жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жанартылған бағдарлама негізінде 4-9-10 сыныптарында пәндерді оқытудың ерекшеліктері
Шымкент қаласы
№80 мектеп-лицейі
Баяндама
Тақырыбы:
Жанартылған бағдарлама негізінде
4-9-10 сыныптарында пәндерді оқытудың ерекшеліктері
Дайындаған: ағылшын тілі пәні мұғалімі
Садыкова М.Б
2019ж
«Жаңартылған білім беру бағдарламасының басты ерекшеліктері»
«Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс, оларды оқыту нәтижесі сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру қажет»
Н.Ә. Назарбаев
Мақсаты:
Жаңартылған
бағдарламаға деген танымды ұлғайту
және ерекшеліктермен таныстыру.
ХХІ ғасыр-жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Өскелең елдің айбынды болашағы үшін – ең әуелі сапалы білім қажет. Ол үшін еліміздің білім саясатындағы ғылым-техникалық әлеуетін жұмылдыру, ғылымның басым бағыттарын дамыту жолындағы ресурстарды шоғырландыру, оның жетістіктерін өндіріске енгізу инновациялық дамудың негізгі көзі.
Білім мен ақпарат дамыған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады.
Білім берудің негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі –білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» деп көрсетілген
Елбасымыздың жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда, соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Осы тұрғыда әр пән мұғалімдерінің оқыту әдістерін, жаңа технологияларды таңдап пайдалану және авторлық үлгілерді қолдану мүмкіндігі берілген. Отандық әдіскер ғалымдар жасақтаған «Модульдік оқыту технологиясы» (М.Жанпейісова), «Деңгейлік тапсырмалар» (Ж.Қараев) пән сабақтарына арналған «Сатылай кешенді талдау» (Н.Оразақынова) т.б технологиялары мұғалімдердің қызығушылығын арттырып, оқу үрдістеріне кеңінен ендірілуде. Оқыту әдістерінің кез келген түрін белсенді әрекетке айналдыру-мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне байланысты. Деңгейлеп оқыту технологиялары баланың жеке мүмкіндігіне бағытталған. Л.Выготский, В.Давыдов, Д.Эльконин, тағы басқа ғалымдар осыны түбегейлі зерттеп, оқыту мен даму арасындағы тығыз байланысты анықтаған. Ж.Қараевтың «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» технологиясы оқушылардың жеке қабілеті мен мүмкіндіктеріне, қызығушылығына, психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім деңгейіне жетуіне жетелейді.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы-әлемнің түкпір – түкпірінен жиылған білім берушілердің (Эрик Рустем, Сьюзон Шуман) бірлескен еңбегі; Бағдарламаның негізі Ж.Пиаже, Л. Выготский, теорияларын басшылыққа алған. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой-толғаныс кезеңдерінен түзеледі.
Қазақстан оқушылары PISA-2009 халықаралық зерттеуіне бірінші рет қатысты. PISA-бұл мектеп оқушыларының жаратылыс-математикалық сауаттылығын, қаржылық сауаттылығын және білімдерін практикада қолдана білуін бағалауға арналған халықаралық тест. PISA халықаралық зерттеу мақсаты – жалпы орта, техникалық және кәсіптік, сонымен қатар орта білімнен кейінгі білімді ұйымдастыруда 15-16 жастағы оқушылардың математикалық сауаттылығын және мәнерлеп оқу мен жаратылыстану саласында сауаттылығын бағалау. Оқушылардың жаңа әлемге лайықты бейімделуге қажетті өз бетінше білім алу қабілеттерін бағалау маңызды.
2019-2020 оқу жылының ерекшелігі еліміздің білім беру ұйымдарының 4, 9 және 10-сыныптарында жаңартылған білім мазмұнын енгізу болып табылады.
4-сыныпта оқытудың ерекшелігі білім алушыларды білімді жетілдіре отырып «белсенді оқуға» белсенді тарту болып табылады. Оқыту процесінде білім алушылардың жаңа білімді өз бетінше іздестіруі үшін жағдай жасау маңызды. «Информатика» жаңа оқу бағдарламасы енгізілуде.
9-сыныптардың оқу бағдарламасының ерекшелігі базалық білім беруді аяқтауға бағытталғандығы болып табылады.
9-сыныптардың оқу пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын дамытуға, толыққанды қарым-қатынас жасауға қажетті және тұлғаның дамуына ықпал ететін, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытатын социумдағы өмір үшін маңызды дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Бұдан басқа, оқыту процесінде тоғызыншы сынып оқушыларының оқытылатын оқу материалдарын талдау, жіктеу, жүйелеу, жинақтау және оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді бағалау дағдыларының қалыптасуына назар аудару маңызды.
9-сыныпта дамытушы оқыту әдістерін (іскерлік ойындар, өзін-өзі оқыту және өзара оқыту, пәнге «тез арада» ену әдісі, процестерді модельдеу, басқа пәндік салалармен интеграция, мәтінмен жұмыс жасау, пәндік тілді дамыту және т.б.), жобалық әдістерді (зерттеу топтық және жеке жобалар, танымдық, конструкторлық, әлеуметтік жобалар, қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді жобалар, контент-талдау және т.б.), коммуникативтік әдістерді (практикалық жағдаяттарды талдау, білім алушылардың командалық жұмысы және басқалар) белсенді қолдану ұсынылады.
10-сыныпты оқытудағы басты ерекшелік білім алушыны нақты мамандануға және оның болашақ кәсіби қажеттіліктері мен болашақта таңдауы мүмкін мамандығына сәйкес стандартты және тереңдетілген деңгейлердің оқу пәндерін таңдауға бағыттау болып табылады.
10-сыныптарға арналған үлгілік оқу жоспарына (бұдан әрі - ҮОЖ) сәйкес оқу бағытына қарамастан барлық білім алушыларға ортақ пәндер тізімі анықталды.
Жаңа ҮОЖ-да «бейіндік» деген термин қолданылмайды, себебі қоғамдық-гуманитарлық бағыт (бұдан әрі – ҚГБ) және жаратылыстану- математика бағыты (бұдан әрі – ЖМБ) – бейіндер емес, бағыттар болып табылады.
Стандартты және тереңдетілген деңгейдегі пәндерді таңдау арқылы бейінді білім алушылардың өздері анықтайды,
10-сыныпта Үлгілік оқу жоспарында міндетті пәндер саны қысқарды, білім алушыларға олардың жеке қызығушылықтары мен бейімділіктерінің дамуын қамтамасыз ететін пәндерді таңдауға максималды құқық берілді.
Тереңдетілген деңгейдегі 2 міндетті және стандарттық деңгейдегі 2 міндетті пәнді таңдау енгізілді.
Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы сыныптар үшін оқу пәндерінің орналасуы әртүрлі.
Осылайша, 10-сынып оқушылары болашақ мамандығына назар аудара отырып ҮОЖ-дағы 19 академиялық пәннен 14 оқу пәнін таңдай алады.
10-сыныпта оқушылардың таңдауы бойынша «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау» жаңа пәндері енгізілсе, «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәніне өзгерістер енгізілді.
«Информатика» жаңа оқу бағдарламасы енгізілуде.
Пән мұғалімдері мен «Ағылшын тілі» пәні мұғалімдеріне 10-сыныпта ЖМБ оқу пәндерін ағылшын тілінде оқытуды жоспарлау барысында Орта мерзімді жоспарды (ОМЖ) бірлесіп жоспарлауға болады, бұл олардың оқыту тәжірибесін жақсартуға мүмкіндік береді. ОМЖ-ны бірлесіп құру барысында білім алушылардың да, педагогтердің де тілдік құзыреттіліктерін дамытуға, қосымша ресурстарды іздеуге және қолдануға, сонымен қатар бағалау рәсімін ұйымдастыруға мүмкіндіктер көбейеді. Педагогикалық ұжымдар пәндер бойынша мектеп мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктерінің дәстүрлі формаларынан бас тарта отырып, әр түрлі пәндер, соның ішінде тілдік және тілдік емес пән мұғалімдері бірлестігіне біріге алады. Бұл үш тілде оқыту аясында сабақ өткізуде жаңа формалар, әдістер мен технологияларды енгізуге және оқыту тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Мұғалімдердің кәсіби ынтымақтастық формалары:
әдістемелік секциялар, мұғалімдер қауымдастығы;
бір сынып мұғалімдерінің командалық жұмысы;
параллель сынып мұғалімдерінің ынтымақтастығы;
тіл пәндері мұғалімдерінің ынтымақтастығы;
тіл пәндері мұғалімдерінің және тілдік емес пәндер мұғалімдерінің ынтымақтастығы;
мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінің ынтымақтастығы.
Командалық жұмыс:
бірлескен жоспарлау бойынша жүйелі жұмыс (ортақ тақырыптарды жоспарлауды, ҚМЖ, оқу тапсырмаларын және бағалау критерийлерін әзірлеуді және жұмысты талдауды (оқу жетістіктері, оқу үдерісіндегі білім алушылардың қиындықтары және т. б.);
ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды анықтауды, осы категориядағы білім алушыларға қолдау көрсету стратегиясын белгілеуді;
мұғалімдердің табысты тәжірибелерін таратуды;
өзара сабаққа қатысуды;
бейнежазба жасауды және сабақты талдауды;
оқу материалдарын әзірлеуді;
сыныптан тыс және мектептен тыс іс-шаралар ұйымдастыруды;
ата-аналармен жұмысты ұйымдастыруды;
менторлықты іске асыруды, ЖМБ оқу пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдерді қолдауды көздейді.
Жаңартылған білім беру мазмұнының басты ерекшелігі:
1.Оқу дағдылары (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым);
2. Ойлау дағдылары (білу, түсіну, қолдану, талдау, салыстыру, бағалау);
3.Шығармашылық ойлау дағдысы
4.Логикалық ойлау дағдысы
5. Сыни ойлау дағдысы
6. Алгоритмдік ойлау дағдысы
7.Критикалық ойлау дағдысы
8.Проблемалық ойлау дағдысы
9.Технологиялық ойлау дағдысы
10.Тілдік құзіреттілік дағдысы
11. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
Бағдарлама аясында мұғалім үшін мыналар маңызды болмақ:
Мұғалім шебер сұрақ коюшы болуы қажет, себебі?
1. Ықтимал себептері
Оқудағы олқылықтарды анықтау үшін;
Оқушылардың ойларын бағыттау үшін;
Бағалау үшін;
Келесі сұрақтарға түрткі болу үшін;
Тақырыпты қайта қарау үшін;
Қызығушылықты немесе білуге құмарлықты ояту үшін;
Күрделендіру үшін;
Сұрақ-жауап пен сын тұрғысынан ойлауды модельдеу үшін;
Түсінуге көмектесу үшін;
Бағамдау үшін.
2. Тиімді сұрақтар қандай болады?
Ашық сұрақтар оқу үдерісін бәрінен тиімді жақсартады. Олар сөйлеу мен ойлауды жетілдіреді.
Мысалы, Қандай металдар магниттеледі?
Жабық сұрақтар "иә”/"жоқ” деп қана жауап беруді қажет етеді. Олар пайдалы болуы мүмкін, бірақ сөйлеу мен ойлауды жетілдірмейді.
Мысалы, Мыс магниттеле ме?
3. Тиімді сұрақтар қандай сөйлемде болады?
Жалпылама ашық сұрақтар
• Біз …қалай істей аламыз?
• Сен қалай …?
• Егер …, не болады?
• Маған …туралы айтып бере аласың ба?
• Сен …туралы не ойлайсың?
Жаңартылған бағдарлама бойынша оқу үрдісін жақсартудағы кері байланыстың әсері
Қазіргі оқу мен оқыту үдерісінде неге көңіл бөлу, нені ескеру керектігін айтып, кері байланыстың сабақ үдерісін жақсартудағы рөліне тоқталады. Кері байланыстың ескеру
керек ерекшеліктерін атап өтеді.
Бiлім беру үдерiсіндегі жаңартылған оқу бағдарламасын eндірудiң тиiмділiгі қaзіргі қoғамда бoлып жaтқан елeулі өзгeрістер мeктеп жaйында бiлім бeрудің қызмeтіне жaңаша қaрауды, қoл жeткен тaбыстарға cын көзбeн сaралaй oтырып бaғалауды, oқушылардың iздену қaбілетін дaмытуды тaлaп eтeді. Қaзіргі тaңда oқушылардың көпшілігi, мектeпте aлған бiлімдерін өмiрде қолдана алмайды. Сондықтан, қазіргі қоғамға сай
функционалды сауатты етіп өсіруіміз керек. Функционалдық сауаттылығы дегеніміз - адамдардың əлеуметтiк, мəдени, саяси жəне экономикалық қызметтерге белсене араласуы,
яғни бүгінгі жаһандану дəуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай iлесіп отыруы,
адамның мамандығына, тұлғасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы
басты мақсат жалпы бiлiм беретiн мектептeрде Қазақстан Республикасының зияткерлiк,
физикалық, психологиялық тұрғысынан дамыған азамaтын қалыптастыру, оның əлемде
əлеуметтік бейімделуі болып табылады. Сондай мақсатпен ашылған Назарбаев Зияткерлік мектебін атап кету керекепіз. Қазіргі
қоғамда мұғалім қандай біліммен сусындату керек? Ол білімді оқушы өмірде пайдалана
алатындай қалай беруі керек? – деген сұрақтар қазіргі мұғалімдердің іздену сұрақтары болып отыр. Қазіргі таңда мұғалім бұрынғыдай дайын кітапты, материалды бере алмайды. Себебі,
қазіргі оқушы - мол ақпараттың иегері. Ғаламтор арқылы ол сіздің бергелі отырған ақпаратыңызды немесе материалыңызды əлдеқашан оқып алған немесе ол ақпарат қазіргі таңда
актуальды емес. Мұғалімдердің алдында тұрған ендігі міндет осы біліп отырған ақпараттарын қолдана алуға, жинақтауға, оны бағалай алуға үйретуіміз керек. Осы тұрғыда оқушы
мен мұғалім арасында кері байланыс болуы шарт.
Психологиялық тұрғыдан алып қарасақ, əдейі хабар алу мақсатында тұлғааралық қарым-қатынас процесі. Қарап отырсақ, механиканың өзіне де кері байланыстың керек екенін
көреміз. Тіптен оң кері байланыстың күшейту коэффицентіне тікелей əсер ететінін байқаймыз. Тірі емес организм кері байланысты қажетсініп отырса, адамға ол ауадай қажет.
•Кері байланыстың нақтылығы. Оқушы нақты нені біліп отыр немесе нақты сабақта нені
жетілдіру керек. Мұғалім алдына мақсатты түрде оқушының нақты деректерін, жазба
жұмыстарын саралап, келесі сабаққа жүйелейді. •Кері байланыстың оъективтілігі. Мұғалімнің өзінің жинаған деректерін оъективті түрде
талдай алуы қажет. Əрине, оқушыға мадақтау мен мақтау айтқанда, кері байланыс өз оъективтілігін жоғалтпауы шарт •Кері байланыстың өзектілігі. Оқытушы кері байланысты нені жақсарту үшін беріп отырғандығын түсінуі қажет. Яғни сол сабақта кері байланыс қаншалықты өзекті екенін білу маңызды.
•Кері байланыстың жүйелілігі. Əрине, қандай да бір жүйелілікті сақтауымыз керек. •Кері байланыстың мазмұндылығы. Қандай да бір жоспарға негізделуі керек. Кері байланыстың нəтижесі қандай да бір қорытындыға мұғалімді жетелуі керек. Кері байланыстың
маңыздылығы мен өзектілігін түсінгеннен бастап, сабақтарымда мақсатты түрде оқушыға кері байланыс беріп, оны өзімнің жазбамда рефлексия жасап отырдым. Өз тəжірибемнен
мысал келтіретін болсам, кері байланыс арқылы мен оқушылардың білім сапасын
жақсартқанымды айта аламын. Оны төмендегі І тоқсан мен ІІ тоқсанның білім сапасының
салыстармалы көрсеткішінен байқай аласыздар.
Мен үшін тиімді болған кері байланыстар ұсынбақшымын.
Əрбір сабақ кезінде оқушылардан жазбаша кері байланыс сұрап отырдым. Бұл менің сабақтың жалпы жүйесін, құрылымын жүйелеуге көмегін тигізді. Төмендегідей сұрақтарды қамтып отырдым: Сабақта маған не пайдалы болды? Сабақта маған не қызықты болды?
Сабақта маған не қиын болды? Жазылған мəліметтерді саралап, жүйелеп отырдым.
Оқушының əлсіз бен күшті жақтарын білуде SWOT кестесін толтырып отырды. Əрбір тарау аяқталғанда толтыртқыза отырып, оқушыны неден қалып бара жатқандығы,
нені жақсы меңгергендігін сараптай алуға өте тиімді. Ауызша мақтау, мадақтау да өз нəтижесін берді. Сабақты бірден алып кете алмайтын оқушыға бір сөз жылы лебізіңізді айта
салсаңыз төбесі көкке жетіп, келесі сабағыңызда белсенді қатысып отыратын болады. Мына төмендегі кестені шығарманы немесе үлкен кітапті аяқтағанда толтыруға ұсынамын.
«Адамдар өз жұмысының нəтижесінде үйрене алмайды. Оларға міндетті түрде кері байланыс қажет» деген екен. Сондықтан да мұғалім үнемі оқушыға кері байланыс жасап
отыратын болса, тиімді оқыту мен оқуға қол жеткізбек.
Қoлдaнылғaн əдeбиeттep.
1. Мұғaлiмгeapнaлғaн нұcқayлық. Eкiншi (нeгiзгi) дeңгeй. «Нaзapбaeв Зияткepлiк мeктeбi» ДББҰ. 2015-138 б. 2. Мeктeптeгi тəжipибe кeзeңiндeopындayғaapнaлғaн тaпcыpмaлap. (Үлecтipмeлi мaтepиaлдap) Eкiншi (нeгiзгi) дeңгeй. «Нaзapбaeв Зияткepлiк мeктeбi» ДББҰ. 2015 ж. 3. Құдaйбepгeнoв К.C. (2013). Мeктeптeгiic-əpeкeттi зepттey 4. OpaқoвaA.Ш, Жapтынoвa Ж.A, Қoйлық Н.O, Ким В.Н, Кopниoвa Т.Б. «Интepaктивтioқытy əдiciн қoлдaнып caбaқты жocпapлay жəнe бacқapy»
1. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»,17.01.2014 ж.
2. Н.Ә.Назарбаев “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты” атты Жолдауы, 2012.
3. ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2011.
4. ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2010.
5. ҚР «Білім туралы» Заңы, Астана, 2007.
«Білім технологиялары» № 3, 2014 ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген