400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жалынды жастық шақ

Материал туралы қысқаша түсінік
жалынды жастық шақ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Бітік орта жалпы білім беретін мектеп- балабақшасы

Тақырып: «Жалынды жастық шақ»

Құндылық: дұрыс әрекет Қасиеттер: жауапкершілік,сенімділік, қайсарлық. Класс: 10


Сабақ мақсаты: дұрыс әрекет құндылығы арқылы оқушыларға жастық шақтың адам өміріндегі шешуші кезең екенін сезіндіру.

Міндеттері:

  • Жастық жігерді білім алуға жұмсаудың маңыздылығын ұғындыру;

  • Өздерінің табиғи икемділіктерін есере отырып мамандық таңдауға бағыттау ;

  • Оқушыларды өз өміріне, ойы мен сөзіне. Ісі мен әрекетіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

  • Оқушылармен сәлемдесу.

  • «Нұрға бөлену» - тыныштық сәті.

Сабақ барысын талдау.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Ж.Аймауытов «Неге арналсаң, соны істе»мәтіні.

оқулық 76-79 бет-р


Сұрақтар:

а) Өз қабілетіңе орай қызмет етудің қоғам мен әр адам үшін маңыздылығы неде?

ә) Адам өзінің неге икемі бар екенін қалай біле алады?

б) Арманына, мақсатына қандай адамдар жетеді?

в) Өз білімі мен еңбегінің арқасында кемелдікке жеткен үлгі тұтар адам бар ма, бар болса олар кім?



3. Дәйексөз.

«Жастық шағың- жарқын жаздың ала алсаң жоқ бермесі» С.Мұқанов

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?



  1. Әңгiмелеу.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жастар алдында сөйлеген сөзі

Қымбатты жастар!

Ықылым замандардан қалған «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген сөз бар. Қазақтың бұл мақалының өзектілігі бүгінгі күні айырықша болып отыр. Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен білім мен ғылымда болатын уақытқа келдік. Сол білімді қажетке жаратып, тұрмыс игілігіне жарата білумен бағаланады. Инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр-қайратпен ерік- жігерді талап ететін білімсіз өмір тұл. Терең білім- тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой-азаттығымыздың алдаспаны. Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін- білім» деген. Біз өрлеуді өмірінің өзегі еткен халықпыз. Мына заманда «Өнердің кілтін тапқан ғана өрге шабады». Сендер, тәуелсіз Қазақстанның келешегі үшін тарихи жауапкершілік арқалайтын азаматсыңдар. Осы жауапкершілікті сезіне біліңдер. Мемлекеттің ең ұлы мұраты- әрбір азаматының тауқымет көрмей, бақуатты тіршілік кешуі. Қазақ «бейнет түбі- зейнет» дейді. «Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» тіршілік жасау бізге жат қылық болуы тиіс.

Біздің қоғамда адал еңбекті терең біліммен ұштастыратын ғана табысқа жете алатынын қаперден шығармаған абзал. Бұл –заман талабы. Сендер Қазақстанның өз ғылымы мен технологиясын, өзіндік ұстанымын жасайтын ғылым иесі болуларың керек. Кез- келген кәсіп иесі өз шаруасын тың тәсілмен, жаңа әдіспен істеуге ұмтылса ғана ешкім жетпеген табысқа жете алады. Өзгелер салған сүрлеуге түсіп, бөтен іздің шаңын жұту Қазақстан жастарының таңдауы емес. Сендер, тәуелсіз қазақ елінің білімді жастары, өз соқпақтарыңды салып, оны елді дамуға бастайтын даңғылға айналдыруға тиіссіңдер! Қазақ мемлекеті жыл өткен сайын тың белестерді бағындырып, жаңа асулардан асуда. Алдағы уақытта Қазақ елінің табысты жолын лайықты жалғастыру сендердің еншілерінде. Ұлы Абай:

Талап,еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой!

Бес асыл іс көнсеніз,-деп бекер айтпаған. Адамзатты терең ойға кемел білім жетелейді. Оқыңдар, Білім алыңдар,Талаптана біліңдер! Тынымсыз еңбектеніңдер! Тұлпар дүлдүлдігімен, адам білгірлігімен озады. Беталысы күнде өзгерген алмағайып дүниеде адамзат үшін ешқашан өзгермеген, өзгермейтін темірқазықтар бар. Ол – білім! Ол –еңбек! Ел болашағының баянды болмағы баста бұлықсыған білім мен қолда ойнаған еңбекке байланысты. Ендеше, білімдерің толыссын еңбектерін жансын.


1.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастарды қандай болуға шақырады?

2.Мәтінде адамға жігер беретін қандай сөздер кездеседі?

3. «Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» дегенді қалай түсінесіңдер?

4.Жастық кезеңнің міндеттеріне білім алудан басқа тағы нелерді қосар едіңдер?

5.Уақытты бағалай білу дегенді қалай түсіндірер едіңдер?


  1. Шығармашылық жұмыс.

    1. Әр оқушыға кептер бейнесі бейнелеген ақ қағаздар таратылып беріледі. Оқушылар өздері таңдаған мамандықтары жайлы қысқаша білетін мәліметтерін жазады.

    2. Жаттығу «Өмір ағашы»

Мақсаты: тұлғалық өсу бағдарламасын жобалау.

Көздеріңді жұмып, өзіңе ұнайтын ағаш бейнесін елестет, бұл- сенің негізің. Енді, сенің негізіңді не құрайды, не азықтандырады. (бұл сенің отбасың болуы мүмкін, салт- дәстүр, қандай да бір қасиеттер болуы мүмкін). Ол жайында ойлан.

Діңгегін елестет- бұл сенің өміріңнің желісі. Мүмкін бұл ұстанымың,тәжірибең, қасиеттерің, мінез бітістері де болуы мүмкін. Бұл жайында да ойлан.

Өзіңнің негізгі ағашыңның бұтақтарын, ұшар басын елестет- бұл сенің тұлғалық өсуіңнің бағыты, мақсаты, бағдары. Ол қаншалықты өскенін және тағы да қалай өсу керектігін ойлан. Ол үшін не істеуге болады?

Жапырағын елестет- бұл сенің эмоцияң, сезімің және эмоциялық күйің. Тұлғалық өсуің үшін олар қандай болу керек. Саған өз эмоцияларың мен сезімдеріңмен жұмыс жасау керек пе екен? Ал енді жемістерін елестет. Сен қандай жеміс өсіргенді қалайсың?

Талқылау рефлексия (Оқушылар алдын ала таратылып берілген жапырақтар мен жемістерді қолдана отырып «Өмір ағашын» жасайды.


  1. Топпен ән айту.

Ән «Өміріңе немқұрайлы қарама»

Сөзі: Серік Сейітман

Әні: Сәкен Дәрібаев


  1. Үй тапсырмасы.

«Дорженовтың ізімен» - оқу, 82-83б.


  1. Қорытынды.


  1. Соңғы тыныштық сәті.

Бүгінгі сабақта түйген ойларымызды жүрегімізде сақтайық.

Сау болыңыздар!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
671
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі