жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
жаман әдеттерден сақ болайық
Оспанова Сұлушаш Жадырасынқызы
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы
Байқадам селосы
Қорғантұз орта мектебінің педагог-психологы
Жаман әдеттерден сақ болайық және оның алдын-алу жолдары
Сабақтың мақсаты: Болашақ қоғамның салауаттылығы әр адамның денсаулығына байланысты екенін, денсаулықты сатып алуға болмайтынын, жаман әдеттен бойларын аулақ салуын қалыптастыру Психологиялық жаттығулар арқылы бала бойындағы қорқыныш,күйзеліс, агрессияны,үрейлік т.б сезімдерді төмендету және игере білуге үйрету
Сабақтың жоспары:
-
Жаман әдеттен сақ болайық (мини лекция)
-
Психологиялық ойын-жаттығулар
-
Күйзелісті басатын дене жаттығулары
-
Күйзелісті басатын тыныс жаттығулары
Өмір адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ , мәнді де сәнді өмір сүруінің негізі-оның денсаулығы. Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды , қайталанбас жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі –адамның денсаулығы. Адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер деп отырғанымыз , бұлар: шылымқорлық, ішімдік, нашақорлық және тағы басқа. Енді осы зиянды әдеттер туралы айтсақ. «Денсаулық –зор байлық», «Дені саудың –жаны сау» деп халқымыз бекер айтпаса керек. Өкінішке орай, адамзатпен ХХІ ғасырға аузын арандай ашқан аждаһадай сұм ажалдың төресі «нашақорлық», «ішімдік», «темекі» бірге аяқ басты. Қаншама бейкүнә адамдар осылардың құрығына түсіп, дүние салып, талай ауруларға ұшырады..
Маскүнемдік –алкоголь ішімдіктерін үнемі қолданудан және шектен тыс үйір болудан қанға сіңіп кететін дерт. Маскүнемдік тұқым қуалайды. Арақ барлық ішкі құрылысқа әсер етеді, оларды уландырады. Арақ ішу –адамның өз қолымен өз өмірін 15-20 жылға
қысқарту болып табылады. Балалардың миының дамуының 40-60 пайыз артта қалу себебі – ата-аналарының маскүнемдігі. Арақ адамның қорғаныш күшін төмендетеді. Оны тоқтатпай жұқпалы аурулардан, оның ішінде туберкулез ауруынан құтылу мүмкін емес.
Темекі құрамындағы ең қауіпті зат - никотин. Ол адам ағзасында жүрек ауруы мен қатерлі ісіктің өршуіне ықпал етіп қана қоймай, ең қауіптісі - оның темекі шегуге деген ынтасын арттырады. Никотинге тез үйір болған соң темекіні тастау қиынға соғады.
Темекі шегудің зиянды салдарын біліп, шылым шегуді тастаған адамдар өздерінің темекі шегу салдарынан төмендеген денсаулығын едәуір түзетеді.Кей балалар темекі тартуды есею деп санайды. Бірақ, олар өз денсаулығына өздері қылмыс жасаушылар.Темекіні тастау үшін баланың қайраты мен қажырлығы керек. Бос уақытын қызықты өткізіп, спортпен шұғылданса, темекіні тастау оп-оңай. Сонда ғана өзіңді-өзің орға итермейсің. Ойлап қарасаң «шегу» деген сөзді 2-ақ сөзбен тіркестіріп айтуға болады: Азап шегу. Шылым шегу. Темекі құрамындағы никотиннің зиянды әсерінен ауыздың дәм сезуі нашарлайды, тіс уақытынан ерте бүліне бастайды. Темекінің салдарынан сілекей бездері де өзгереді. Бұған қоса ауызда сасық пайда болады. Сондай-ақ тілге, ерінге ,таңдайға жазылмайтын жара шығып , ол кейін ракқа айналуы мүмкін. Қысқасы , темекінің адам өміріне зияны көп. Ендеше, шылым шегу деген-азап шегу .
Есірткі- бұл адамның көңіл-күйін , сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі.Есірткінің негізгі түрлеріне апиын, кокаин, көкнәр, марихуана, гашиш және тағы басқалар жатады. Барлығы да адам ағзасы мен психикасына әсер етіп , зақымдайды. Мұны «мидың қатерлі рагы» дейді.
Қазіргі медицина ғылымының зерттеуі бойынша СПИД ауруымен ауырған адамнан екінші біреуге қан және жыныс жолдары арқылы беріледі.Сонымен қатар, бұл қауіпті аурумен сәбилер де, жасөспірімдер де ауруы мүмкін. Бұлардың мұндай науқасқа ұшырауына емханаларда ине салып, қан алғанда немесе дәрі еккенде шала қайнаған инені пайдалану себеп болады. СПИД-пен ауырмау үшін алдын ала шаралар жасалынып, адамдар саналы түрде тәртіп сақтауы қажет.Тазалық сақтау гигиенасын мұқият орындау – әр адамның өзіндік қасиетіне байланысты. Әрбір адам төсек-орнын, тіс жуғышын, сабынын, сүлгісін, ішкі киімдерін, тырнақ, шаш, сақал-мұрт алатын құралдарын жеке, дербес ұстауы керек. Міне, оқушылар әр адамның мәнді де, сәнді , өмір сүруі үшін денсаулықтың әсері ұшан-теңіз екен. Сондықтан да өмірлеріміздегі ең жарқын жастық шақтарымызда дендеріміздің саулығына бүгіннен бастап қамқор болайық.
«Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.
Ойын: «Жағымсыз қасиеттер жәрмеңкесі».
Ойын ережесі: Шеңберде қатысушылар өздеріне жағымсыз деген қасиеттерін атайды. Олардың тізімі тақтаға жазылады. Осылайша жағымсыз қасиеттер тізімі құрылды. (жалқаулық, асығыстық, артық сөйлеу және т.б.). Топтың міндеті осы жағымсыз қасиеттерді қайта қарап, оның тиімді және жағымды жақтарын табу мен оны жағымсыз қабылдау себептерін анықтау болып табылады. Ал жағымды сипаттама жасап, сол қасиетті қорғап алған қатысушы оны өзіне алады
Күйзелісті басатын тыныс жаттығулары:
1.Денені бос ұстап тұрып,екі аяқ иық тұсында,кеудені тік ұстап барынша терең әрі баяу тыныс аламыз.Одан әрі тыныс алуды жылдам әрі тереңдетеміз.Онға дейін тыныстап,соңғы демімізді іште ұстап тұрып жаймен жібереміз.
2.Жарық бөлмеде өзімізге жайлы жерге жұлдыз пішінде,яғни аяқ-қолымызды жан-жаққа созып жатамыз.Көзімізді жұмып,жай ырғақты музыка үнімен бірге демімізді ішке тартып,жаймен музыка ырғағымен сыртқа шығарамыз.Барлық жағымсыз ойларды тоқтатып,тек жағымды музыканың үніне қосылып ыңылдаймыз.
Күйзелісті басатын дене жаттығулары:
Өзіңізге жайлы кең жарық жерде денеңізді төмен қарап иіп еңкейіңіз.Екі қолыңызды ары-бері теңселту арқылы тыныс ала отырып жиырмаға дейін санаңыз
2.Бір орнында тұрып жоғарыға секіріңіз.Өзіңіздің дене салмағыңызды жеңілдетуге тырысып,биікгірек секіруге тырысыңыз
3.»Аударыспақ»жаттығуы.Балалар екі-екіден жұп құрып,теріс қарап тұрып бір-бірінің арқасына тигізіп қолдарын айқастырып ұстап,кезек-кезек бір-бірін көтеріп аударады.Денедегі артық энергияны шығару арқылы іштегі күйзелісті,агрессияны басуға болады.Жаттығу балалар шаршағанға дейін жалғасады.Алдымен қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп кеткен дұрыс.
4.Жеке қалғанда немесе топпен би арқылы дене агрессиясын шығаруға болады.Ол үшін жағымды ырғақты әуенге қойып барынша билеп ырғаққа қосылу керек.Сөзін білгендер дауыстап айғайлап әннің сөзін айтса да болады
«Адамгершілік ағашы»жаттығуы
Шарты:Қатысушыларға қағаздардан жасалған кішкене парақшалар таратылады.Әр оқушы өздерінің қолындағы жүрекке «Жаман қасиеттерден аулақ болуымыз үшін не істеуіміз қажет,қандай қасиеттерді бойымызға дарытуымыз керек?»деген сұраққа жауап жазады.Жылы мейірімді сөздер жазылған жапырақшаларын адамгершілік ағашына іліп,солып қалған ағашты жандандырады
Сұрақ:Қалай ойлайсыңдар,ағашымыз жанданды ма? қайтіп? неліктен?
Қорытынды:


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген