400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

«Жан анашым!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне арналған ертеңгіліктің сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ай-Сана бөбекжай балабақшасы»








Тақырыбы:


«Жан анашым!»


Аққайын тобы









Тәрбиешілер: Бальдяева А

Сманова Г















2017-2018 оқу жылы

Тақырыбы: «Жан анашым!»
Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: 
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар 
Аналардан туған небір даналар. 
Ана деген тіршіліктің тірегі, 
Армысыздар, қасиетті аналар! 

Жүргізуші: Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Жан анашым» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. 
Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар. Қошеметпен балаларды шақырайық. 
(балалар орындықтардың алдына келіп тұрады) 

Барлық балалар хормен: Құттықтаймыз анашым, 8 - ші Наурызбен!
Жүргізуші: 
Той пердесін ашайық, 
Тойға шашу шашайық. 
Аналарды құрметтеп, 
Ән маржанын шашайық. 
Хор: «Ақ мамам» 
Жүргізуші: «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді»- демекші, балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!

1.Іңкәр

2.Жігер

3.Аружан

4.Алишер

5.Талшын





Жүргізуші:
Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін, 
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге 
Қол соғып қарсы алайық «жігіттердің биін» 

Би: Ромашка

6.Думан

7.Зере

8.Нұркелді

9.Сезім

10.Елнар

11.Айару

12.Ернат

Жүргізуші:Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп бекер айтылмаған. Келесі әніміз сіздерге арналады құрметті әжелер.

ӘН: Қыздарымыздың орындауында «Мен қазақтың қызымын »

Жүргізуші:
Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін, 
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге 
Қол соғып қарсы алайық «аналар мен балалар биін» 

Би: Вальс

13.Сад. Кәусар

14.Темірлан

15.Мансура

16.Мухаммед

17.Аягөз

18.Амирхан

19. Сер. Кәусар

20.Аңсар

Хор: «Мамам»

Жүргізуші: 
Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап 
Ауырмашы анашым!
Бәріміздің де анамыз, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, балаларыныздың арнаған сыйлықтарын қабыл алыныздар.

Би: Флеш моб

Ән: Мама первое слово

Жүргізуші: 

Аналар, қалқып бақыт аралында, 
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық 
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Жан анашым! » атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар! 
Қол ұстасып, әуенмен топқа кіреді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 қаңтар
595
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі