалқаулығын жеңгіздіргенімізге қуанып тұрмын.
Самал: Аааа, ендеше бір әу деп жібермедік пе?
Жалқаугүл: Самал, мен балаларға бір нәрсе айтсам бола ма? Балалар менің сендерге айтпағым, мен секілді жалқау болмаңдар. Жалқаулық деген ең жаман қасиет екен. Үлкенге көмектессек, бәрін жасап жүрсек жалқау болмаймыз. Мен соны енді түсіндім. Менің жаңағы жасаған қылықтарымды кешіріңдерші!
Аружан: кешіреміз бе?
Балалар: Иәәәәәәәәәә
Самал: Дәл осы көңіл күймен «Жүрек жылуы» өлеңін қабыл алыңыздар!
(өлең біткеннен кейін балалар отырған көрермендерге бір бір гүлден алып барып береді)
Қайтып орындарына келген соң НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ деп барлығы қолдарынан ұстап, бастарын иіп сахнадан шығып кетеді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген