400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жан сыры деп жазылған, психология деген пән»

Материал туралы қысқаша түсінік
психология пәні бойынша теориялық білімдерін және практикалық дағдыларын шыңдау, топтарды ұжымдастыру арқылы жағымды атмосфера құруға, шығармашылықтарын, ізденімпаз қабілеттерін қалыптастыру және дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде жыл сайын студенттердің психология пәніне қызығушылығын ояту мақсатында дәстүрлі түрде психологиялық олимпиада оздырылады. Бұл жылы да бұл дәстүр өзінің жалғасын тапты. Педагогика және психология кафедрасының оқытушылары Г.С.Шотова және Б.Б.Конарованың ұйымдастыруымен «Жан сыры деп жазылған, психология деген пән» тақырыбында колледждің 3 курс топтарының қатысуымен психологиялық олимпиада өткізілді. Олимпиаданың мақсаты: студенттердің психология пәні бойынша теориялық білімдерін және практикалық дағдыларын шыңдау, топтарды ұжымдастыру арқылы жағымды атмосфера құруға, шығармашылықтарын, ізденімпаз қабілеттерін қалыптастыру және дамыту. Олимпиада барысында топтарға бөлініп, топтық жұмыстар орындады. Психологиялық олимпиада мынадай кезеңдерден құралды:

1.“Амандасу” тренингі,

2. Топты таныстыру

3. Тест сұрақтарына жауап беру

4. Психологиялық терминдерден ертегі , әңгіме құрастыру

5. Арттерапия (әйнекке сурет салу, тағы да басқа әдістер)

О лимпиада барысында студенттер мамандық бойынша топтарға бөлініп, психология пәні бойынша тест тапсырмаларын орындады. Арттерапия кезеңінде түрлі түсті бояуларды, тұз, күріш, бидай, бұршақ, қарақұмықтарды қолдана отырып, әйнекке және қағазға өз ойларындағы бейнелерді салды. Топтық жұмыс арқылы студенттер, шығармашылық пен тапқырлық қасиеттерін танытып, психологиялық терминдерден шағын ертегі, әңгімелер құрастырды. Олимпиада аяғында «Еркін микрофон» айдарында студенттер шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, бір-біріне жылы тілектерін білдірді.




Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің

педагогика және психология пәнінің

оқытушысы Бекзат Конарова

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
927
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі