Материалдар / ЖАҢА ӘЛЕМ ДАМУЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ РӨЛІ мақала
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЖАҢА ӘЛЕМ ДАМУЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ РӨЛІ мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақал қазіргі заманда қолданыстағы жаңа технология туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қаңтар 2019
1193
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖАҢА ӘЛЕМ ДАМУЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ РӨЛІТилеухан Сейтмурат, Теңсел Сандуғаш«Минск орта мектебі» мемлекеттік мекемесі, Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Минск ауылы, murat_ Аңдатпа. Бұл жұмыста мектептерде инновациялық технологияларды пайдалану, жүзеге асыру тиімділігі қарастырылған. Педагогтар инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолданады. Мұғалімдер өздерінің жеке іс-тәжірибесін жақсартады. Кілт сөздер: Елбасы Жолдауынан, инновациялық білім, ұлт табысы, инновациялық әдіс-тәсілдер.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев кезекті жолдауында «Инновациялық және сервистік секторларды дамытуға ерекше көңіл бөлген жөн. Ең алдымен, «болашақ экономикасының» баламалы энергетика, жаңа материалдар, биомедицина, үлкен деректер, заттар интернеті, жасанды интеллект, блокчейн және басқа да бағыттарын ілгерілетуді қамтамасыз ету қажет. Еліміздің жаһандық әлемдегі орны мен рөлі келешекте нақ осыларға байланысты болады» деп айқындап айтып берді. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағымы күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Сондықтан да, білім беру саласы қызметкерлері оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруды және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеріп отыруды міндеттейді. Ағарту саласында жиі қолданып жүрген «инновация» (латынның innove жаңа, жаңа әдіс, әдістеме, технология, бағдарлама) терминінің өзі ХІХ ғасырда кеңінен қолданыла бастады. Заманауи технологиялар жылдам өсіп келе жатқан заманда инновациялық білім беру – оқу-тәрбие ісін дамытуға, мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыруға, жаңа технологияларды пайдалануға, жас ұрпақтың саналы да, сапалы білім алуына жол ашады. Сондықтан, ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу, оны жүзеге асыру әрбір ұстазға міндет. Қазіргі кезде толғандыратын өзекті мәселелердің ең негізгісі – еліміздің болашағы. Еліміз өркен жайып, кеңге сермеуі үшін басты мәселе, жас ұрпақтың білімді де, тәрбиелі болып жетілу екені белгілі. Сондықтан, мұғалімнің ең басты міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру. Мектеп қабырғасында оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мән берілуі тиіс. Ал бұл , мұғалімнен жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді. Оқу процесінде пайдаланылатын мультимедиалық презентациялардың, үйретуші бағдарламаларды, тексеру бағдарламаларының, электрондық оқулықтардың, бейнефильм, электрондық пошта, анимациялық суреттер және т.б. өскелең өмір талаптарына сай дайындалып, компьютерді оқыту құралы ретінде пайдалана алатындай деңгейде болуы керек. Егер, жалпы орта білім беру орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың тиімділігі теориялық тұрғыда негізделіп, оны пайдаланудың ғылыми-әдістемелік жүйесі жасалса, онда олардың кәсіби қалыптастыру деңгейі жоғарылайды, өйткені әр маманның білім беруге деген қызығушылығы артып, бағдарлылық, жүйелілік, инновациялық және іс-әрекеттік аспектілері жүзеге асырылады. Сабақ кезінде интерактивті тақтамен жұмыс істеуді дұрыс ұйымдастыру, оқытудың әр деңгейін тапсырманың мазмұны мен күрделілігін өзгерту арқылы, оларға көмек көрсетуге жол ашады. Адамның болашағы, оның қазіргі алған білімінің сапасына, көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты. Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында атап өткендей, болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттарының санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы.Қазіргі таңдары білім саласын биіктерге көтеруге бағытталған әдіс-тәсілдер көптеп жасалуда. Атап айтсақ, тұтас педагогикалық әдістер өзгертіліп, білім берудің тиісті жаңа технологиялары дүниеге келуде. Білім берудегі дәстүрлі сабақтардың орнына заманауи сабақтар келуде. Бұның барлығы әрбір білім алушылардың білімге деген қызығушылықтарын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол ашады. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет, себебі, әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады.Инновациялық білім – ұстаздың кәсіптік білімін арттыруға, оқу ісін дамытуға, өздігінен ізденіп, білім алуға итермелейді. Қазіргі кезде, ұстаздардың көбі, белсенді тақта, цифрлы технологиялар, интернет, мобильді байланыс көздері сияқты ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалануда. Бұл тұлғаны дамыту мақсатында, оқушылардың қызығушылығы мен танымдық белсенділігін пайдалану өте маңызды рөл атқарады. Ақпараттық технологияларды қолдану кезінде мынандай мүмкіндіктерді пайдалануға болады:
  • Сабақты белсенді тақта арқылы өткізу
  • Бейне және аудио арқылы білім беру
  • Интернет арқылы еркін білім алу
  • Керек кезінде материалды жинақтап пайдалану
Оқушылардың білім сапасын жетілдіруде озық технологияларды пайдалану үшін оқытушының білімі жеткілікті, жаңалықты меңгеруге құштар болса ғана жұмыстар өз нәтижесін береді. Өзім қызмет етіп жатқан ұстаздық жолымда, жаңа технологиялар мен өзгерістер жылдан-жылға сан құбылып өзгеруін байқаймын. Ұстаз қай заманда да төзімділігін танытып, қиындықты жеңе білген. Әр сабағымда оқушыларға тиімді жағынан көңіл аударамын. Сондықтан, сабақты жоспарлауда шәкірттің талабына сай жұмыс жасау қажеттігін түсініп, өзіңнен-өзің жаңа жолдар іздеуге талпынасың. Мәселен, тапсырмалар оқушыларға қызықты, олар жан-жақты ойластырылған болыу керек. Үздік сабақтар әркез ақпарат береді, яғни олар пән бойынша кең және нақты білім ұсынады. Болашақ мамандардың жаңа инновациялық технологияларды қолдануы үшін, педагогтың инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану шарттары:
  • Инновациялық әдіс-тәсілдер жайлы білім
  • Инновациялық ізденіс қажеттілігі
  • Инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану және білім беруді ұйымдастыру
  • Инновациялық әдіс-тәсілдердің нәтижесінің болуы
  • Инновациялық әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын қарастыру
Осының барлығы да қарқынды дамып бара жатқан заман көшіне ілесе алатын ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.Қазіргі жас ұрпақтың саналы да, сапалы білім алуының бірден-бір шарты – оқу орындарына , білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Алайда айта кететін жағдай, білім беру орындарының әлі де болса ақсап тұрған жақтары да баршылық. Атап айтсақ, білі беретін мекемелерде қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал-жабдықтар, интерактивті тақталар мен мультимедиалық кабинеттер және интернет желілермен дұрыс жабдықталмауы, біздің алға жылжуымызға көп кедергісін тигізіп отыр.Қорыта келгенде, қазіргі заманда мектепке де, мұғалімге де, оқушыға да жаңа талап деңгейінен көрінуді міндет етіп жүктейді. Қазіргі қоғамда ұстаздар қауымынан ақпартты өзі іздеп тауып, ұтымды пайдалана алатын, жан-жақты дамыған, білімді, жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр. Сонымен қатар, инновациялық технологияларды мүмкіндігімізше өз пәнімізде жиі қолдансақ, болашақ маман сапалы білім, саналы тәрбие алатынына, шығармашылық мүмкіндіктері ашылатынына және мемлекетіміздің өркендеп өсуіне өз үлестерін қосатындарына сенімдімін.

Пайдаланылға әдебиеттер
  • Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы (2018 жыл, қазан)
  • Көшімбетов С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері – А: Білім, 2008 жыл)
  • Раджерс Э. Инновация туралы түсінік (Қазақстан мектебі 2006 жыл)
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!