“Жаңа әдіс – тәсілдер- бүгінгі сабақта» ”

Тақырып бойынша 11 материал табылды

“Жаңа әдіс – тәсілдер- бүгінгі сабақта» ”

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі кезде мемлекетіміздің алдында білімді де іскер, ғылымға қабілетті заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу мәселесі тұр. Яғни мемлекет, соның ішінде адамзат заманға сай білім мен білікті меңгеруі қажет. Осы орайда заман талабына сай ұрпақ тәрбиесін жүзеге асыру үшін жаңа дамыта оқыту технологиялары, соның ішінде ойын технологияларының маңызы зор. Еліміздің білім беру жүйесінің жаңарып, толыға түсуі заман талабынан туындап отыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы









И.Журба атындағы жалпы білім беретін мектебі

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Аскарова Шапағат Серғазықызы

Жаңа әдіс – тәсілдер- бүгінгі сабақта» ”

Оқушыларды сан қырынан дамыта білу үшін, ойын түрлерін қолдануымыз қажет. Қазіргі кезде мемлекетіміздің алдында білімді де іскер, ғылымға қабілетті заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу мәселесі тұр. Яғни мемлекет, соның ішінде адамзат заманға сай білім мен білікті меңгеруі қажет. Осы орайда заман талабына сай ұрпақ тәрбиесін жүзеге асыру үшін жаңа дамыта оқыту технологиялары, соның ішінде ойын технологияларының маңызы зор. Еліміздің білім беру жүйесінің жаңарып, толыға түсуі заман талабынан туындап отыр. Жас ұрпақ – еліміздің тірегі, ертеңіміздің кепілі. Сондықтан оларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру мұғалімдердің басты міндеті. Олар жан – жақты жетілген білімді әртүрлі әдістемелерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс жасай алатын шеберлік иесі болуға тиіс. Ұстаз кәсіби білімін үнемі жетілдіріп отыруы керек. Қазіргі таңда еліміз дарынды балалар тәрбиелеуде зор көңіл бөлініп отыр. Оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін анықтап, оны одан әрі дамытуда дамыта отырып оқыту технологиясының маңызы зор.

Сиқырлы айна” әдісі

Бұл әдісті сабақ соңында алуға болады. Оқушылардың көңіл күйлерін сұрау мақсатында, сергіту сәтіне алуға болады. Оқушылар шеңберге тұрып, бір-бірлеріне қарап сұрақтар қояды, қарсы тұрған оқушы сол сұраққа жаап беруі тиіс. Орындарымен алмасып отырады.

Түйінді сөздер

Мұғалім жаңа тақырыптың ішінен түйінді сөздерді әр топқа бөліп береді. Оқушылар топ болып бірігіп сол сөздердің анықтамасын, мағынасын ашып, басқа топтарға түсіндіреді.

«Солай ма?” әдісі

Оқушыларды жұптастыра отырып әр жұпқа бірнеше тұжырым (ереже, анықтама,т.б) жазылған парақша таратылады.

Ол тұжырымдардың бір-екеуі жалған болуы тиіс. Оқушылар осы жалған тұжырымдарды табуы керек. Егер тұжырым бұрмаланған болса, онда дұрысын айтады.

Stop-кадр»

Stop-кадр –видеофильмнің бәр сәтімен (кадр) жұмыс. Кадрды экранда тоқтатып қойып, сұрақтар қою арқылы оқушыларды диалогқа тартуға болады. Сыныпта жұптық жұмыс ұйымдастыруға да болады: оқушылардың біреуіне кадрды көрсетіп, екіншісіне осы көріністі толықтай сипаттап беруін тапсыруға болады, екінші оқушы оған нақтылау сұрақтарын беру арқылы көмектесуіне болады.

«Ойлан-жұптас-бөліс»

Берілген тапсырма (сұрақ) бойынша әрбір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөліседі; бұл бүкіл топтық талқылауға ұласады.

«Конверттегі-сұрақ»

2-3 сұрақ жазып, конвертке салыңыз (оқу мақсатына қарай). Әрбір оқушыда өзінікі болатындай етіп, бірнеше конверт дайындаңыз. Әрқайсысына екі минут беріңіз: оқушы стикерде атын және жауабын жазады; екі минут өткен соң конверт келесі оқушыға беріледі, осылай бұл 2-3 сұраққа барлығы жауап бергенше жүре береді. Стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқыңыз (аттарын атамастан); сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды.

«Серпілген сауал»

Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында бірінен-біріне сұрақтарды «лақтыру»: мысалы, «Асан, Айнаның пікіріне қосыласыңба?», «Айна, Асанның жауабын тағы қалай толықтыруға болады?», «Асан, айтылған пікірлерді бір сөзбен қалай тұжырымдауға болады?»

«Кір жаю» әдісі

Үй тапсырмасын бекіту.

Өткен сабақтағы оқушы түсінігін еске түсіру, қалай оқып келгені жайында байқау мақсатында пайдаланады. Жайулы тұрған сұрақтарға жауап беред.


«Он сұрақ!» әдісі

Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.

«Джигсо» әдісі

Оқушыларды 4-5 топқа бөлеміз. Тақырыпты, (мақаланы) топтың санына қарай, мазмұнына қарай бөліп береміз. 1,2,3,4,5,- әрбір топ өкілдері берілген бөліктерді оқиды. Топтағы оқушылар өзара пікір алмасады, ортақ тапсырма жасайды. Әр топ өз лидерін тақтаға шығарады. Ол оқушы оқыған білгенінің мазмұнын түсіндіреді.

«Коллаж әңгіме» әдісі

Ұйымдастыру: топпен жұмыс.

Мақсаты: оқушылардың сыни ойлау және коммуникативтік дағдыларын дамыту.

Сипаттамасы: оқушыларға түрлі-түсті суреттері бар журналдар беріледі. Олар журналдардан қиып алып алған суреттерін флипчартқа жабыстырып, әңгіме құрастырады.

«Қара жәшік» ойыны.

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Стол үстіне екі жәшік қойып, ішіне көзілдірік, түйме, гүл, желпуіш, айна т.б. заттарды салады. Ойыншының міндеті жәшік ішіндегі затты өмірде қай кезде, қалай қолданатынын сипаттап айтуы керек. Қарсы топ оларды жасырып отырған затын айтқан сөздеріне қарап табуы керек.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.12.2025
29
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі