Жаңа
білім жүйесі жаңашылдыққа бастайды
«Сабақ
беру үйреншікті шеберлік емес, ол –
үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер»,-
деп Жүсіпбек Аймауытов айтып кеткендей
қазіргі уақытта жаңашылдыққа қарай
қадамның дамуы барлық салада үздіксіз
болуы тиіс. Соның ішінде, әсіресе білім
саласында. Оның тұрақты дамуы еліміздің
өркендеуіне оң әсерін тигізетіні
сөзсіз. Бүгінгі таңда ұстаз жан-жақты
ізденіс үстінде болуы керек. Білімді,
құзыретті, кәсіби дайындалған маман
болу бүгінгі күннің басты талабы. Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан ұстаздарының
алдына қойған мақсаты да осы десек
қателеспейміз. Сонымен бүгінгі жаңа
білім беру жүйесі ұстаздарға, оқушыларға
не береді? Одан нені үйренуіміз керек?
Жаңа білім жүйесі жаңашылдыққа бастайтыны
белгілі. Ал, оны қалай пайдаланған абзал?
Заман
талаптарына сәйкес қазіргі мектеп
«білімді тұлға», яғни білім, білік пен
дағдылары қалыптасқан жеке тұлғаны
дайындаумен ғана шектеліп қоймай,
«өмірдің өзгерістеріне дайын болатын»,
белсенді және шығармашыл ойлайтын,
интеллектуалды және жан-жақты болатын
жеке тұлғаны дайындау тиіс. Осы тұрғыда
мұғалімнің атқарар рөлі орасан.
Мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары
болса да, оқушыны өз бетімен жұмыс істеп,
ізденуге мотивацяи бере алмаса, берген
білім өз нәтижесін бермейді. Оқушының
тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік
арқылы жүзеге асатынын ойласақ, мұғалімнің
алдында оқушыларға білім мен тәрбие
беруде үлкен жауапкершілік тұр деуге
болады. Бұл ең алдымен ұстаздар қауымының
ізденісінің басты себебі болмақ. Келесі,
оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана
емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің
қабілетіне, оның құзыреттілігіне
байланысты.
Мұғалім
оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша
білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ
олардың өмірде өз орнын табуларына
үлкен көмек бере алатын адам болуы
керек. Жаңа заман мұғалімнен күнделікті
оқушылармен қарым-қатынас барысында
әрбір жағдаят үстінде ерекше білім
деңгейін көрсетуді және шығармашыл
шешім қабылдай алуын талап етеді. Оны
қанағаттандыру үшін қазіргі заманның
мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті
тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа
педагогикалық инновациялық технологияларды
меңгерген болуы керек. Тағы бір қосатынымыз
ұстаз қандай жағдай болмасын оқушы
жанынан табылуы керек. ХVIII ғасырдың
атақшы жазушысы Жан-Жак Руссо өз кезінде
«Жаман оқушы болмайды, жаман ұстаз
болады»- деген. Астарына үңілер болсақ,
мағынасы тереңде. Осы тұрғыда ұстаздарға
айтарым оқушыны білімге ғана емес,
адамгершілігі мол азамат болуына әрекет
етер күш-ол сіздер мен біздер. Сол себепті
де мұндай үлкен жауапты істі селқостықпен
қабылдамау керек. Сіз мектептен тыс
уақытта да мұғалімсіз. Солай болып
қаласыз да... Оқушыларға сыйлы, мықты
ұстаз болу үшін өзімізді дамытып,
өзімізден бастайық. Тек үлгі ғана үлкен
жетістіктерге жетелемек. Бүгінгі
таңда... Үйретуден, үйренуден жалықпаңыздар.
«Мойнақ
ауылындағы МДШО бар №23 орта мектеп»КММ
математика пәні мұғалімі Кенже Класхан