Жәндіктер әлемі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жәндіктер әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың табиғат әлеміне қызығушылығын арттыру, жәндіктерді қорғауға, оларға қамқор болуға баулу. Жәндіктердің түрлерімен таныстыру, олардың пайдасы туралы мәлімет беру. Жәндіктердің тіршілігін түсіндіру, оларды сипаттай білуге үйрету, олар туралы жұмбақтар шешуге қызығушылықтарын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаратылыстану: Жәндіктер әлемі

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ МАҚСАТЫ

Балалардың табиғат әлеміне қызығушылығын арттыру, жәндіктерді қорғауға,

оларға қамқор болуға баулу. Жәндіктердің түрлерімен таныстыру, олардың

пайдасы туралы мәлімет беру. Жәндіктердің тіршілігін түсіндіру, оларды

сипаттай білуге үйрету, олар туралы жұмбақтар шешуге қызығушылықтарын

арттыру.

СӨЗДІК ЖҰМЫС

Көбелектің түрленуі, қуыршақ, жұлдызқұрт, жәндіктер, мұртшалар,

жұмыртқалайды, бағдарлайды.

ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

Сұрақ-жауап, әңгіме құрастыру, түсіндіру, көрсету.

ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР

1. Көрнекілік материалдар.

Жәндіктер бейнеленген суреттер, слайдтар, бейнебаян, интербелсенді тақта.

2. Үлестірмелі материалдар.

Ара, көбелек пен құмырсқаның 2, 3, 4 бөлікке бөлінген суреттері.

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ БАРЫСЫ

1. КІРІСПЕ БӨЛІМ

1.1. Педагог:

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Дұрыс айтасыңдар, балалар, жаз мезгілі. Балалар, жазда айнала құлпыра

түседі, құстар ән салады, ағаштар гүлдейді, табиғат оянады, гүлдер өседі.

- Көк шөптің арасында нелер пайда болады?

- Мынау не?

1

Жәндіктер туралы бейнеролик көрсетіледі.

Әуенді тыңдау және бейнелерді көру үшін QR-кодты сканерлеңіз

1.2. Жұмбақ жасыру.

Педагог:

- Балалар, мына жұмбақтың жауабын дұрыс тапсаңдар, бүгінгі әңгімеміз не

жайлы екенін білесіңдер?

Ызыңдап ән салады.

Жұп-жұқа қанаты.

Тәттіге тамсанып,

Қоқысқа қонады. Ол не? (Шыбын.)

Гүлдерге қонады

Шырынын сорады

Түр-түсі сарыала

Бұл не? (Ара.)

Қылдай белі бүгілген,

Өзінен де жүгі үлкен.

Ол не? (Құмырсқа.)

Педагог:

- Бұл жұмбақтар не жайлы, оларды бір сөзбен қалай атайды?

- Жәндіктер.

- Балалар, тағы қандай жәндіктерді білесіңдер?

- Құмырсқа, көбелек, шыбын, ара.

2

- Жәндіктердің аяғы нешеу? 4, 2, 6.

- Олар иіс сезе ме?

- Дәм мен иісті мұртшаларымен сезеді.

- Ұша алатын (секіретін, жорғалайтын) жәндіктерді атаңдар.

- Шегіртке, инелік, қоңыз, маса тағы басқа.

- Ең мазасыз жәндікті кім біледі?

- Шыбын.

- Балалар, ара пайдалы жәндік пе, зиянды жәндік пе? Қалай ойлайсыңдар?

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. «Аралар» ойыны.

Ойынды бастар алдында балалармен пікір алмасу жүргізу.

Педагог:

- Гүлзардағы гүлдерден қандай араларды көрдіңдер?

- Олар қандай дыбыс шығарады? (Ызыңдайды.)

- Аралар гүлдерден бал жинайды.

Аю балды жақсы көреді. Ол омартадағы балды жеуге тырысады. Аралар оны

жолатпайды.

(Балалар араның ызыңдағанын келтіреді. Ыз-ыз-ыз.)

2.2. Педагог:

- Тағы қандай жәндікті еңбекқор деп айтуға болады?

- Құмырсқаны.

Құмырсқаның үйі «илеу» деп аталу себебін түсіндіреді.

- Құмырсқаның біреуі илеуді салады, бірі оған кіріп-шығатын жол салады,

басқасы азық тасиды.

- Қалай ойлайсыңдар, балалар, құмырсқалар жалғыз тұра ма, әлде топтасып

3

тұра ма?

- Құмырсқа қысқа азық жинай ма?

- Құмырсқаның илеуін бақылап, жауынның жауатынын қалай білуге болады?

(Илеуге кіретін тесікті бекітіп тастайды.)

2.3. Көзге арналған жаттығу.

Педагог:

- Балалар, көбелек сендермен ойнағысы келеді. Сендер оның қалай ұшатынын

байқап, көздеріңмен артынан ілесіп отырыңдар. Көбелек жоғары, төмен, оңға,

солға ұшады.

- Көбелек қайда ұшты? Жоғары, төмен, оңға, солға.

Балалар көбелек сияқты ұшады, гүлге қонады, шырынын ішеді, ұшып қайтадан

орындарына отырады.

2.4. «Қиылған суреттер» ойыны.

Ара, көбелек пен құмырсқаның 2, 3, 4 бөлікке қиылып бөлінген суреттері.

Балалар қиындылардан жәндіктердің суретін құрастырады.

2.5. Жәндіктер туралы тақпақтар айту.

Балалар-ау, балалар!

Алаңқайға шығайық

Көктем тілін ұғайық

Құрт-құмырсқа, көбелек,

Ұшып жүрген бөгелек

Инелік-ау, инелік,

Қаша берме именіп,

Түспей-ақ қой торыма,

Қоншы келіп қолыма.

4

Анықтап бір қарайын,

Суретіңді салайын.

3. ҚОРЫТЫНДЫ

Ұйымдастырылған іс-әрекетті қорытындылау, балалардың білімін

пысықтау, бағалау.

Педагог:

- Балалар, бүгін не туралы әңгімелестік? (Жәндіктер туралы.)

- Нені білдік?

- Жәндіктерді қорғау керек.

- Нені игердік?

- Жәндіктерден достықты, еңбекқорлықты үйрендік.

- Тамаша! Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетке өте белсенді

қатыстыңдар! Жарайсыңдар, балалар!

- Ұйымдастырылған іс-әрекет аяқталды. Сау болыңдар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.04.2025
252
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі