400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жамалқан Парида "Адал еңбек _ өмір тірегі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы




Сынып сағаты


№3

Күні

15.09.2025

Сынып жетекші


Сынып: 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы


Тәрбие сағатының тақырыбы

«Адал еңбек – адамдықтың белгісі»


Тәрбие сағатының мақсаты:

Оқушыларды адал еңбектің маңызын түсінуге, еңбекқорлық пен жауапкершілікке тәрбиелеу. Еңбектің адам өміріндегі құндылық екенін ұғындыру.

Қауіпсіздік сабағының тақырыбы

«Интернетте жеке деректеріңіз және оларды қалай қорғауға болады? »

Қауіпсіздік сабағының мақсаты

оқушыларды «жеке деректер» ұғымымен таныстыру, интернет желісіндегі қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру

Құндылықтарды дарыту

Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

Апта дәйексөзі

Еңбекқорлық-адамның ең жақсы қасиеті



Сабақтың барысы:


Сынып сағатының кезеңі \ уақыт

Сынып жетекшінің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сынып сағатының басы (10 мин)

– «Жасырын мамандық» ойынын бастайды: қорап ішіне әртүрлі еңбек құралдарының кішкентай макеттерін немесе суреттерін салады. Бір оқушы қолымен алып, сипап, қандай мамандыққа тиесілі екенін табуы керек.– «Еңбексүйгіш жүрек» әдісі: жүрекше қағаздарға «еңбекқор адам қандай болады?» деген сұрақ жазылып, оқушылардан жауап жиналады.

– Оқушылар затты сипап мамандықты табады.– Жүрекшелерге өз ойларын жазады және ортада бөліседі.

Қорап, еңбек құралдарының суреттері немесе макеті, жүрек пішінді қағаздар, маркерлер

Сынып сағатының ортасы (20 мин)

– «Еңбек ертегісі» топтық тапсырмасы: әр топқа «Еңбексіз күн», «Адал еңбекпен келген табыс», «Жауапкершіліксіз бала» тақырыптары беріледі. Олар 5 минут ішінде қысқа ертегі құрастырып, сахналайды.– «Еңбек баспалдағы» ойыны: тақтаға еңбекке апаратын баспалдақ суреті ілінеді. Әр басқышқа оқушылар еңбекке қатысты бір жақсы қасиетті жазады (мыс: еңбекқорлық, адалдық, табандылық, ынта).

– Топпен ой құрастырып, шағын сахналық көрініс көрсетеді.– Әр топ кезекпен баспалдаққа шығып, қағазға қасиеттерін жазып іледі.

Ватман, стикерлер, маркерлер, суреттер

Қауіпсіздік сабағы (10 мин)

«Жеке деректер» – бұл белгілі бір адам туралы ақпарат. Бұл бізге көпшіліктің ішіндегі адамды тануға, белгілі бір тұлға ретінде анықтауға мүмкіндік беретін деректер. Жеке деректер бойынша анықтайтын мәліметтер өте көп, оларға мыналар жатады: ‣ тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, туған жері, мекен-жайы, телефон нөмірі, электрондық пошта, фотосуреті, жасы және тағы басқа деректер. Сонымен, егер сіз біреуге тегіңізді, атыңызды, әкеңіздің атын және тұрғылықты мекен-жайыңызды айтсаңыз, онда белгілі бір адам ретінде толық анықтауға болады. Осы деректер жиынтығынан тұрғылықты жерін, тегін немесе мекен-жайын алып тастасақ, онда қай адам туралы екенін түсіну қиындыққа түседі және мүмкіндіктер азаяды. Жеке деректер сіздің тегіңіз немесе атыңыз ғана емес, жеке деректер – сіз туралы толықтай анықтап алуға мүмкіндік беретін мәліметтер. Негізгі бөлім Егер сіз жеке деректерді қорғау ережелерін сақтамасаңыз, келесі салдар туындау мүмкін: ‣ біреу бұл деректерді жарнама арқылы сізге бір нәрсені сату үшін пайдаланады; ‣ сізді ұнатпай интернетте қорлайды, жамандайды, мазақтап беделіңізді түсіреді; ‣ сіздің жеке деректеріңіздің көмегімен алаяқтар, ұрылар сіздің ақшаңызды ұрлап, сізді бопсалап, кейбір қауіпті әрекеттерді жасауы мүмкін. Қорытынды Сабақты қорытындылау. Сабақ тақырыбы бойынша оқушылардың сұрақтарын талқылау.


Постер, маркерлер, жағдаят жазылған карточкалар

Сынып сағатының соңы (5 мин)

– «Адал еңбек иесі» ойыны: әр оқушы көршісіне еңбекқорлыққа қатысты бір жақсы қасиетін айтып береді.– «Дәйексөзді жалғастыр» әдісі: «Еңбек…» деп бастап, әр оқушы сөйлемді жалғастырады.– Қорытынды: апта дәйексөзін бірге хормен айтады.

– Бір-біріне жылы сөздер айтады.– Сөйлемді жалғастырады.– Дәйексөзді хормен қайталайды.

Стикерлер, тақырып жазылған плакат







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
26 ұстаз жүктеп алған
15 қыркүйек
200
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі