Арал көпсалалы колледж
“Ауыл шаруашылығын механикаландыру” мамандығы
Тлеубаев Нұрсұлтан Асхатұлы
Моб +77716144615
Жетекшісі:
Ішкі жан дүние-бұл адамның рухани әлемі,оның ойлары ,сезімдері мен құндылықтары көрініс табатын терең құрылым.Бұл ұғым адамның өзін өзі тануымен өмірдің мәнін түсінуімен және сыртқы ортамен қарым-қатынасымен тығыз байланыста қалыптасады.Әрбір адам үшін ішкі жан дүние ерекше және қайталанбас, өйткені ол тұлғаның өмірден алған тәжірибесі мен көзқарасын көрсетеді.
Өзіңді түсіну,өз сезімдеріңе сену,оларды дұрыс бағытқа бұра білу-рухану үйлесімділіктің кілті деп білемін. Адам үшін ең үлкен бақыттардың бірі – жан дүниеңді шын түсінетін жанның табылуы. Саған не ұнайтынын сезіп, тіпті талғампаздығыңның арасынан да көңіліңе жағатынды таба білсе – бұл жай қамқорлық емес, нәзік сезімнің белгісі.Көңіл-күйіңді сөзбен де, ісімен де көтеріп, мұңыңды көздеріңнен-ақ байқап, оны сейілтудің жолын табатын жан – нағыз жақындықтың көрінісі. Осындай жан,ол-ана! Бәріміздің де анамыз, біздің адал азамат боп өсуімізге, дүние танымымыздың қалыптасуына ықпалдасып, зор үлес қосқан жан.Анам менің жанымды көзімнен ұғады. Қуансам , менен артық төбесі көкке жетеді. Көңілім түссе, жанымды жадыратады. Қиналсам, түзу жолды көрсетеді.Байлығым менің асыл анам...
Қазір мен колледж студентімін. Дегенмен де студент болғасын өмірдің қиындығы да, қызығы да қатар келеді. ... Студент болу – ол өмірдің сыйы деп білемін. Уақытыңның көбі колледж қабырғасында өтеді. Мұндағы талап пен жауапкершілік жоғары. Жалпы біліммен қатар өзің таңдаған мамандығыңды өоса игеру керек. Жаңа орта, жаңа достар. Есейгесін барлық жағдаяттарды анама айта беруге ықғайсыздау. Осындайда бізге колледж психологі көмекші, қамқоршы, бағыттаушы,ұстаз әрі дос болды. Менің жеке ұстанымым – «әр адамға ең болмағанда бір жан дүниесін түсінетін адам қажет». Ондай жан табылған кезде ғана адам шынайы дамып, ашыла алады. Психолог – дәл сондай сенім арқауына айналатын тұлға. Мектеп табылдырығынан колледж баспалдағын басқан студенттердің көбіне психолог өзін табуына ықпал етеді.Мұндайды «Бір кісі мың кісіге олжа салар»- дейді.«Сөз тапқанға қолқа жоқ» демекші, олар әр сөзін жүректен шығарады. Бұл – нағыз психологтың ерекшелігі. Психолог болу – мамандық емес, адам болмысына айналған қабілет деп ойлаймын.
Менің ерекше идеям – әр білім ордасында, ұйымдарда немесе ауылдық елді мекендерде «Жан айнасы» атты тыныштық пен жан үйлесімін табатын кеңістік ашылса. Онда психологпен әңгімелесіп қана қоймай, үнсіз отырып, ішкі уайыммен жұмыс істеуге арналған табиғи әуен, тыныш атмосфера, мотивациялық сөздер орналастырылса. Адам мұнда өз ойымен оңаша қалып, ішкі дауысын тыңдауға мүмкіндік алар еді.Жасөспірім шақ – адамның ең күрделі әрі нәзік кезеңі. Бұл уақытта бала өзін-өзі іздейді, сезімін түсінуге талпынады, кейде жаңа ортаның қыспағына шыдас береді. Осындай өтпелі шақта музыка – олардың жан серігіне, ішкі әлемін емдеуші күшке айнала алады. Музыка көңіл-күйді реттеп қана қоймай, оны шығармашылыққа жетелейді, буллингтен қорғап, өзіне деген сенімін арттырады.
Психолог – жан жарасын сөзбен емдейтін жан. Оның көмегімен адам өзін қайта табады. Кейде бір ауыз жылы сөз, жүректен шыққан көзқарас үлкен өмірлік бетбұрыс әкелуі мүмкін. Сондықтан психолог болу – үлкен жауапкершілік пен адамгершіліктің көрінісі.
«Жан дүниені емдеген – жанның дәрігері» десек, бұл – психолог. Осы мейірімді, сабырлы, білімді жандардың кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, оларға алғыс пен құрметімді білдіремін!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жан дүниемді түсінетін адам
Жан дүниемді түсінетін адам
Арал көпсалалы колледж
“Ауыл шаруашылығын механикаландыру” мамандығы
Тлеубаев Нұрсұлтан Асхатұлы
Моб +77716144615
Жетекшісі:
Ішкі жан дүние-бұл адамның рухани әлемі,оның ойлары ,сезімдері мен құндылықтары көрініс табатын терең құрылым.Бұл ұғым адамның өзін өзі тануымен өмірдің мәнін түсінуімен және сыртқы ортамен қарым-қатынасымен тығыз байланыста қалыптасады.Әрбір адам үшін ішкі жан дүние ерекше және қайталанбас, өйткені ол тұлғаның өмірден алған тәжірибесі мен көзқарасын көрсетеді.
Өзіңді түсіну,өз сезімдеріңе сену,оларды дұрыс бағытқа бұра білу-рухану үйлесімділіктің кілті деп білемін. Адам үшін ең үлкен бақыттардың бірі – жан дүниеңді шын түсінетін жанның табылуы. Саған не ұнайтынын сезіп, тіпті талғампаздығыңның арасынан да көңіліңе жағатынды таба білсе – бұл жай қамқорлық емес, нәзік сезімнің белгісі.Көңіл-күйіңді сөзбен де, ісімен де көтеріп, мұңыңды көздеріңнен-ақ байқап, оны сейілтудің жолын табатын жан – нағыз жақындықтың көрінісі. Осындай жан,ол-ана! Бәріміздің де анамыз, біздің адал азамат боп өсуімізге, дүние танымымыздың қалыптасуына ықпалдасып, зор үлес қосқан жан.Анам менің жанымды көзімнен ұғады. Қуансам , менен артық төбесі көкке жетеді. Көңілім түссе, жанымды жадыратады. Қиналсам, түзу жолды көрсетеді.Байлығым менің асыл анам...
Қазір мен колледж студентімін. Дегенмен де студент болғасын өмірдің қиындығы да, қызығы да қатар келеді. ... Студент болу – ол өмірдің сыйы деп білемін. Уақытыңның көбі колледж қабырғасында өтеді. Мұндағы талап пен жауапкершілік жоғары. Жалпы біліммен қатар өзің таңдаған мамандығыңды өоса игеру керек. Жаңа орта, жаңа достар. Есейгесін барлық жағдаяттарды анама айта беруге ықғайсыздау. Осындайда бізге колледж психологі көмекші, қамқоршы, бағыттаушы,ұстаз әрі дос болды. Менің жеке ұстанымым – «әр адамға ең болмағанда бір жан дүниесін түсінетін адам қажет». Ондай жан табылған кезде ғана адам шынайы дамып, ашыла алады. Психолог – дәл сондай сенім арқауына айналатын тұлға. Мектеп табылдырығынан колледж баспалдағын басқан студенттердің көбіне психолог өзін табуына ықпал етеді.Мұндайды «Бір кісі мың кісіге олжа салар»- дейді.«Сөз тапқанға қолқа жоқ» демекші, олар әр сөзін жүректен шығарады. Бұл – нағыз психологтың ерекшелігі. Психолог болу – мамандық емес, адам болмысына айналған қабілет деп ойлаймын.
Менің ерекше идеям – әр білім ордасында, ұйымдарда немесе ауылдық елді мекендерде «Жан айнасы» атты тыныштық пен жан үйлесімін табатын кеңістік ашылса. Онда психологпен әңгімелесіп қана қоймай, үнсіз отырып, ішкі уайыммен жұмыс істеуге арналған табиғи әуен, тыныш атмосфера, мотивациялық сөздер орналастырылса. Адам мұнда өз ойымен оңаша қалып, ішкі дауысын тыңдауға мүмкіндік алар еді.Жасөспірім шақ – адамның ең күрделі әрі нәзік кезеңі. Бұл уақытта бала өзін-өзі іздейді, сезімін түсінуге талпынады, кейде жаңа ортаның қыспағына шыдас береді. Осындай өтпелі шақта музыка – олардың жан серігіне, ішкі әлемін емдеуші күшке айнала алады. Музыка көңіл-күйді реттеп қана қоймай, оны шығармашылыққа жетелейді, буллингтен қорғап, өзіне деген сенімін арттырады.
Психолог – жан жарасын сөзбен емдейтін жан. Оның көмегімен адам өзін қайта табады. Кейде бір ауыз жылы сөз, жүректен шыққан көзқарас үлкен өмірлік бетбұрыс әкелуі мүмкін. Сондықтан психолог болу – үлкен жауапкершілік пен адамгершіліктің көрінісі.
«Жан дүниені емдеген – жанның дәрігері» десек, бұл – психолог. Осы мейірімді, сабырлы, білімді жандардың кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, оларға алғыс пен құрметімді білдіремін!
шағым қалдыра аласыз













