Тақырыбы: Жаңа бағыт, жаңа бастама, жаңа нәтиже.
(Жұмыс мазмұны: Жаңаша білім берудегі жаңаша әдіс – тәсілдерді тәжірибелеріне қолданудағы жағымды және жағымсыз тұстар мен кедергіден шығу туралы жұмыс) (слайл таныстырылым, 10-минут)
Соңғы кездері жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқыту іске асырылуда. Педагог ғалым Беспалько өзінің «Слагаемое педагогическое технология»деген еңбегінде былай дейді: «Оқу-тәрбие процесінің алдын ала жүйелі түрде жоспарлауы және оның тәжірибеді жүзеге асуы – белгілі бір педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асу жобасы». Технология қарапайым тілмен айтқанда, жүзеге асатын ғана, нақты мақсаттардың алдын ала ойластырылған нақты жобасы, яғни, белгілі педагогикалық жүйенің тәжірибеде жүзеге асатын жобасы. Ал педагогикалық жүйе – педагогикалық технологияның негізі.
«Педагогикалық жүйе- бір –бірімен байланысты әдістер, педагогикалық процестер, жеке тұлға қалыптастыруға әсер ететін нақты мақсатты, бағытты педагогикалық әсер».
Қазіргі таңда оқытылатын пәндердің студенттердің болашағы, таңдайтын мамандығына қарай бағытталуына, яғни мақсатты білім беру ісіне ерекше назар аударылуда. Сондай –ақ, жеке тұлға, яғни дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы болып отыр. Кәсіпке дайындау, мақсатты білім беру –тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселелер. Жаңартылған білім беруде оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді.
-
Сабақ мақсатын айқындау, оған қойылатын талап жаңалық емес. Ал, жаңартылған білім берудің ерекшелігі, оның талабы осы мақсатқа жету, студенттің өзі арқылы, оның оқу іс-әректін ұйымдастыру арқылы,оқылым, айтылым, жазылым, тыңдалым дағдыларын дамыта отырып жүзеге асыруды қарастырады. Студенттің оқудағы іс-әрекеті арқылы, олардың ойлау дағдыларын жетілдіре отырып мақсат қою технологиясын былай көрсетуге болады.
|
Дағдылар |
Анықтама |
Студенттің іс-әрекеті |
|
Білім Түсіну Қолдану Талдау Синтез (бір нәрсе жасайды, жинақтайды) Баға (сын, пайымдау) |
Берілген жаңа түсінікті ұғу, есте ұстау, бұрынғы білімді еске түсіреді. Жаңа материалда берілетін білімді түсіну, өзінше түсіндіру немесе болжам жасауы. Жаңа білімді тәжірибеде, яғни нақты жаңа жағдайға пайдалану. Алған білімді жіктеу, саралау, ең негізгі түйінді дәнін бөліп ала білу. Яғни, бүтінді бөліктерге жәктеу арасындағы байланысты айқындау, т.с.с. Жеке бөлшектерден, дара ұғымдардан тұтас дүние жасау(жалқыдан жалпыға). Жаңа ұғым, жаңа материалдың құндылығын, керектігін анықтау, пайымдау. |
Тыңдайды, қабылдайды, есте сақтайды, ойлайды. Түсіндіреді, айтады, көрсетеді, жазады. Бұрынғы білім негізінде соны пайдаланы отырып жаңа проблема шешеді. Ойланады, салыстырады, табады, талқылайды, ашады, ізденеді. Ойлап табады, құрастырады, шығарады, байланыстырады. Бағалайды, талқылайды, өз талабын айтады. |
Бұл жүйені әрі қарай жете түсіну үшін оқытушы қандай тірек ұғымдағы сөздерді пайдалануы мүмкін, соған көз жүгіртейік.
|
Білім Түсіну, ұғу Қолдану Анализ (талдау) Синтез Баға |
Айтыңдар, жазыңдар, атап беріңдер, орнына қойыңдар. Өз ойларыңды айтыңдар, түсіндіріңдер, ұқсастық, айырмашылығын көрсетіңдер, мәнін түсіндіріңдер. Қолданыңдар, табыңдар, пайдаланыңдар. Былай қарағанда, салыстырғанда, басқаша ойластырғанда, басқаша ерекшелігін табыңдар, негізгі қасиетін дәлелдеңдер. Құрайық, ойлайық (жаңа нәрсе), керісінше, мүмкін. Бәрінен жақсы, бәрінен жаман, неге солай, пікірдің біреуіне келісемін, сын айтыңдар. |
Тәжірибеде осы жүйе бойынша қалай мақсатқа жетуге болады, енді соған тоқталайық. Қазақ тілінен мысал келтірейік.
Сын есім туралы түсінік.
|
Білім Түсіну Қолдану Талдау Жинақтау Баға |
Сын есімге анықтама беріңдер. Қандай сұрақтарға жауап беретінін анықтаңдар. Сын есімнің түрлерін ажырата біліңдер. Мына берілген сөйлемдерден сын есімдерді табыңдар. Берілген сын есімдерді пайдаланып, сөйлем құрастырыңдар. Мәтіннен сын есімді табыңдар. Зат есіммен салыстырып, сын есімнің өзіндік ерекшелігін саралаңдар. «Көгілдір көктем» тақырыбына шағын шығарма суреттеме жазыңдар. Суреттемелеріңде сын есімдерді пайдаланыңдар. Абайдың «Күз», «Қыс» өлеңдерінен сын есімді тауып, ақын поэтикасындағы орнын дәлелдеңдер. |
Зер сала қарасақ, студенттің білімді меңгеру дейгейі талдаудан бастап синтез, бағада жоғарылай түседі. Егер білім түсінік, қолдану, берілген білімді ұғу, меңгеру, пайдалану дәрежесінде ғана болса, ол анализден бастап іздену, проблема шешу, жаңа хабар алу, өнімді, жемісті әдістер, іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады екен.
Сонымен жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқыту бұрыннан келе жатқан педагогика жетістіктерінен іздене отырып, оны жаңа өнімді әдістермен байытуды, білім алуды студенттің өз іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы жүзеге асыруда талап етеді .
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жаңа бағыт, жаңа бастама, жаңа нәтиже.

шағым қалдыра аласыз