жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жанды табиғат. Адам.
Пән: Жаратылыстану Сынып: 3а Жанды табиғат. Адам |
Мектеп: «№4 ЖОББМ»ҚММ Мұғалімнің аты-жөні: Хаксенова Қ.Н Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: |
||||||||||||||||||||||||||||
Күні:
|
|
||||||||||||||||||||||||||||
Тақырыбы:
|
Өкпені шынықтыру |
||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: |
3.2.3.3 тыныс алу жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау; 3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау |
||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
Оқушылар: адамның қалай дұрыс тыныс алу керектігін біледі; тыныс алу ағзаға оттектің түсуі мен көмірқышқыл газдың шығуын қамтамасыз ететін үдеріс екенін түсінеді. |
||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
тыныс алу жиілігіне байланысты зерттеу жұмысына болжам жасайды, зерттеу жүргізеді, қорытындысын шығарады, жақсарту жолдарын анықтайды. |
||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат |
Оқушылар: Тыныс алу жайлы сұрақтарға жауап береді; Зерттеу жұмысы бойынша тұжырым жасайды; Жазба жұмысын орындайды. |
||||||||||||||||||||||||||||
Пәндік терминология мен тірек сөздер: |
|||||||||||||||||||||||||||||
тыныс алу жиілігі |
|||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар |
төзімділікті |
||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
әдебиеттік оқу |
||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
презентация. |
||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім |
Тыныс алу мүшелерін және олардың қызметін біледі |
||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар
|
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру -Амандасу 3 тілде Балаларды шеңберге тұрғызып сұрақ қою арқылы тақырып ашу. Спортпен айналысып жатқан балалардың суретін көрсету.
|
Спортпен айналысып жүрген балалардың суреттері. |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
|
Ондеше балалар бүгін зерттеу жұмысынан бастайық. 1.Зерттеу жасау. Жұптық жұмыс. Қажетті құрал-жабдықтар: Лента, ұзын сызғыш, қалам, қағаз а) Бірқалыпты тыныс алу және кеуде тұсын лентамен өлшеу. Нәтижені жазу. ә) Терең тыныс алу және өлшеу нәтижелерін жазу, содан кейін терең дем шығару, жаңа нәтижелерді жазу. Тыныс алғанда және тыныс шығарғанда кеуде қуысының өлшемінің нәтижелерін салыстыру.
Балалар дене шынықтыру жаттығуларын жасағанда қандай тыны салу ережелерін сақтау керек? Неліктен кеудені кең жазғанда терең тыныс алу қажет?
Бірқалыпты жағдайда және белсенді жаттығудан соң минутына қанша рет тыныс алатынына болжам жасау және өз болжамын тексеру. 1. Болжам жасау. а) 1 минутта орындықта жай отырғанда тыныс алу жылдамдығына; ә) 10 рет отырып-тұрғаннан соң тыныс алу жиілігіне; б) 20 рет отырып-тұрғаннан соң тыныс алу жиілігіне болжам жасау. Кестені толтыру. Одан кейін мұғалімнің басшылығымен уақытты белгілеп тыныс алуды санау а) 1 минутта орындықта жай отырғанда тыныс алу жылдамдығы; ә) 10 рет отырып-тұрғаннан соң тыныс алу жиілігі; б) 20 рет отырып-тұрғаннан соң тыныс алу жиілігін есептеу және нәтижесін жазып, өз болжамымен салыстыру. Қорытынды шығару.
Зерттеуден соң сұрақтар қою:
Сен білесің бе? Марафоншылардың алысқа жүгіруге мүмкіндік беретін арнайы тыныс ырғағын қалыптастырады. Олар әр екі қадам сайын демін ішке тартып, келесі екі қадам аттағанда демін сыртқа шығарады. Қосымша ақпарат. Балалар сенднрге Эврика мен Негеш қосымша ақпарат жасырып қойыпты Тыныс алу мүшелеріне дене еңбегі мен спорт әсер етеді. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы штангистерде - 4 л., футболшыларда - 4, 2 л., боксерлерде - 4, 8 л., қайықшыларда - 5, 5 л. Спортпен шұғылданатын адамдардың тынысы терең болады. Терең дем алу жүрекке «массаж» жасайды да, оның физиологиялық қалпын жақсартады. Тыныс алу мүшелерін жаттықтыру, шынықтыру балалар мен жастардың тыныс мүшелері арқылы пайда болатын ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Ауасы таза бөлмеде ұйықтау, бөлмелерді желдету, таза ауада серуендеу, жеңіл, денені қыспайтын, қимыл-қозғалысқа кедергі келтірмейтін киіммен жүру барлығы да еркін, жайлы тыныс алуға, сол арқылы денсаулығымызды мығым етуге көмектеседі. Тыныс алуға арналған жаттығулар жасау. Орнымыздан турамыз бір дегенде аяқтын ұшына тұрамыз. Екі дегенде қолды астыдан бастап үстіге қарай көтереміз. Үш дегенде демімізді шығарамыз. Бірнеше рет қайталау. Жазылым. Оқушылар жеке жазу жұмысымен айналысады. Ойтолғау «Дені саудың жаны сау» |
Лента,ұзын сызғыш, қалам, қағаз
кесте |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
|
Рефлексия: "Бес саусақ" әдісі. Балалар параққа алақандарын қойып, саусақтарын қаламмен айналдырып сызады. Содан соң әр саусақтың ішіне сабақ туралы сұрақтарға жауап жазады:
|
|
|||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат |
|||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық
пен қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
|||||||||||||||||||||||||||
Тыныс алу мүшесін шынықтыруға арналған жаттығулар топтамасын жинақтау |
Зерттеу жұмысына болжам жасау, зерттеу жүргізу, қорытынды шығару |
Дене қозғалысын жасағанда сақ болу |
|||||||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген