400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жанам деген жүрекке от беремін»

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық тәрбие сағаты, сынып жетекшілері мен кураторларға керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өткізілетін күні: 16.03.2019

Өткізілетін уақыты: 12:00

Өткізілетін орны: Зерде орталығы

Тақырыбы: «Жанам деген жүрекке от беремін»

Мақсаты: Студенттерге поэзия құдіреті арқылы «қазақ» деген ұлы халықтың болмыс – бітімінің ұлылығын дәріптеу. Өз ана тілін құрметтей отырып, еліне, жеріне деген ыстық сезімдерін, болашаққа деген жарқын көзқарастарын дамыту. Әлеуметтік және мәдени құндылықтарды дамыту.


1-жүргізуші: – Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар және студенттер!

2-жүргізуші: - Қайырлы күн қадірменді жыр сүйер қауым!

1-жүргізуші: «Жанам деген жүрекке от беремін» атты поэзиялық кешімізге қош келдіңіздер! Бүгін біздің басымызды қосып отырған бір әлем бар, ол – поэзия әлемі. Барлығымыздың жүрегіміздің түкпірінде поэзия әлеміне бастап апарар жол бар. Әрине, оны жарыққа шығарып, басқаларға жеткізе алатындар айналаға терең көзқараспен қарай отырып, өз жүректен шыққан жырларын жеткізе біледі. 

2-жүргізуші: “Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңменен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы бос қақпай елең-селең...”

“Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Үннің тәтті оралған мәні оятар.
Кейі зауық, кейі мұң, дертін қозғап,
Жас балаша көңілді жақсы уатар...”


деп Қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы Абай атамыз айтқандай, поэзия әлемінде өз ойын өрнектеп, мазмұнды да мағыналы өлеңдерімен жүрекке жол таба білген ақындарымыз келіп отыр. Олай болса сол қонақтарымызды таныстыра кетейін: Сәрсенбек Бәкір және Абзалбеков Асылхан. __________________________________________

1-жүргізуші: Асылхан аға, алдымен өзіңіз туралы білгіміз келді. Сосын ақындыққа, жалпы шығармашылық ортаға жетелеп әкелген қандай күш? Бала кезіңізден қағаз-қаламға үйір болып па едіңіз?

Асылхан аға: __________________________________________________________________


2-жүргізуші: Жасыратыны жоқ. Кешке жиналған оқушы-студенттердің ынтасын көріп, қарнымыз ашады. Тыңдағылары келмейді. Телефондарын шұқылайды. Өз беттерімен кітапханаға келіп, кітап оқитындары да жоқтың қасы. Бұл мәселе сізді толғандыра ма?

Асылхан аға: __________________________________________________________________

1-жүргізуші: Ақынның бәріне қойылатын сұрақ бар. Ең бірінші өлеңіңізді кімге арнадыңыз? Әлде бір жағдайдан туған өлең бе еді ол?

Асылхан аға:__________________________________________________________________

2-жүргізуші: Өлең жазу үшін күй талғайсыз ба? Кей ақындар “бірнеше күн ауырамыз” деп айтып жатады. Сізде қалай?

Асылхан аға: __________________________________________________________________

1-жүргізуші: Жастарға қандай арман-тілегіңіз немесе ұсынысыңыз бар?

Асылхан аға: __________________________________________________________________

2-жүргізуші: Асылхан аға енді өз аузыңыздан бір әдемі өлеңіңізді тыңдасақ.

Асылхан аға: __________________________________________________________________

1-жүргізуші: Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы? –
деп Абай атамыз айтқандай, осындай талантты ақындарымыздың қаламдары мұқалмасын. Сізге алғысымыз шексіз Асылхан аға. Өнеріңіз өрге бассын!

2-жүргізуші: Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы. 
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол - ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы –

дегендей, ақындарымыздың өлеңдерінен тыңдаушысын жақсылыққа, адамгершілікке, Отаншылдыққа, халықтар достығына баулитын қымбат қазына, рухани азық екенін, сонымен бірге біздер үшін тәрбиелік мән- мағынасының да зор екендігін ұғынғандай болдық. Жас ақындарға болашақта Ұлы Абайдың өлеңдеріндей мағыналы жыр шумақтарын тудыра беріңіздер дегіміз келеді.



1-жүргізуші: «Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанаты,

Мен жастарға сенемін!».

Мағжан атамыз айтқан бұл сөз қанша заман ауысса да мәні мен маңызын еш жоймақ емес. Әр дәуірде жастарға сенім артып, солардың жолына үлкен үмітпен қараған. Келешекті кемел, болашақты баянды етеді деп жауапкершілік артқан. Аға ұрпақтың жастарға бар қамқорлығын аямай, қажетті білімін жинап, біліктілігін арттыруда жолбасшы болуының сыры да осында жатыр. Бүгінде тәуелсіз Қазақстанды өркениеттің көшінен қалдырмайтын, ұлтты ұшпаққа шығарар жастарға даңғыл жол салынып жатыр. Сондай-ақ биылғы жыл «Жастар жылы» деп аталып отыр. Ендігі кезекті жастарға берейік.

2-жүргізуші: Поэзия   досым   менің   күй  аңсаған,

Өзімді,  өмірімді   қиям   саған,

Шағымда  шабыттанған,  қиялданған,

Шапағың   бар   шаттығын   құяр  маған! 

1 ПВТ – 18 – 1 тобының студенті Биторсықов Бақдаулет ________________________________

1-жүргізуші: Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,-

деп ақынның өзі айтқандай, ақындардың өздері өмірден кетсе де, өлеңдері өшпей жалғасын тауып келеді.  1 ПВТ – 18 – 1 тобының студенті Тұмарбек Нұрай _______________________________________________________________________

2-жүргізуші: Поэзия, сен менің жанымдасың,
Жанымдасың, тулаған қанымдасың.
Ішімдегі бар сырымды жырлағанда,
Өзіңменен өмірім жалындасын. 1 АиУ – 18 – 1 тобының студенті Тұралы Ерзат _______________________________________

1-жүргізуші: Жүрекке жыр, кеудеме толтырып ән,

О, поэзия өзің деп толқыды жан.

Ғашық едім мен саған жан-тәніммен,

Азабыңды қаншама тарта білгем. 1 ПВТ – 18 – 1 тобының студенті Тұрсыналы Аяулым _____________________________________

2-жүргізуші: Отырып үйде оңаша,
Оқимын өлең дауыстап.
Күледі жаным балаша,
Кетеді қарттық алыстап. 1 ПВТ – 18 – 1 тобының студенті Іскендір Ақниет ___________________________________________

1-жүргізуші: Өзіңе  сен!

Күшіңе  сен  бойдағы  ерен,

Сенім  деген  киелі    қойма   дер  ем.

Көл-көңілдің   жатпайды  жайнап   үсті...

Жеңілу  де,  жеңу  де  бұл  өмірде,

Бәрі   қарғам ,  өзіңе   байланысты. 1 ПВТ – 18 – 1 тобының студенті Өмірқұл Меруерт _____________________________________________________________________


2-жүргізуші: Енді мен жалғыз өлеңмін,
Дүниеде жалғыз мен ғана.
Бір күйге жұмбақ бөлендім,
Алдымда аспан, кең дала. 1 ПВТ – 18 – 1 тобының студенті Меиров Жалғас

1-жүргізуші: Қадірлі   көрермен! Біз  бүгінгі  кешімізде   қазақ  деген  ұлы  халықтың    тектілігі   мен  өршіл  рухын жырға  қосқан  ақындарымыздың   өлеңдерін  сіздерге  жеткіздік. Аға  буынның  сенімін  ақтайтындай    парасат - пайымы  биік   азамат  боп  өсейік!

2-жүргізуші: Осымен «Жанам деген жүрекке от беремін» атты кешіміз аяқталды. Сіздерге         жылы   жүрек,  ыстық   қайрат,   нұрлы   ақыл тілейміз. Еліміз  аман,  жұртымыз   тыныш   болсын!








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
730
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі