400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Жаңа бағдарламаның тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа бағдарламаның тиімділігі
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖАҢА БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Оқушының танымдық шығармашылық іс-әрекетінің табысты өтуі мұғалімге, оның ізденіс әдістерін дұрыс таңдап алуына байланысты екені даусыз. Елімізде Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде 2017 жылдан бері педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру шаралары жүріп жатыр. Осыған орай, мамандығыма байланысты 2017 жылдың сәуір айында «Химия» пәнінен, 2018 жылдың тамыз айында «Биология» пәнінен оқу курсын аяқтадым. Мемлекетіміздің білім саласына көрсетіп жатқан қолдауы далаға кетпеуі тиіс деп есептеймін. Мен де өз үлесімді қосу үшін, курста жинаған тәжірибемді бірден сабақ барысында қолдана бастадым. Бүгін соның бірін сіздермен бөліспекпін.

9-сыныпқа «Тұздардың қасиеті мен құрамы» тақырыбында сабақ өттім. Бұл сабақтарды өтуде бағдарламаның «жеті модуль» идеясын басшылыққа алдым. Сабақтарды жоспарлау сәтінде оқушының нені білетінін, нені білмейтінінін басты назарға алып, берілген ақпарат көлемін, тапсырмаларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, қолжетімді мақсат қойып, сабақ соңында оқушылардың сабақтан қандай білім алғанын талқылауға жағдай жасауды ескере отырып, сабақ жоспарын құрдым. Бұрынғы жоспарларда тек қана өзіміздің іс-әрекетімізді жазатын едім, қазіргі жоспар жазу бойында өзіміздің іс-әрекетімізбен бірге, оқушының да іс-әрекетін жазатын болдым және әдіс-тәсілдер, бағалаудың түрлерін нақты көрсетіп қоятын болдым. Жасаған негізгі өзгерісім қалыптасқан дәстүрлі сабақ беруден сындарлы білім беруге өте бастағаным болды. Курс барысында алған білімімнің нәтижесі сабақ туралы қалыптасқан көзқарасымның өзгеруіне себеп болды. Оқушыларға да сындарлы оқыту туралы айттым, оларға химия сабағында жаңа тақырыпты өздері таңдаған әдіспен меңгеруге болатынын, бұдан былай сабақта топта жұмыс жасап үйренетіндігін, қысқасы дәстүрлі емес оқытудың артықшылықтарын айтып өттім. Өзгеріс енгізуді ұйымдастыру кезеңінен бастадым. Себебі, сабаққа келгендердің барлығы да оқуға белсене араласып кетуге дайын емес, мысалы, бірінші сабақта ұйқысын аша алмауы немесе соңғы сабақта шаршауы, үзіліс кезінде біреумен келіспей қалуы, тағы басқа түрлі мәселер болуы мүмкін. Біз педагог ретінде оны түсінуге тиіспіз. Ынтымақтастық ортаны қалыптастыру оқушылардың назарын сабаққа аударады, оларды тақырыпқа сай материалдарды қабылдауға дайындайды. Тренингтер, сергіту сәттерін өткізу нәтижесінде оқушылар өздерін жеңіл сезінді, ашылды, көңіл-күйлері көтерілді, әрқайсысы біртұтас ұжымның өкілі ретінде алда күтіп тұрған бірлескен күрделі жұмысты атқаруға толық ниеттеніп, қызу кірісіп кетуге дайын болды.

Мен курста диалогті оқыту тақырыбы туралы үйренген соң «сабағымды дұрыс өткізіп жүрмін бе?» - деп, өзіме сұрақ қойдым. Сабаққа келген соң, оқушыларды сабаққа дайындаймын, кейін сабақтың тақырыбын, мақсаты мен міндеттерін айтамын, үй тапсырмасын сұраймын, алған білімдерін бекітемін, соңында жаңа сабақты түсіндіремін немесе өтілген тақырыптар бойынша асығыс сұрақтар қоямын, жауабын да асығыс сұрап аламын, кейде өз сұрағыма өзім жауап беретінмін. Курста оқып жүрген кезімде «Мен сөйлеймін, сен тыныш отыр» қағидасы бойынша мұғалімнің ұзын монологы ешқандай нәтиже бермейтініне көзім жетті. Себебі, сабақта көбінесе өзім сөйлейді екенмін, соның салдарынан оқушылар да дайын білімге үйреніп, жалқаулыққа салынады, ізденгісі келмейді. Бұрынғы өткен сабақтарыма ой жүгірте келе, кемшіліктерімді ескере отырып, сабақтарымда диалогті оқыту әдісін қолдана бастадым. Выготскийдің оқыту моделінде оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп есептейді. Диалогқа құрылған сұхбат кезеңінде: «Сен қателестің!», «Бұл жауап дұрыс емес!», «Отыр, екі!» т.б. қатал фразаларды қолдануды доғардым. Оқушылардың жауаптарына қарай «Дұрыс, басқалар не ойлайды?», «Кім көмектеседі?», «Жауабың үшін рахмет!» деген фразаларды қолдану оқушыларды қолдау, әрі қарай ынталандыру екеніне, сыни тұрғыдан ойлануына ықпал ететініне куә болдым.

"Периодтық жүйедегі орны бойынша элементтің сипаттамасы" тақырыбын өткенде жаңа сабақты меңгерту үшін «Айналмалы бекет» әдісін қолдандым. Оқушылар топтасып, жаңа сабақтың мазмұнына терең үңіліп, дәлелдемелер арқылы көрсете білді. Шығармашылық деңгейге жету үшін американдық ғалым Б.Блумның бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесін сабағымда пайдалануды дұрыс деп таптым. "Білу" сатысында оқушылар заттың құрамын, қасиетін, құрылысының не екенін білді. "Түсіну" сатысында жасалу жолдарын білді. "Қолдану" сатысынды іс жүзінде қолданып көрді. "Талдау" сатысында құрамын, қасиетін талдауды үйренді. "Жинақтау" сатысында реакцияны ажыратып, құрамын, белгілерін айта алды. "Бағалау" сатысында түсінгендерін қорытып эссе жазды. Сабақтарымды өту барысында, бірнеше оқушыны зерттеп отырдым. Баланың қабылдау дәрежесін, мінез-құлқын, көзқарасын зерттеп отыру болашақта үлкен нәтиже береді деп есептеймін.

Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде алған білімдеріміз оқу процесінде өзінің тиімділігін көрсетіп жатыр. Көптеген ұстаздар менің пікіріме қосылады деп ойлаймын. Жаңартылған бағдарлама қазақ ағартушылары Ыбырай мен Ахметтің сара жолын жалғауға сеп болсын деген ізгі тілегімді жеткізгім келеді.



С.АДАМБЕКОВ атындағы

жалпы орта мектебінің

химия пәні мұғалімі

АРАПОВА НАҒИМА

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 сәуір
394
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі