Жаңа бағдарлама бастауы-ПШО

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа бағдарлама бастауы-ПШО

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл эсседе мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 4 k модулі,ойын,бала үні,бақылау,тұтас бала тәрбиесі, Smart мақсат қою,кері байланыс беру,жаңа техникалар мен әдіс-тәсілдер арқылы баланы жан-жақты,білімді,зерек етіп тәрбиелеуге болатындығы жайлы айтып өттім
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аленова Фариза Абдукалыковна

Туркістан облысы Кентау қаласы Хантағы ауылы Құлыншақ бөбекжай балабақшасы fariza.alenova.90@bk.ru









Жаңа бағдарлама бастауы-ПШО


Жаңартылған бағдарламадан қажетті әдістерді,тәсілдерді және дағдыларды жан-жақты зерделейміз.Оқу барысында алынған білімдерімізді және ақпарат негізіндерін оқу қызметін жоспарлауда тиімді әдістерін қолдануға болатынын түсіндім. 4К моделдегі - креативтілікті,сыни ойлауды дамыту,коммуникативтілік және командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту,заттық кеңістік дамытушы ортаны тиімді пайдалану мектепке дейінгі ұйым педагогінің балалардың психологиялық ерекшеліктерін және ата-аналармен қарым-қатынасқа түсу құзыреттілігін арттырады.Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің біліктілігін арттыру бағдарламасында Блум таксаномиясы;4К моделі,бала үні,ойын,бақылау,тұтас бала бейнесі;SMART-мақсат қою;үш ойын формасы(педагог жетекшілігімен жүргізілетін ойындар,құрылымдалған ойын,еркін ойын); саралап оқыту; кері байланыс беру жаңа теориялар мен әдіс-тәсілдермен таныстым. Курстың негізгі түйінді идеяларын өз тәжірибемде қолдануды жөн көрдім.Бұл бағдарлама бойынша баланың жас ерекшелігіне тоқтала отырып, перспективалық жоспарымды SMART-мақсатқа айналдырып,нақты мақсат қоя отырып,күтілетін нәтижеме жетемін деп шештім. Балалардың білім деңгейін мақсатқа жеткізу үшін бақылау мен саралау стратегияларын қолдандым,демек,оқу мақсатына жету үшін,қазіргі заман талабына сай білім берудегі негізгі талаптардың бірі білім беру сапасын жетілдіру мақсатында білім берудің барлық білім деңгейлерін осы әдіс тәсілдерді пайдалану арқылы үздіксіз жаңғыртып отыруымыз тиіс. Бұл курстан тағы бір өз тәжірибеме жаңашыл жаңалық енгіздім.Ол-бақылау фокусы яғни педагогтардың балаларды жан-жақты бақылауы.Біз балаларды оқу барысында, серуен кезінде,бір-бірімен қарым қатынас жасау барысында іс-әрекеттерінен сұрақ-жауап арқылы болсын жақсы,ерекше тұстарын бақылаймыз.Танымдық оқиғаны енгізудің басты тиімділігі ол балалардың заттардың қасиеттерін,түріне,көлеміне, түсіне қарай зерттеп білуі.Бұл бақылау арқылы бала тәжірибе жинақтайды,жаңа зат білуге талпынады,өздеріне түсініксіз оқиғаларды білуге құштар болады. Танымдық әңгімелер педагогтардың баланы дамытуы барысында туындайды.Мен танымдық оқиға жазу барысында бақылау дағдымның қалыптаспағанын байқадым,маған баланың жеке қызығушылықтарын анықтауда қиындықтар туындады,себебі мен бұрын соңды топ балаларының қабілетін ғана зерделеп қоятынмын,ал бұл танымдық оқиғаны жазу кезінде мен әр баланы жеке зерделедім.Алдағы уақытта бір ғана баламен шектелмей,басқа да балалардың қызығушылықтарын анықтай отырып,танымдық оқиға жазу керектігін түсіндім. Өз ойымды қорыта келе,егер біз осы бағдарламада көрсетілгендей үш ойын формасын қолдана отырып балалармен жұмыс жасайтын болсақ,онда біз баланың құндылығын,жан-жақты білімді болуын дамыта отырып,мақсатқа жетеріміз сөзсіз. Ойын - балалардың негізгі іс-әрекеті. Бүгінгі ойымның түйінін С.Торайғыров атамыздың "Балалалықтың қанына ойын азық"- деген,қанатты сөзімен аяқтағым келіп отып.Өйткені,ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі,мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі