жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жаңа әлемдегі жаңа саяхаттар
Атырау облысы Исатай ауданы Зинеден селосы Жарылғасова Гүлшат
|
Пәні: Қазақтілі |
Ю.Гагарин атындағы орта мектебі |
|||
|
Күні: |
14.05.18 |
|||
|
Мұғалімніңаты-жөні: |
Жарылғасова Гүлшат Ғилажқызы |
|||
|
5-сынып |
Қатысқан оқушылар саны: 24 Қатыспағандар: |
|||
|
Бөліматауы: |
Саяхат және демалыс |
|||
|
Сабақтыңтақырыбы: |
Жаңа әлемдегі жаңа саяхаттар. «Астана-Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі» |
|||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: |
5.Т/А4.Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау. 5.ӘТН1. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу |
|||
|
Сабақтың мақсаттары: |
Оқушылардың барлығы орындай алады: Тірек сөздер мен жетекші сұрақтарға жауап береді. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін біледі. Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды табуға жұмыстанады. Оқушылардың кейбірі орындай алады: Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды. Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазады. |
|||
|
Бағалау критерийі: |
Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды. Үндестік заңын, дыбыстардың жүйесін, емленіескереді. Орфографиялықнорманысақтайды. |
|||
|
Тілдік мақсат: |
Оқушылар орындай алады: Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды.Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазады. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Астана, Астананың Бас жоспары, техниканың озық үлгісі, ұлттар мен ұлыстар, Астана символы. Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер: Ару қала, Сарыарқаның төрі, Бәйтерек – өмір ағашы, Астана символы, сәулеттік жоба, әсем қала, бейбітшілік ордасы, бақыт мекені, әлемнің мақтанышы, «Хан шатыр», «Бейбітшілік пен келісім сарайы» Талқылауға арналған сұрақтар:
|
|||
|
Осыған дейін меңгерілген білім |
Шоқан- саяхатшы |
|||
|
Пәнаралық байланыс |
Әдебиетпен байланыс-хат жазу барысында көркем суреттеп жазу,жүйелей жазу; Тарихпен байланыс-тәуелсіз ел белестері, Астана қаласының тарихы, Елбасының қолдауы; Саз пәні - ән мәтіні арқылы топқа бөліну, әуен аясында «Әуенді эссе» жазу |
|||
|
АКТ-мен байланыс |
Интерактивтік тақтадан таныстырылым, бейнематериал, иллюстрациялар, кестелер
|
|||
|
Құндылықтар-мен байланыс |
Астана қаласы тәуелсіздік жемісі екенін ұқтыру, бейбітшілік пен ұлттар достығын насихаттау. |
|||
|
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
||
|
Сабақтың басы 3 минут 2 минут Ортасы 10 минут 10 минут 10 минут 3 минут Сабақтың соңы 2 минут |
Қызығушылықты ояту Сәлемдесу, ұйымдастыру кезеңі. (Жағымды көңіл-күй туғызу) Бейнесюжет тамашалау. Астана қаласының әсем келбеттерін тамашалау. Ән мәтіні бойынша топқа бөліну. Бәйтерек, сәулетті ғимараттар түріндегі стикерге жазылған ән сөзі әр түсті әдемі шарларға жапсырылған.Әуелеген әнге қосыла жүріп, шумағы мен қайырмасы арқылы 3 топқа бөліну. Ән мәтініндегі тірек сөздерді анықтап, сабақтың тақырыбын болжау. Тірек сөздер: Астана, елімнің жүрегі, балғын қала, жаннат қала, жастықтың жалауы Сабақтың мақсаттары және бағалау критерийлерімен танысу. |
Ән «Елімнің жүрегі» Астана туралы слайдтар, бейнефильмдер. MP3 |
||
|
5.Т/А4. Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау. 1-топ. «Т» кестесі Тірек сөздер арқылы әңгіме құрастырып, негізгі ойды анықтаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- тірек сөздерді түсінеді; -тірек сөздерді пайдаланып әңгіме құрастырады; - қойылған сұрақтарға жауап береді; -тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтайды. ҚБ. «Шапалақ» 2-топ.«Фишбоун» әдісі Ару қала Астана Ұлы оқиға. 1992 жылы ел астанасы Сарыарқаның төріне көшірілді. Сарыарқаға сән кірді. Ақмола атауы Астана атауына алмасты. Астана – Қазақстан Республикасының Елордасы. Астанада 880 991 адамтұрады. Қазір қаланың аумағы 710 км2 жерді алып жатыр. Қала Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.Астана қаласының Бас жоспары Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен іске асуда. Астана қаласының жоспарын жасауға халықаралық байқау жарияланып, байқау нәтижесінде жапон сәулетшісі Кишо Курокаваның арнайы жасаған жобасы қабылданды. Астана символы – «Бәйтерек»-өмір ағашы. Ол-Норман Фостердің қолтаңбасы. Оның биіктігі – 97 метр, аумағы – 22 метр. «Бейбітшілік пен келісім сарайы» мен «Хан шатыр» ғимараттарының сәулеттік жобалары итальяндық Манфреди Николеттидің туындылары.Бұлар бірін-бірі қайталамайтын ерекше туындылар. Астана – бейбітшілік ордасы. Тек қазақ халқы ғана емес, осы өлкенімекенеткенұлттар мен ұлыстар өз армандарымен қауышты. Жас қалада ғылымның соңғы жетістіктері қолға алынып, техниканың озық үлгілері дүниеге келуде. Астана – бақыт мекені. Жас әрі болашағы зор қала – тек қазақтың ғана емес, болашақта бүкіл әлемнің мақтанышына айналатынына сенеміз. Мәтінді мұқият тыңдаңыз, жұпта мәтіннің мазмұнын талдай отырып, балық
қаңқасын толтырыңыз. Үстіңгі қаңқаға – мәтіннің негізгі тірек сөздерін немесе сөз тіркестерін, басына
– мәтіннің негізгі ойын, астыңғы қаңқасына – мәселені жазыңыздар.
Дескриптор Білімалушы
ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек» 3-топ. «Галереяға саяхат» әдісі Тірек сөздер арқылы суретке қарап, өз ойыңызды білдіріңіз. Сұрақтарға жауап беріңіз. Хан шатыр, жасыл ел, Экспо, арман қала, тәуелсіздіктің жемісі, Ару қала, Сарыарқаның төрі, Бәйтерек – өмір ағашы, Астана символы, сәулеттік жоба, әсем қала, бейбітшілік ордасы, бақыт мекені, әлемнің мақтанышы, «Бейбітшілік пен келісім сарайы»
- Оқушылар суреттер мен тірек сөздерден нені байқадық? -Астана қандай қала? - Астананы құруда кімнің еңбектері бар? -Астанадағы сәулетті нысандардың шығу тарихы туралы не білесіңдер? - Астана- армандардың қаласы дегенді қалай түсінесіңдер? -ЭКСПО көрмесі қашан өтті?
| ||||





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген