400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

Жана жыл ,жана жыр !!!

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Жаңа жыл жаңа табыс, жаңа бақыт әкелсін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңа жыл – жаңа жыр!

Балалар залға әуенмен кіріп, шеңбер құрып тұрады.

Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата аналар, қонақтар, біздің бала бақша бүлдіршіндері. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Жаңа жыл жаңа табыс, жаңа бақыт әкелсін.

Ақ көңілім айналды аппақ қарға,

Көңілдене қосыл сен ән мен жырға,

Қыс қызығы басылмай ұласады.

Қуанышы көп болсын Жаңа жылға дей отырып «Балдырған» балабақшасының «Жаңа жыл-жаңа жыр!» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.

Келгені ғой бізге енді жаңа жыл, айтылсыншы жаңа жылда жаңа жыр.

Ән айтылады: «Қыс қызығы»

Жүргізуші:Балалар Жаңа жыл мерекесінде бізге қонаққа кім келуші еді?

Балалар: Аяз ата, Ақшақар келеді қонаққа.

Енді, балалар бәріміз бірге қосылып дауыстап Аяз атамен Ақшақарды шақырайық.

Бәрі қосылып: Аяз ата ауууу, Аяз ата ауууу, Ақшақар ауууу.

Залға әуенмен Аяз атамен Ақшақар кіреді. (Жанында жаңа жыл мен бірнеше орман аңдары бар.)

Аяз ата: Амансың ба ұлдарым,

Аппақ ару қыздарым.

Мен сендерге әкелген,

Құтты болсын жылдарың!

Әркімнен сұрап ала таңнан бері жолға шығып зорға тауып алдым сіздерді. Жолда маған мына аңдар көмектесті. Әйтпесе, адасып кетер едім. Ақшақар екеуіміз жаңа жылды сіздерге ала келдік.



Жүргізуші:

  • Балалар, жаңа жылды қарсы алмай тұрып ескі жылмен қоштасайық.

  • Тауық: Тауық жылы жылдамырақ өтті деп,

Қынжылмаңдар, қиналмаңдар балалар.

Сақта жылым, әрқашан ел саулығын,

Қайта оралып келгенше қош сау болғын!

Жүргізуші: Иә, балалар, ескі жылдың бізге бергені көп болды.

Балдырған тобы: «Моряк» биі.

Ал енді кезекті Жаңа жылға берейік.

Ит: Қаныш пен шаттықты,

Сыйлаймын мол сіздерге.

Бірлік пененбақытты,

Уәде берем үзбеуге.

Ән: «Аяз ата.»

Ақшақар: Менің кішкене балғын достарым. Бізге әзірлеген өнерлерің болса көрсетіп, әсем ән айтып, би билеңдер, тақпақ айтып беріңдер. Аяз атаның дорбасында барлығыңа жететін сыйлық бар.

Жүргізуші: Ал балалар тұрмайық,

Би билейік ойнайық.

Аяз ата қуансын,

Тақпақ айтып зырлайық.

Бүлдіршіндердің тақпақтарын тамашалаңыздар.

Ән: « Жаңа Жыл!»

Би: Шағын орталық тобының бүлдіршіндері Шынарбекова Аяулым мен Қаблбек Айшаның орындауында би. «Жу-жу»

Аяз ата. Ал балаларым енді мені басқа да балабақшалар күтіп отырған болар. Жолға дайындалайын. Жаңа жылда жаңа табысқа жете беріңдер.

Келесі жылға дейін қош аман – сау болыңдар.

(Аяз атамен Ақшақар залдан қоштасып шығып кетеді)

Жүргізуші:

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай, әрбір күннің, әр айын.

Тойларыңыз құтты болсын, балалар!

Тойларыңыз тойға ұлассын, ағайын!

Бүгінгі ертеңгілігімізді жабық деп жариялаймын.

Сөз кезегі Санияр Искаковнаға,ата-анаға беріледі.



(Тақпақтарын орындап биден соң балалар, сыйлықтарын алады)



Орындаған: тәрбиеш Оразалина Д.Н.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
879
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі