15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жана жылдық кеш. (сценарий)
жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата-аналар қымбатты ұстаздар, оқушылар.Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын.Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт-береке әкелсін.
жүргізуші:
Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт
береке боп келгейсің еліме,
Үміт
артып армандарға аяулы.
Шаттығына
бөлегейсің бізді де,
жүргізуші: Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
« Шырша жыры » хор
жүргізуші: Балалар біздің шырша неге көңілсіз білесіңдерме \балалар жоқ деп жауап береді\
Шыршамыздың сыйқырлы шамдары сөніп қалған сол шамды жағуға бізге көмек керек.
Шамды кім жағады?( Аяз ата мен Ақшақар)
жүргізуші: Ендеше ортамызға Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық!
(Балалар Аяз ата мен Ақшақарды шақырады)
Қуаныңдар ағайын тамсаныңдар.
Сүйіншілеп маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар! \осы кезде музыкамен Аяз атамен Ақшақар келеді\
жүргізуші: Сәлеметсізбе Ата ,амансызба Ақшақар біздің бүгінгі кешімізге қош келдіңіздер.
Аяз ата. Қандай әдемі шыршаныз. Бірақ шыршаныз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне сиқырлы сөзбен оның шамдарын жарқыратайық! \амандасады шырша шамдарын жағады \
жүргізуші:Аяз ата Ақшақар алыс жолдан шаршап келген боларсыздар. Біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыздар.
жүргізуші: Ондай болса әдемі тақпақтарымен ортаға балаларды шақырайық.
(балалар кезекпен жаттаған тақпақтарын айтады)
жүргізуші:
Балалар тұр қуанып,
Би
билейік бұралып,
Қыздар тұр
сұранып.
Шаттанайық қуанып. дайындық
«Ә» сыныбының қыздарының биін тамашалайық.
жүргізуші : Кәне балалар !Бүгін бәріміз өз өнерімізді ортаға саламыз деп келіскенбіз!
Олай болса,ортаға « » әнімен шақырайық.
жүргізуші: Мынау қазақ халқының ұлттық биіне айналған « Қара жорға » биімен ортаға бір топ бишілерді шақырайық .Өнерлеріне бір тамсанайық!
жүргізуші:
Жаңа жыл - қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Әдемі тілектерге қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып. балалардың тақпақтарына кезек берсек.
жүргізуші: Аяз ата сізді өнерлі деп айтады, бизге би билеп беріңізші.
Аяз ата: Биле десен билейін, онда үлкен шеңбер жасаң, мен билейтін болсам симаймын.
МУЗЫКА ӘУЕНМЕН АЯЗ АТА билейді.(балалар аяз атамен бірге билейді)
ИТ: Мен бір жыл бойы жұмыс істеп, шаршап жатыр едім, сендердің әндеріңді естіп осы кешке менде келдім. Әне –міне дегенше Жаңа жылда келіп қалар.
( Ортаға жаңа жыл келеді) Жаңа жыл келіп балалармен амандасады.
жүргізуші: Құрметті, ескі жыл және жаңа жыл біздің жаңа жыл кешімізге келгедеріңізңіз жақсы болды! Бізбен бірге болыңыздар.Ескі жыл, жаңа жыл сіздердің құрметтеріңізге балалар
«Жыл басына таласқан хайуанаттар » ертегісін көрсетеді бірге тамашалайық.
жүргізуші:
- Ал енді, бүгінгі сыйлы қонақтарымыз
ата - аналармен бір ойын ойнап
жіберейік!
Ойын
шарты: Түрлі - түсті 3 шар тұрады. 3 ата -
ана шығып өзіне ұнаған шарды жарады.
Ішінде тапсырма жазылған қағаз болады.
Ән:
1. Жаңа жыл 2. Мектеп 3. Арман
Соңында
көрерменнің үлкен қошеметіне ие болған
адам жеңімпаз атанады. Ал ендеше
бастайық!!!!
(ортаға ата-аналар шығып ойын ойнайды)
жүргізуші:
Әндетейік,жырлайық
Ортамызды ашайық.
Ырыс тілеп бұл жылға
Жырдан шашу шашайық!
Ортаға « Ойыншықтар » әнімен Әбдірахман, Тұмар, Ерасылды шақырамыз.
Қандай
тәтті өздері,
Күлімдеген көздері.
Кәне ортаға келіңдер,
Бір би билеп беріңдер, музыкалық көрініс. ___________________________
жүргізуші:Аяз ата біздің балалар Ақшақардың өнерін тамашалағысы келіп тұр, сіз қалай қарайсыз? ( Ақшақардың өнері.)
жүргізуші Аяз ата, көрдіңіз бе, біздің балалар шетінен өнерлі. Сіз келеді деп күтіп отырғандары қаншама? Солардың өнерін тамашаласақ би « Аққала » қошеметпен қарсы алыңыздар.
Жүргізуші:
Қане балалар Аязатамыздың бізге әкелген
сыйлықтары бар екен, ата өздеріңіз
сияқты балаларға баруға асығып отыр
екен.
Ақшақар:
( сыйлықтар үлестіреді)
(аяз
ата ортада отырып балалардың өлең
шумақтарын тыңдап сыйлықтарын
береді)
АязАта:
Жарайсындар балаларым! Мені бүгін бір
қуантып, алыс жерден шаршап келгенде
көңілімді көтердіңдер. Барлықтардың
да ақылды, білімде де өнірлі екенсіндер.Киген
киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе
қызым? Біздің сыйлымызға риза болыңдар.
Ал енді біз жолға шығайық. Басқа
да балалардың өнерін тамашалайық. Ал,
балаларым, сендер өсе беріңдер,. Аспандарын
ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын
бұлғап шығып кетеді)
жүргізуші: Жаңа жыл - әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін! Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын! Бүгінгі кештің көңілді өтуіне атсалысқан ата-аналарға алғыс айтамыз.Келесі жаңа жылда кездескенше аман - сау болайық!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген