Жан тазалығы, ой тазалығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жан тазалығы, ой тазалығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жан тазалығы, ой тазалығы. Адамзат бойында жан және тән тазалығы орын алады. Соның ішінде тән тазалығы ерекше маңызға ие. Оқушыларды тазалыққа, тәртіпке шақыра отырып, оның өмірдегі, денсаулыққа өте маңызды әсер ететінін түсіндіру, үйрету, тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: Жан тазалығы, ой тазалығы

Мақсаты: Адамзат бойында жан және тән тазалығы орын алады. Соның ішінде тән тазалығы ерекше маңызға ие. Оқушыларды тазалыққа, тәртіпке шақыра отырып, оның өмірдегі, денсаулыққа өте маңызды әсер ететінін түсіндіру, үйрету, тәрбиелеу.

Барысы:

Ой қозғау

  • Тазалық дегеніміз не балалар?

  • Ал, жанның тазалығы деген не?

  • Ойдың тазалығы деген не?

Тән – адам жанының мекені, дүниедегі тіршілігін атқаруға мүмкіндік беретін физикалық денесі. Тән саулығы, тазалығы, сұлулығы адамның сыртқы келбетінен көрініс беретін жағымды қасиеттер ғана емес, сонымен қатар адамның ішкі жан дүниесін сипаттайтын белгі, адам жанының саулығы мен тазалығына негіз болатын алғышарт ретінде танылады. Тән жанмен өзара тығыз байланыстағы, өзара ықпалдастықтағы үйлесімді құбылыстар ретінде көрініс береді. Жанды көзбен көріп, қолмен ұстауға келмейтіндіктен де Тән жанның шұғылаланған сәулесі яки көлеңкесі ретінде немесе жанның барлығын айқындайтын қарама-қарсы құбылыс ретінде де үнемі қатар айтылады. Тән құмары, Тән қызығы, Тән рақаты, т.б. тіркестерде Тән сөзі – нәпсі ұғымының баламасы ретінде қолданылады. “Тән – жанның терезесі” деген түсінік ежелден келе жатқан Тәннің жанмен ықпалдастығын, үйлесімін айқындайтын ұғым. Демек, Тән жанның тек тіршілігі үшін ғана қажет емес, оның көркейіп өсуіне, тәрбиеленіп қалыптасуына, дүниетаным көкжиегінің кеңеюіне ықпал ететін таным көзі.

Қоғамның тазалығы әрбір адамның өзінің жеке тазалығына мән беруінен басталады. Тазалық дегенде моншаға кіріп шығуды, ғана түсініп қалмайық. Әр нәрсенің тазалығы бар. Тазалық-адамның рухани, мәдени жетілу деңгейінің, кісілігі мен тәрбиесінің маңызды көрсеткішінің бірі. Ол —адамның денсаулығы, өң түсінің шырайлылығы, өмір жасының ұзақтығы, тұла бойының сәнділігі, өз қадыр-қасиетін бағалауы, айналасына  тартымдылығы, сүйкімділігі деген сөз.

Адамдардың бір-бірімен жақсы қарым-қатынасындағы шынайы адамгершілігін сипаттап «Жаны таза», «Ойы кіршіксіз», «Ниеті таза», «Ақ пейіл» сияқты сөздермен бағалай білген. Тұрған ауылы мен қала көшелерінің тазалығын  мақтанышпен әспеттеп «Таза қалам»  деп, атаған.

  • Балалар, сендер «жаны таза», «ниеті ақ», «ақ пейілді» - деген сөздерді естідіңдер ме?

  • Бұндай сөздерді кімдерге айтады?

Негізгі бөлім.

Алдарыңда тұрған қағазға бір күндік «Күн тәртібін» жасаймыз.

Бір – екі баладан шығып, айтып өтсін.

«Бірінші байлық – денсаулық, денсаулық кепілі-тазалық»,

«Көзің ауырса, қолыңды тый, ішің ауырса, тамағыңды тый» – деп,  денсаулығын басты байлық деп бағалай білген халқымыз тазалыққа, пәктікке мән бере отырып, ұл-қыздарының есімін де Тазабек, Тазагүл, Ақмарал десе, ас қоятын дастарханын да тазалықтың белгісі ретінде «Ақ дастархан»





деп атаған. Ал барлық жақсы амалдың қайнар бұлағы болған Құранда Алла Тағала  тазалықтың жолдарын көрсетіп, күнә атаулыдан таубамен тазарғандарды және дәретпен тәнін тазалағандарын Менің сүйікті құлдарым болады деп дәрежелерін көтерді.

Адамның 7 тазалығы
Адам атаулысына ортақ тазалықтың 7 ережесін ұсынамыз:

1. «Қол тазалығы». Бұл ешкімің ала жібін аттамау, артық затын алмау деген сөз. Мұнымен қатар айналамыздағы жағдайы жоқ адамдарға 1/40 немесе 1/10 үлесімізді беруіміз керектігі жайында айтылады.

2. «Құлақ тазалығы». Өсек, мақтан, өтірік сөзді, қорқақ, ашушаң және жігерсіз адамдарды тыңдаудан бас тартуымыз керек. Алтын уақытты бос сөз өлтіреді.

3. «Көз тазалығы». Көзді көреалмаушылықтан, кектен, қызғаныштан аман сақтау.

4. «Тіл тазалығы». Тілімізді жаман, былапыт, бос сөздерді айтудан сақтандырғанымыз абзал. Үнсіздік алтынмен тең.

5. «Тән мен киім тазалығы». Бұған гигиеналық тазалықтың да қатысы бар. Яғни тән мен киімді әрдайым таза ұстау.

6. «Ой тазалығы». Бұл – ойымызды жамандықтан арылту. Әрдайым позитивті ойлауға шақыру. Өзімізге жанашырлықпен қарауды доғару. Одан біз не ұтамыз? Орнына жарқын болашаққа жақсы бастамалармен аттанғанымыз жөн.

7. «Жан мен жүректің тазалығы». Рухани құндылықтарымызды жоғары қоюмыз керек. Өзгені сүйіп, қайтарымына еш нәрсе сұрамаңыз. Махаббат пен сүйіспеншілік – нағыз бақыт. 

Балалар, экрандағы тапсырмаға назар аударайық (уорд уол ойыны)

Тапсырма (челлендж)

Сынып ішінде оқушылар таза қазақша сөйлеу қажет.

Қорытынды: Балалар, тазалық тек дене бітімге ғана айтылмаған. Тазалық ол жанның, тәннің және ойдың да тазалығы. Әрдайым тазалық деген сөзді естігенде осы ұғымдарды ұмытпаңдар. Тазалық ол ең бірінші бізден басталады.





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.03.2025
306
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі