жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жанды және жансыз табиғаттың айырмашылығы неде?
Тексерілді: Б.Қожабаева
МАД пәні мұғалімі: Г.Оразбаева29-сабақ
Тақырыбы: Жанды және жансыз табиғаттың айырмашылығы неде? |
||||||
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты |
0.4.3.1. Жанды және жансыз табиғаттың өзара байланысын түсіндіру. |
|||||
Күтілетін нәтиже |
Барлық балалар: Жанды және жансыз табиғат элементтерін атауды; Жансыз және жанды табиғатты салыстыруды; Жанды заттың белгілерін анықтауды (дем алады, қоректенеді, өседі, көбейеді, қозғалады); Жануарлар мен өсімдіктер немен қоректенетіндерін айтып беруді біледі. Көпшілік балалар: Жанды және жансыз табиғаттың айрықша ерекшеліктерін анықтайды. Өсімдіктер мен жануарлардың жанды табиғатқа жататындығын дәлелдейді. Кейбір балалар: • Жанды және жансыз табиғаттың бір-біріне байланыстылық тізбегін жасауды біледі. |
|||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||
I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 мин. |
Ұ) Табиғат аясында болып ұйымдастырылған әрекет болғандықтан, табиғатты суреттеумен, сипаттаумен ҰОҚ-ны бастауға болады. Топсаяхатқа шығу ауа райының қолайлы кезінде ғана ұйымдастырылады. Табиғат аясында жанды және жансыз табиғатпен жанасу тиімдірек әрі түсініктірек болады. |
|
||||
II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 3–5 мин. |
(Ұ) Педагог балаларға табиғат аясында болып жатқан ұйымдастырылған әрекетті және көрнекі заттарды атап, ҰОҚ тақырыбын анықтауды сұрайды: «Жанды және жансыз табиғаттың өзара байланысы». Балалардың жанды және жансыз табиғат жайында білетінін анықтайды. ҰОҚ-да нені білу қажет (мақсатты болжам). Жанды табиғат жансыз табиғаттан несімен ерекшеленеді. Болжамдарды ұсыну.
|
Жанды және жансыз табиғатқа тиесілі заттар (Көрнекі құралдар: тас, құм, өсімдік түрлері, т.б.). |
||||
ҰОҚ-ның ортасы III. ҰОҚ-ның тақырып бойынша жұмыс 6 – 27 мин. |
(Ұ) Педагог балалардан өсімдіктер мен жануарлар нелер болып табылатынын сұрайды (Жанды табиғат компоненттері). Жанды табиғат жансыз табиғаттан несімен ерекшеленетінін еске түсірулерін сұрайды. Балалар естеріне түсіреді және жанды табиғаттың белгілерін атайды: дем алады, қоректенеді, көбейеді, өседі және өледі. Мектептің айналасындағы бірнеше заттарды бақылап, жанды және жансыз табиғаттың айырмашылығын қарап ерекшеліктерін атайды. Оларға жанды табиғат деген не? Жансыз табиғат деген не? Жанды табиғатқа қандай мысал келтіре аласың? Жансыз табиғатқа қандай мысал келтіре аласың? – деген сұрақтар төңірегінде ойланту. |
|
||||
|
Бақылау кезінде қойылатын сұрақтар: жанды және жансыз табиғатқа күннің әсері қандай? Жансыз табиғат жанды табиғатқа айнала алады ма? Жанды табиғат жансыз табиғатқа айнала алады ма? т.б. сұрақтар қойылады. Тәжірибелік жұмыс: Педагог балаларға құмырада өсіп тұрған қазтамақ гүлін көрсетеді. Құмырада гүл өсіп тұр, яғни оны жанды табиғат дейді. Өзінің дұрыс айтпай тұрғанын дәлелдеп беруді балалардан сұрайды. Педагог қорытынды шығарады: балалар жанды табиғат пен жансыз табиғаттың үйлесіп бірге тіршілік ететінін айтып береді. Олардың ұқсастықтары болуы мүмкін бе (қатты, жұмсақ, үлкен, кіші, т.б.? (Балалардың болжамдары). Қорытынды: жанды табиғат пен жансыз табиғат бір-бірінсіз тіршілік ете алмайды. (Ұ, т) Әліппе-дәптермен жұмыс (1-тапсырма). Жанды табиғат пен жансыз табиғат тізбегін тақырыбына сай орналасқан, орналаспағанын тексереді, анықтайды. (Ө, т, Ж) Өзекті ойын жағдайы: жанды және жансыз табиғат байланысы туралы қысқа бейнебаянды көрсетіп, оның арасындағы байланысын түсіндіреді (Педагог өзінің ықтиярына қарай бейнеролик таңдайды). (Ұ) Динамикалық кідіріс. (Ұ, т, Ж) Бақылау: Қандай жанды табиғат компоненттері дыбыс шығара алады? Ал қандай жансыз табиғат компоненттері дыбыс шығара алады. Қорытынды. (Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. (2-тапсырма) Суреттерді бояйды. Балалардың жауаптары: – Ай – жансыз табиғат бөлігі. Ағаш – жанды табиғат. Өйткені ол өседі, тыныс алады, жеміс береді. |
Құмырада өсіп тұрған қазтамақ гүлі Жаңбырдан кейінгі ағаш бұтақтары (сурет, не бейнебаяннан үзінді). |
||||
Бейнебаян. Музыкалық сүйемелдеу (Әртүрлі табиғат құбылыстарының, жануарлардың дыбыстарынан үзінді.
|
||||||
Әліппе-дәптер. |
||||||
ҰОҚ-ның соңы IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия. 28-30 мин. |
(Ө, Қ) Педагог бағалау өз жұмысыңды бағалаудан тұрады. Педагогтік балаларға жапырақты кез келген түсті қарындашпен бояуды ұсынады: 1 (бір) деңгей – ештеңе түсінбедім. 1 және 2 (екі) деңгейлер – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын. 1, 2 және 3 (үш) деңгейлер – бәрін түсіндім, басқаға түсіндіре аламын. |
Әліппе-дәптер. Түрлі
түсті
|
||||
|
Тақырыбы: Мен табиғатты бақылай аламын ба? |
|
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаты |
«Бақылау» ұғымын және оны өткізу кезеңдерін түсіну |
|
Күтілетін нәтиже |
Барлық балалар: бақылаудың не екенін айта алады; бақылаушылардың немен айналысатынын айтады; тірек сөздерді пайдалана отырып, сұрақтарды құрай біледі; қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды. |
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
I.Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 мин. II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 3–5 мин. |
(Ұ) ҰОҚ-да жұмыс жасау үшін педагог жағымды атмосфера туғызады. Біреу кездескенде «Қайырлы таң!» деп амандасуды жай және даналықпен ойлап тапқан. (Ұ) Әліппе-дәптердегі 4-5-беттердегі суреттер бойынша балалар ҰОҚ-да әңгіменің не жайында болатыны туралы болжамдайды. ҰОҚ-ның соңында жетуге тиіс мақсатты анықтайды (оған рефлексия кезеңінде қайта оралады). |
Әліппе-дәптердегі сурет. |
ҰОҚ-ның ортасы III. тақырып бойынша жұмыс 6 – 28 мин. |
(Ұ) «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмінен үзінді көру. Білімге құштарлық болмағанда – бізді қоршап тұрған заттардың көбі қазір болмаған болар еді деген түсінікті педагог балаларға қалыптастырады. Білу, сынау, ашу, жаңаны ойлап табуға талпыну – адамға тән қасиет. |
«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмінен үзінді. |
|
Ежелгі кезден бастап адам табиғатты бақылаған, өзінің білімін жинақтап, оны балаларына тапсырып отырған. (Ұ, Ө) Әліппе-дәптермен танысу: кейіпкерлермен, шартты белгілермен. (Ұ, т) Әліппе-дәптер (1-тапсырма). Педагог балалардың еске түсіру қабілеттеріне сүйене отырып, суреттерге қарап, сөздерден сұрақтар құру біліктерін жетілдіреді. Мысалы, Жұлдыздар неге құлайды? Күн неге жарқырайды? Шөл далада құмнан қалай сақтануға болады? Кемпірқосақ қай кезде шығады? Аралар балды қалай жасайды? Қандай бұлттардан жаңбыр жауады? және т.б. (Ұ, т) Өзекті мәселелер. Жануарларды бақылай отырып, адамның не ойлап тапқаны жайында педагог балалардың ойланып жауап берулерін сұрайды. Қорытынды жасай отырып, балалардың былай түсінуіне әкеледі:
Нәтижесінде балаларда мынадай түсініктер қалыптасады: бақылаушы – жаңа білімдер тудыратын адам; тәжірибе – бұл заттарды, табиғи құбылыстарды тану және зерттеу тәсілі. |
Әліппе-дәптер. Әліппе-дәптер суретті материалы. Тәжірибе жасап жатқан бақылаушылардың суреттері. Музыкалық сүйемелдеу. Аспаптар, зертхана картиналары. |
|
(Ө) Әліппе- дәптермен жұмыс (2-3-тапсырма). Балаларға дәптердің айқарма бетінде жұмыс жасауды ұсыныңыз. |
Әліппе-дәптер. |
ҰОҚ-ның соңы IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. рефлексия. 28-30 мин. |
(Ө) Рефлексивтік бағалау. Балалардың ҰОҚ-да өзінің жұмысына баға беруін және шыны сауытты (колба) кез келген түсті қарындашпен бояуын сұраңыз: – ештеңе түсінбедім – қызыл қарындаш. – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындаш. 3– қысқасы – бәрін түсіндім, басқаларға да түсіндіре аламын – жасыл қарындаш. |
Әліппе-дәптер,
түрлі түсті қарындаштар. |
қарындаштар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген