Жана жыл ертегілер елінде

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жана жыл ертегілер елінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Кош келдин жана жыл
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар! Біз сіздермен бір жыл бойы қызығы мен қуанышы мол , есте қаларлықтай мерекелерге толы ескі жылды шығарып салып, жаңа жылды қарсы алғалы отырмыз.

Қыс түсіп, айнала аппақ қарға оранды. Әркім барын киіп, сәнді киімдері мен әсем безендірілген жасыл шырша жаңында жиналып отырмыз.

Аппақ бүгін қыр далам,

Ақ дастархан жапқандай .

Халық біткен қарбалас,

Қонақ күтіп жатқандай.

Көңілде көп қуаныш,

Әр көңілді жақсылық.

Кетер жылға мың алғыс,

Әкелген көп жақсылық.

Жүргізуші: Балалар қараңдаршы қандай әдемі шырша! Сендерге ұнады ма? Ал, шыршада қанша ойыншықтар тағылған? Ал балалар сендер білесіңдерме, шырша неге әдемі безендірілген? Бүгңн қандай мереке? Жаңа жыл! Олай болса балалар шыршамызға арнап шырша әнін, тақпақтарымызды айтып берейік!

Ән: «Жаңа жыл»

Амирлан:

Жаңа жыл,жаңа жыл.

Жаңа жылда – жаңа жыр.

Жасыл шырша жаңында,

Жадырап бар бала жүр.

Әли:

Тамаша,тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Қайырбек Меруерт:

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне, сұлу шыршамыз.

Көптен күткен сағынған,

Кел,балалар,келіңдер,

Тамашаны көріңдер!

Тәрбиешіге барлығы қосылып:

Қала нұр,дала нұр,

Құтты болсын Жаңа жыл!

Жүргізуші:

Келіңдер жас ұландар,

Ертегімді тыңдандар.

Ертегімде сан қилы,

Қызық-қызық сырлар бар.

Жүргізуші:

Жаңа жылдың кешінде,

Аңдар келіп бір шешімге.

Достаспақшы бір ниетпен,

Жиналыпты келісімге.

Сонымен балалар,

Жаңа жылға арналған.

Ертегімді көріңдер,

Шын бағасын беріңдер.

(мерекелік музыка ойналады)

Шыршаның артынан қоян секіріп шығады да:

Айжан Қоян:

Ау жарандар, қарандар,

Жауып тұр қар себелеп,

Көкке толды ,жерге қонды,

Сансыз аппақ көбелек.

Тым алыстан, марстан,

Келіп Аяз атамыз

Жылды тойлап, билеп-ойнап,

Көп қызыққа батамыз.

Секіріп билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.

Қоян: Амансыз ба, аю паң!

Арыстан аю:

Жаңа жылдың алдында,

Тойды еске алдым да.

Ұйқымды ашып сергідім,

Ұйықтамаймын мен бүгін.

Жылды қарсы алайық,

Би билеп, ән салайық.

Екеуі қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуанақутындап түлкі келеді.

Хадиджа Түлкі:

Қоянжанға бір сәлем!

Аю паңға мың сәлем!

Аю, қоян: Аман ба түлкі, кел мында!

Түлкі:

Достарым, жыл келеді,

Сыйлығын ол береді.

Жұмбақ шешкіш түлкінің,

Өнерін жұрт көреді.

Тауып өз сыңарымды

Тайсалмай, биге түсіп,

Тарқатам, құмарымды.

Аю,Қоян: Рахмет, түлкіжан.

Жүрген жерің күлкілі ән!

Аю, қоян, түлкі бірге билей, жөнеледі. Осы кезде орталарына кірпі келеді.

Томирис Кірпі:

Сәлем, достар, аман ба?

Нұр берді шырша алаңға

Жылға шашу шашайық,

Тойлап, көңіл ашайық.

Қоян келші биге басайық!

Бәрі билеп жатқанда , тиін келелі.

Сабина Тиін:

Тра-ля-ляй! Тра-ля-ляй!

Өнершіл аңдар-ай

Өңкей паңдар тыңдаңдар,

Жаңа жылға әнім бар

Қол ұстасып, биге басып,

Жыл әніне салындар

Бәріңізге бір сәлем

Бәрі қосылып билейді. Енді орталарына қасқырқосылады.

Қасқыр:

Армысыңдар! Бармысыңдар, ағайын!

Кәне құшақ ашайық,

Достығымыз мықты болсын!

«Аңдар » биі биленеді.

Бәрі: Жаңа жылдарыңызбен!

Жүргізуші: Жарайсыңдар , балалар! Балалар біз сендерге жұмбақ жасырайық!

Соны шешесіңдер ме?

Балалар: Иә

Жүргізуші Жұмбақ:

Ақсақалды шал жылына

Бір-ақ рет келіп кетеді.

Қызы мен ұлына,

Сыйлық алып келеді.

(Аяз ата)

Жүргізуші: Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.

Балалар: Аяз ата! Аяз ата! – деп айғайлап шақырады.

Аяз атаның орнына мыстан кемпір ұшып кіреді де, шыршаны бір айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.

Мыстан: Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін-ай! Үйге алып кетсем бе екен? (Осы кезде мыстан төмеңге еңкейіп, шыршаны түбірімен жұлып алғысы келеді)

Тәрбиеші: Мыстан кемпір! (мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды) Біз Жаңа жыл мейрамын тойлап жатырмыз, тимеңіз біздің шыршамызға!

Мыстан кемпір: (сөзге мән бермей. Маңдайдағы терін сүртіп)Түу! Мына шыршаның тамыры терең отырызылғаның-ай, жұлынбайды ғой! Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қалады да): Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан бір керемет дәмнің иісі шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамаққа тойып, ақшасына бір байып қалармын!

Мыстан кемпір кетіп қалады. Сол кезде қалтасынан бір таяқ түсіп қалады.

Жүргізуші:Балалар, Кәне тойды жалғастырайық, Аяз ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар. атамызды шақырайық.

Есіктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді. Аяч ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді, ол кіргісі келмейді.

Ақшақар:Ата жіберіңізші мені! Кірмеймін мында, үйге кетемін.

Аяз ата:Айналайын-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсын ба өзі?

Ақшақар:Жоқ,жоқ! Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, үйге қайтамын.

Аяз ата:Қызым-ау, не айтып тұрсың! Қарашы біз тойға келдік!

Кәне балалар амандасайық.

Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға

Бүлдіршін балаларға бір сәлем!

Қандай жарқын жүздерін,

Қандай әсем жырларың

Асаулармен алысқан

Асау желмен жарысқан.

Аталарың сендерге,

Шаршап келді алыстан!

Балалармен амандасады

Аяз ата:Рахмет,рахмет балаларым! Кәнекей қызым! Қонақтардан , ұят болады, басынды көтер. (Ақшақар басын көтермей тұрады)

Қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.

Шырша шамын жағайық,

Жаңа жыл тойын ашайық.

(Сол кезде Ақшақар жылап тұрып)

Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым! (Осы кезде)

Аяз ата оны жұбатып тұрып: қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын – дейді.

Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.

Жүргізуші: Ақшақар сиқырлы таяғың қандай еді?

Ақшақар: Менің таяғым жылтырайық. Пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?

Жүргізуші: Жаңа мында мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бір затын түсіріп алды, сол емес пе екен? Кәне, аңдар, іздеп көріңдерші, сол затты мүмкін тауып берерсіңдер. (сөйтіп жатқанда тиін сиқырлы таяқты тауып алады)

Аяз ата: Жарайсың, балапаным! (бетінен сүйеді)

Жүргізуші: Кәне, бізде шырша жағуға көмектесейік.

(Аяз ата Ақшақарды қасына шақырып, шыршаны жаққызады)

Жүргізуші: Келесі тамашалайтыңдарыңыз би «Снежинка биі»

Жүргізуші: Балалар тақпақтарың жалғаытрады.

Іңкәр:

Жылдың әнің бастайын,

Аяз ата келіп қалды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.

Әсемгүл:

Жаңа жылды қарсы алдың,

Мініп алып күймеге.

Мен де бүгін ән салдым,

Араластым биге де.

Ислам:

Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысың.

Оранды ақ көрпеге,

Асқартау, қарлы шың.

Аяулым:

Ақ қырауға малынған,

Сақалы да, мұрты да.

Аяз ата сағынған,

Сәлем берді жұртына.

Қайырболат Меруерт:

Безендіріп шыршаны,

Жыл қуантты баршаны.

Той маскарад басталды.

Аяз оны басқарды.

Темірлан:

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

Жүргізуші: Ақшақар балалармен «снежинка» биін билейді, қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:Балалар тақпақтарын жалғастырады

Мирас:

Қалып едік сағынып,

Күтіп алдық жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп.

Жансерік:

Аяз ата ойды қырды,

Аралап жүр түгел шолып.

Қарсы алғалы жаңа жылды,

Ол да көптің бірі болып.

Данил:

Қайда қызық болса думан,

Аяз ата сонда болды.

Күндіз үйде ойнап бізбен,

Балалармен бірге болды.

Төрехан:

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады, қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.


Айғаным :

Шыршамызда келіп қалды ортаға,

Жалтыраған ойыншықтар тізіліп.

Барлық бала, шаттанамыз мәз болып,

Ән саламыз, шыршамызға қызығып.

Жаслан:

Жасыл шырша жайнаған,

Жарқыраған нұрменен.

Қандай ғажап айналам,

Құлпырғандай гүлменен.

Жүргізуші: Келесі кезекте балалардың биі «Пенгвин» биін қабыл алыңыздар

Жүргізуші: Балалар тақпақтарын жалғастырады

Нияз:

Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап.

Әділет:

Тау-тау болып үйілген.

Аппақ қарға қарашы.

Жер мен көктің арасы,

Аппақ қарға жарасып.

Асқақ аспан тұп-тұнық.

Александр:

Ақ жамылды айнала,

Жарқыратып шамдарын,

Шырша келді ортаға.

Жасмин:

Жасыл шырша қош келіпсің,

Сені аңсап жүрдік біз.

Қарсы алуға келдік біз,

Ақ қар жапты даланы.

Назым:

Өңкей аппақ көбелек,

Қонып жатыр жерге кеп!

Сүйсін аз бетіңді,

Шынық,шымыр боласың.

Жүргізуші: Ал балалар сендер ойын ойнағыларын келеді ме? Ойын «Аққала жасау»

Жүргізуші: Қыздардың биін қабыл алыңдар. Би «Өзбек»

Аяз ата: Ой, бәрекелді! Жарайсыңдар, балалар! Аталарыңды бір қуантып тастадыңдар!

Жүргізуші: Аяз ата! Сіз біздің балаларға сыйлықтар әкелдіңіз бе?

Аяз ата: Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар сандықтың кілті қайда? (Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды)

Жүргізуші: Қандай кілтті сұрап тұрсыз? Бағанағы шыршадағы ілініп тұрған кілт пе?

Аяз ата: Иә, сол кілт шығар.

Жүргізуші: Аяз ата ол кілтті мыстан кемпір алып кетті. Ол тіпті шыршамызды ала кеткісі келді.

Аяз ата: Қап, әттеген-ай! Кәне, біз Ақшақар екеуміз іздеп келейік.

(Осы кезде залға мыстан кемпір келеді)

Мыстан: А-а бәләм! Таптым, сандық мында тұр екен ғой! (Оны ашайын деп жатқанда еріксіз бір күш оны итеріп жібереді)

Аяз ата: Мына ұрлықшы мында жүр екен ғой. Кәне кілтті маған бер, балалар сыйлықтарын күтіп қалды.

Мыстан: Ойбац-тағы, не дейді. Сыйлық өзіме де керек.

Аяз ата: Аһ,бәләм! Олай болса өзіңнен көр. Мен сені қатырып тастайын. «Кәне таяғым мына мыстанды қатырып таста!»

(Мыстан тұрған бойында қатып қалады)

Мыстан: Әй, Аяз шал! Керегі жоқ, қалпыма келтір. Ой , не істесем екен.

Аяз ата: Бересің ба сандықтың кілтің?

Мыстан: Жоқ бермеймін.

Аяз ата: А-а, онда осында тұра бер. Мен кеттім.

Мыстан: Жоқ. Аяз ата! Кетпеші, беремін кілтіңді, тек балалар менің тілегімді орындасын, жұмбақтарымды шешсің.

Осы кезде мыстан қалпына келтіреді)

Балаларға жұмбақ жасырады

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады? (Қар)

Терезеге қонады,

Әсем ою ояды. (Қырау)

Тікен,тікен тік пісте,

Қысы жазы бір түсті. (Шырша)

Мыстан: Жарайсыңдар,балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.

Жүргізуші: Балалар сіздерге арнап тағы да ән айтпақшы. Қабыл алыңыздар

Аяз ата: Жарайсыңдар, балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер.

Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал,балаларым, сендер өсе беріңдер, өркеңдей беріңдер. Аспандарын ашық болсын! Қош болыңдар! Қолдарын былғап шығып кетеді

Балалар: Сау болыңыздар!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар,балалар! 2010-шы жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, Отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсің!!!







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі