жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жаңа бағдарламаның оқушыларға тиімді әсері
Жаңа бағдарламаның оқушыларға тиімді әсері
Қазіргі білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты проблема-жаңа формацияның жаңа ұстазын қалыптастыру. Елбасының Н.Назарбаев: «Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ,өз мақсатымызға жете алмаймыз.Барлығы мектептен басталады»,-деген болатын.XXI ғасыр ұлттық бәсеке,ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар,күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді.(Н.Ә.Назарбаевтың жолдауынан)
«Қазақстан Республикасы мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» атты тақырыпта өткен үш айлық курстан алған білім мен тәжірибем мол болды.Бұл курстың негізгі міндеті – Қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Құзырлы мұғалім дайындаудағы Интерактивті оқыту элементінің ең алғашқы әдісі – топтық жұмыс.Мен өзімнің өткен сабақтарымда топтық жұмысты қолға алу туралы мән бермей келіп едім.Практикада оқушыларды күнделікті топқа бөліп сабақ өткен кезде топтық жұмыстың маңыздылығын түсіндім. Курс барысында тренеріміз Кәмшат апайдан алған білім мен білігіміз көп болды. Сабақ өтуде жаңа технологияларды қалай және неге қолдану керек екендігін толық меңгердік. Сындарлы оқыту – дағдылардың ықпалдасуына және тереңірек түсінуге әкелетініне көзім жетті.Мұғалімдерді тиісті ресурстармен қамтамасыз ету қызметінен оқушыларды тәрбиелеу дамытуға бағытталған мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал етеді. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім. Біздің осы оқыған Кембридж университетінің зерттеушілері ұсынған курсымыз бізге 7 модульді қолдана отырып сабақ өтуді талап етеді. Ол : 1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. 2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді. 3.Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау. 4.Білім беруде АКТ пайдалану. 5.Талантты және дарынды балаларды оқыту. 6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту. 7.Білім берудегі басқару және көшбасшылық. Осы жеті модульді тереңірек меңгеру ертеңгі біздің болашағымыз,жас ұрпаққа білім беруде таптырмас қазына болатының тренеріміз Кәмшат апай үнемі ескертіп отырды. Курс барысында біздер оқушылар сияқты топқа бөліп, жарысқа яғни бәсекеге түсе отырып, флипчатта жұмыс жасадық. Топта бірімізге-біріміз бауыр, дос болып кеттік. Күнделікті сабаққа дайындалып келетін оқушылар сияқты кітап оқып, ізденіп, түсінбегенімізді бір-бірімізден сұрап отырып, талқылап, нәтижеге қол жеткіздік.
Курста мұғалімдер үшін ең қажетті болып саналатын Инновациялық технологияларды меңгеру және технологияларда жұмыс жасау маңызды болды. Меңгергендерді соншалықты ғаламтордан өздеріне қажетті материалдарды алып отырды. Мұғалімдер өздерінің жұмыстарын ғаламторға жариялай алатындай жағдайға жетті.Оқушыларға білім беруде үлкен нәтижелерге қол жеткізу үшін сындарлы оқытудың маңызды екеніне көзіміз жетіп отыр.Аталған модульдерді сабақ барысында қолдану тиімді қолдану тиімді екеніне бірнеше дәлелдер келтіріп өтейін.
Дәстүрлі сабақтарда оқушылардың өз бетінше ізденуіне мүмкіндік бола бермейтін.Курс барысында өткен «оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді» сабақ барысында пайдалану оқушы мен мұғалім,оқушы мен оқушы арасында үлкен қарым-қатынас орнайды депдәлелдермен түсіндірген болатын. Мысалы: Диалог барысында оқушыға қойылған сұрақ жоғары дәрежелі болса,сұраққа жауап беру үшін сыныптағы өзге де оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап беруге әрекеттенеді. Топтық жұмыс кезіндегі оқушылар арасындағы қарым-қатынасты,өзара диалогтік әрекетті,оқушыларды керемет жауапкершілікпен топтық жұмысты орындап шығып,жеткен нәтижелерін өздері бағалады.Сындарлы оқытудың негізгі мақсаты: мұғалім бағыт-бағдар беруші, ал оқушы өз бетімен білім алушы болғандықтан , осы ұстанымдыбасшылыққа алдым. Оқушылардың оқытудың жаңа әдіс-тәсіліне қызығушылықтары жоғары екенін байқадым, яғни бұрынғы дәстүрлі оқытуға қарағанда жаңа сындарлы оқыту оқушыларға ұнады. Оқушылар сабақ кезінде Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы негізінде өзін-өзі таныта білді. Курстың алған білім менбіліктің нәтижесінде топтық жұмыс жасағанда, мынандай нәтижелерге жеттім:
-оқушылар арасында әлеуметтік өзара әрекет ету дағдылары дамыды;
-оқушылар арасында қарым-қатынас орнады;
-берілген тапсырмалар бойынша кездескен проблемаларды шешу дағдылары қалыптасты;
-тапсырмаларды орындау барысында бірлескен жұмыс оқушыларға басқа оқушылардың пікірлерін ескере отырып,ортақ шешім шығарады;
-сабақ үдерісінде тіпті үлгерімі төмен оқушылардың да берілген тапсырма бойынша нақты түсініктер беріп,басқа оқушылардың айтқандарын сыни тұрғыдан ойлап,өз пікірлерін еркін білдіріп отырды;
-әр сабақ үдерісі кезеңінде алаңдаған,зеріккен оқушыларға тапсырма беру бойынша ағынға түсіріп отырдым,оқушылардың оқытудың жаңа әдіс-тәсіліне қызығушылығын білдіргенін байқадым,яғни бұрынғы дәстүрлі оқытуға қарағанда жаңа сындарлы оқыту оқушыларға ұнады.
Білім беру барысында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту үшін ойлана отырып ойлайтындай логикалық тапсырмаларды ұсыну қажет. Сыни тұрғыдан ойлануда берілетін тапсырмалар оқушылардың білім деңгейіне байланысты болуы тиіс. Мысалы: 3-деңгейдің тапсырмасын орындаған оқушылар, 2-деңгейдің тапсырмаларын орындайды, ең соңында 1-деңгейдің тапсырмаларын орындайды. Оқушыларға білім беруде тапсырмаларды қағаз үстіне емес (АКТ) Ақпараттық-коммуникациялық технология дамыған мына заманда олар аудио-визуалды бейнелерді жақсы қабылдайды.Сондықтан да білім алушыларға ғаламтордан да тапсырмалар беруді енгізу қажет.Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша ізденушілігі жоғарылайды,қызығушылығы артады.
Болашақ ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруде сындарлы оқыту және бағалау маңызды болып отыр.Оқыту үшін Бағалау-бұл білім алушылар өзінің оқуының қандай сатысында,оларға қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдірісі.Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.
Бағалау формативтік (қалыптастырушы) және жиынтық болып екіге бөлінеді.Бұл екі түрлі бағалаудың айырмашылығы 1960 жылдардан бастап белгіленген,бірақ берілген екі терминнің мәні нақты анықталмағандықтан,оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау арасында қарастырылған.Оқытуды және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсату мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау (ОүБ)болып табылады.Оқыту үшін бағалау – оқушылар оқыту үдерісінің қандай кезеңінде екенін,әсіресе,олардың мықты және әлсіз жақтарының сипаты мен себептері қандай екендігі туралы алынған мәліметтерге басты назар аудартады.Оқыту үшін бағалау қорытындысы әрі қарай білімдерін дамыту үшін олардың не істеуі мүмкін екендігіне негізделген.Бұл бағалауда тек талпынғандар ғана білім алады.Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет,сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеуі қажет.Бұл олардан түсінушілікті қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді талап етеді.
Бағалау әділ болуы үшін оның негізгі түрлерімен әдістерімен бізге курста таныстырды.Топ мұғалімдері болып біз Критериалды бағалауды талқыладық.Критериалды бағалау арқылы не бағаланады? Оны енгізудегі мақсат не? Оған жауап беру үшін алдымен критериалды бағалаудың анықтамасына тоқталып кеткім келеді.
Критериалды бағалау- бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу – танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі.
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
- Мектепте оқыту сапасын жоғарлату;
- Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру;
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:
- Критериалды жүйе арқылы бағаның қойылуы;
- Алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласының дайындалуы;
- Бағаның анық,дәл,айқындығы;
- Оқушының өзін бағалауына мүмкіндіктің берілуі;
- Байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуіне мүмкіндіктің берілуі;
- Оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;
- Критериалды бағалаудың әрбір баланың оқу үлгерімінің жоғарылауына,көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесуі;
- Бағалаудың негізгі дидактикалық қызметі мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуі;
- Оқушылардың материалды қалай түсінгендігі туралы мұғалімнің күнделікті қадағалап отыруы.
Критерий арқылы бағалағанда оқушының оқу жетістіктері пән бойынша деңгейді белгіленеді.Әрбір критерий бойынша дискриптор дайындалып,баллмен бағаланады.Бағалау жүйесінде критериалды бағалаудың екі түрі де қолданылады.
Білім алушыларды формативті бағалауда балдық жүйені қолдану орынды екеніне көзіміз жетті.Тренеріміз бізге жоғарыда аталған жеті модульді білім беру барысында қолдану тиімді әрі ұтымды екендігін айтып өтетін.Оқыту үшін бағалауды жоспарлап алған соң осы жоспарға байланысты оқушылар балл жинауға әрекет жасайды.Оқушыларды жеке бағалау журналына қарап жиналған баллды есептеп шығарып,формативті бағалауды жүзеге асыруға болады.
Білім алушылар арасында барлық оқушылар бес саусақтай бірдей емес,сондықтан мен өзімнің зерттеу жүргізген кезінде оқушылар арасында талантты және дарынды оқушылар да байқалды.Таланты мен дарыны асқан оқушыларға қосымша тапсырмалар бере отырып, ғажайып нәтижелерге қол жеткіздік.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген