Жан-жануарлар туралы ертегілер

Тақырып бойынша 22 материал табылды

Жан-жануарлар туралы ертегілер

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ арман пв қазақ тілі 5-сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі



Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 5

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жан-жануарлар туралы ертегілер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

5. 3. 2. 1 жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап хабарландыру құрастырып жазу;

5. 4. 3. 1 омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану

Сабақтың мақсаты:

жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап хабарландыру құрастырып жазады;

омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады

Құндылықтарды дамыту

Адамгершілік, әділдік, адалдық

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту


Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасады, түгендейді. Сыныпта психологиялық жағымды ахуал қалыптастырады.

Үй тапсырмасы пысықтайды )


Кіріспе. ( Тақырыпты болжау мақсатында ребусты шешу) Балалар, ребусты шешкен сайын бір жануардың атауын анықтап отырамыз. Бұл тапсырма біздің жаңа сабақтың тақырыбын болжауға көмектеседі.

Ойлан тап!

Түлкі, бұзау, түйе



Оқушылар

зейіндерін сабаққа аударады;

Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысады.















































(Piliapp.com.) осы сілтемені гуглдан іздеп рулетко ойыны арқылы үй тапсырмасын кім айтатынын анықтау.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.


Оқулықпен жұмыс.

  1. тапсырма. Мәтінді рөлге бөліп оқып, тақырып қойыңдар.Сұрақтарға жауап беріңдер.

Бөлінгенді бөрі жейді” дегенді қалай түсінесіңдер?

ҮЛГІ:

  • Тақырып : Бөлінгенді бөрі жейді!

  • Мағынасы: ауызбіршіліктен

айырылса, жеңіліске ұшырайды.

  1. тапсырма. “Жан жануарлардың жылға таласуы ”ертегісін тыңдап, әсерлеріңмен бөлісіңдер.

ЫҚТИМАЛ ЖАУАП:

Жылға таласқан жануарлар” ертегісінен алған әсерім – әркімнің өзіне лайықты орны мен мүмкіндігі бар екенін түсіндім. Жануарлар арасындағы талас олардың түрлі қасиеттері мен ерекшеліктерін көрсетті. Бірі күшті, бірі жылдам, бірі ақылды, ал басқасы сабырлы. Осылайша, әркім өз жолымен, өз мүмкіндігіне қарай өмірде өз орнын тапқаны дұрыс екенін байқадым. Бұл ертегі адамдарды да өз бойындағы қабілеттерін бағалауға және өзіне сенуге шақырады.

ӘТН.( Омонимдер мен көпмағыналы сөздер)




3-тапсырма. Берілген сөздерден сөйлемдер құрау арқылы олардың омонимдік мағынасын анықтаңдар.

1-қатар : қос, ақ.

2-қатар: қал, шап.

3-қатар: қой, жас.

ҮЛГІ: Қос қарлығаш биыл тағы да үйімізге ұя салды. Ұялы телефоныңды қуаттағышқа қос.

Ақ пейілді, адал жан екені көзінің жанарынан-ақ байқалды.

Жылғалардан су ақты.

4-тапсырма. Бас, бет, құлақ сөздерінің көпмағыналы екенін мысалдармен дәлелде.

ҮЛГІ: Кітаптың беті; адамның беті, судың беті. Адамның құлағы, қазанның құлағы, домбыраның құлағы. Адамның басы, көшенің басы, сөздің басы, таудың басы т.б

5-тапсырма. Тыңдалым негізінде хабарлама мәтінін жазыңдар.

ҮЛГІ:

Хабарландыру

Құрметті көрермендер! Сіздерді «Жылға таласқан жануарлар» атты қызықты спектакльге шақырамыз! Бұл қойылымда орман аңдарының жыл басы болуға таласқан қызықты оқиғасы баяндалады. Әр жануар өз ақылдылығы мен тапқырлығын көрсетіп, жаңа жылға ие болуға ұмтылады. Спектакль кішкентай көрермендерге достықтың, ауызбіршіліктің маңызын ұғындырып, жануарлар әлемінің керемет құпияларымен таныстырады.

Баршаңызды жануарлар әлеміне саяхат жасауға шақырамыз! Балаларыңызбен келіп, ертегідей әсер алыңыз!


Қойылым уақыты: 12 қараша, сағат 18:00

Өтетін орны: Қалалық балалар театры.


Дескриптор:

-мәтінді рөлге бөліп оқиды:

-мәтінге тақырып қояды;

-сұрақтарға дұрыс жауап береді.




Дескриптор:

-ертегіні тыңдайды;

-мәнді ой айтады;

-сөйлемдерін нақты, дұрыс құрайды.











Ережемен танысады





















Дескриптор:

-мағыналы сөйлем құрайды;

-омоним сөздердің мағынасын түсінеді;

-грамматикалық қателерді жібермейді.



Дескриптор:

-мағыналы сөйлем құрайды;

-көпмағыналы сөздердің мағынасын түсінеді;

-грамматикалық қателерді жібермейді.




Дескриптор:

-хабарландыруда негізгі ақпарат нақты көрсетелді,

-эмоционалды, тартымды сөздерді қолданады;

-құрылымын сақтайды,

-сөйлемдерді түсінікті, нақты жазады.





Оқулық, жұмыс дәптері, таратпа материалдар, слайд


Сабақты қорытындылау

Кім жылдам? Жасырынған сөздерді тап.

Жасырылған сөздерді табады.

Үйге тапсырма

Ереже, 6-тапсырма







































































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.11.2024
205
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі