400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Жаңа діни қозғалыстар

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірбие алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән:Зайырлылық және дінтану негіздері

Мұғалімнің аты-жөні:


Күні:

Сынып: 9

Оқушы саны:


VІ тарау

Жаңа діни қозғалыстар


Сабақтың тақырыбы

§29. Теріс пиғылды діни ағымдар, олардың белгілері және зардабы


Жалпы мақсат

Дәстүрден тыс діни ағымдарды өзге діндерден ажырата білуге үйрету, өз дініне деген құрмет сезімін қалыптастыру. Білімдерін шыңдай отырып, өзара талдау жасай білуге дағдыландыру, тарихи танымын, көзқарастарын қалыптастыру, дамыту


Күтілетін нәтиже

Есте сақтау, талдау, ой қорыту дағдылары одан әрі жетіледі. Өздігінше білім алуға, Тақырыпқа қорытынды жасауға дағдыланады.


Әдіс- тәсілдер

жүйелік тәсіл


Ресурстар

дүние жүзі картасы , Оқулық: Зайырлылық және дінтану негіздері.


Сабақ барысы

Кейбір оқушылар:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау, психологиялық ахуал орнату.


ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

«Ой -танымдық сұрақтар» оқушылар арасында сұрақ – жауап

(диалог бойынша)


ІІІ.Жаңа сабақ


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


І. Кіріспе сөзі:

Халқымыз ұрпағына «жаманнан жирендіріп, жақсыдан үйрен деген отырған. Казіргі заманда әртүрлі діни ағымдардың жасөспірімдер арасында көптеп таралуы, алаңдатарлық жайт.

Елбасымыз дін туралы халыққы былай деген болатын:

«Діни экстремизмді алатын болсақ,ол адамдар арасына ірткі салуға,өшпенділік отын тұтатуға,қантөгістер ұйымдастыруға жол ашады.Пиғылы бөтен,қазақтың болмысына жат ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ,онда ертең бірлігімізге сызат түседі.

Егер елімізде нағыз таза мұсылман,Құранның жолымен жүретін халық көп болса елде береке,бірлік тыныштық болады»
ІІ. Ой қозғау.

Оқушыларға дін ге көзқарастарын білу мақсатында оқушыларға жеке –жеке сауалнама өткізу.

ІІІ. Қазақстанда тараған теріс діни ұйымдардың тарихымен ерекшеліктерін әрқайсысын жеке түсіндіру.

Қазақстанда қазір 5000 – ға жуық діни ағым ресми тіркеуден өтіп отыр.

Әлемдік тәжірибеде осы ағымдардың жұмысына байланысты қылмыстық істердің тіркелгендігі мәлім.

Жаңа діни ағымдар өздерінің уағыздарымен жұрттың

Жүрегін жылытып,

Қайғырғанға жұбаныш айтып,

Жұмыссызға жұмыс беріп,

Қайырымдылыққа ас беріп,

Үмітсізге болашақтан бақытты өмірді уәде етумен өз қауымдарына тартып, талай миссионерлік қызмет атқаруда.

Ерекшеліктері:

Бұл ұйымдарда тірі адамға табынады (ұйым басшылары тірі құдай ретінде қабылданады)

Жиындарының көбісі жасырын өткізіледі

Ұйым мүшелері қатал рухани бақылауда болады

Бұл ұйымдар қоғамға қарсы әрекет жасайды

Жаңа келген адамға ерекше мейірім көрсету

Үздіксіз медитация, қасиетті сөздерді қайталау арқылы трансқа /санадан тыс болу/ түсу

Индоктринация – ұйымда уағыздалатын ілімді түсіндіру, 3 – 4 сағаттық діни рәміздер

Діни уағыз, медитациялық музыка.

Мақсаты:

Әлемдік деңгейдегі атақ – абыройға ие болу;

Өздеріне жаппай мүшелерді жинау;

Ұйым мүшелерінің санасын өзгерту мақсатында олардың психикаларына әсер ету;

Қазіргі Қазақстанда тыйым салынған діни экстремистік ұйымдар:

«Әл Каида» /арабша тұрақ, негіз/ - көптеген тармақтарға тарамдалып кеткен, әлемнің әр бұрышындағы ислам күрескерлерін қаржыландыру және олардың қызметтерін үйлестірумен айналысатын халықаралық ұйым. 1988ж Усама Бен Ладен тарапынан негізі қаланған. Мақсаты – мұсылман елдеріндегі «шектен шыққан» билік жүйесін төңкеріп, шариғаттық басқару формасын орнату болып табылады. Исламның басты жауы ретінде – АҚШ-ты санайды.

«Шығыс Түркістан Ислам Партиясы» - 1999ж құрылған діни экстремистік ұйым. Штаб пәтерлері Пәкістанда орналасқан. «Жихад» идеясына негізделген «дінсіздермен» күрес түсінігін басшылыққа алады. Басты мақсаттары – Қытай Халық Республикасында тәуелсіз Шығыс Түркістан Республикасын құру болып табылады.

«Күрд Халықтық конгресі» - 1978ж Түркия республикасының оңтүстік шығысында қарулы күрес жолымен тәуелсіз Күрд мемлекетін құру мақсатында ұйымдасқан. Соңғы 25 жыл ішінде аздаған қарулы топтан жақсы қаруланған әскер деңгейіне дейін көтерілген КХК әр түрлі қаржыландыру көздерінің көмегімен сансыз лаңкестік әрекеттерді жүзеге асыруда.

«Өзбекстан Ислам Қозғалысы» - 1997ж Тәжікстан территориясында ұйымдасқан. Мақсаты – Өзбекстан Республикасының конституциялық құрылымын құлатып, аймақта ислам мемлекетін құру болып табылады. Орта Азия аймағында тұрақтылықты шайқау ісімен көзге түседі.

«Асбат әл Ансар» - 1985ж қалыптасқан исламдық ұйым. Штаб пәтері Ливан территориясындағы Палестинаның «Айнал Хыльуа» деген лагерінде орналасқан. Аталған орында ерікті жауынгерлерді дайындықтан өткізіп, әлемдегі «ыстық нүктелерге» жіберіп отырады.

«Мұсылман бауырлар ұйымы» - 1928ж Хасан әл Баннаның Мысыр мемлекетінің Исмаилия деген ауданында құрған діни саяси ұйымы болып табылады. «Біздің идеалымыз – Алла, басшымыз – Пайғамбар, ата – заңымыз – Құран » дейді. Қазір әлемнің 70 ке жуық елінде ашық және жасырын түрде әрекет етуде.

«Боз курт» - шектен тыс оңшыл ұлттық сипаттағы әскериленген түркиялық қозғалыс. Ортақ идеялары – біртұтас түркі мемлекеттерін құру. 1965 – 70жж қалыптасты. 80-ші жылдарда саяси және қоғам қайраткерлеріне қарсы террорлық актілер ұйымдастырған. Негізгі нысандары – жастар.

«Талибан» - Ауғанстандағы діни саяси сипаттағы қозғалыс. Ресми түрде 1994ж Пакистан Ислам Республикасының қолдауымен қалыптасады. Әр түрлі террорлық әрекетті қолданады. Орталық Азияда мемлекеттік билікті қолға түсіруге, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстандағы конституциялық жүйені құлатуға әрекеттенген.

Қазақстанда тыйым салынған осындай ұйымдардың жалпы саны – 14. Мынау солардың негізгілері болып табылады.

Оқушылар сабақтың мақсатын, барысын тыңдайды



IV.Теріс діни ағымдарға арбалып қалмаудың жолдары. (Кітапша тарату.)

Бірінші оқушылардың өздерінен теріс діни ағымдарға арбалып қалмаудың қандай жолдарын білесіздер деп сұрадым. Олардың ойларын тындағаннан кейін өзім толықтырып түсіндіріп өтемін.

Бірінші ереже

Сізге таныс емес, көшеде кездескен адаммен дін тақырыбындағы диалогқа араласпағаның жөн, немесе лекция тыңдауға,семинарға қатысуға таныс емес жерлерге шақыратын болса барудан бас тартыңыз, мекен-жайыңыз, телефондарыңыз, жақын адамдарыңыз жайлы ақпарат бермеңіз.

Екінші ереже

Көшеде,қоғамдық орындарда және т.б жерлерде діни әдебиетпен танысуды ұсынса,оны алмаңыз.Егер діни кітаптарды оқығың келсе тек Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының сараптамасы мақұлданған кітап екендігіне көз жеткізіңіз.

Үшінші ереже

Бұл діни миссиялар светтік атауларды жамылады. Егер де Сізді, ағылшын тілінің ақысыз курсына шақырса – бұған сеніп қалма, олар жаңа ілімді жаймен оқуға сені көндіруге тырысады

Төртінші ереже

Кейбір деструктивті діни ұйымдарда жаңа адамдармен танысқанда қолданатын термин сөздері бар: «Осыған дейін Сізге, осыншама ақылды екендігіңізді қалайша ешкім айтпаған!», «Сізге бұндай қасиет қайдан дарыды!» және сізге көмектесем деп ақша ұсынуыда мүмкін, Сіз одан бас тартыңыз. Себебі миссионерлердің басты мақсаты – сізді ұйымға қалай да болса кіргізу. Сондықтан да өте сақ болғаныңыз жөн!

Бесінші ереже

Егер сізді адамдардың рухани өмірі,дін қызықтыратын болса,онда сізге көмектесетін ата-анаңыз,оқытушыларыңыз.Олар сіздерге арнайы әдебиеттер ұсынып,топ сағаттарын өткізіп,әңгіме жүргізеді.

Жетінші ереже

Егер басқа конфессия туралы сыни пікірлер айта бастаса, онда бұл деструктивті діни ұйымдардың белгілері болып табылады.

Сегізінші ереже

Егер сен болашағыңның жарқын болғанын қаласаң, өзге діннің жетегінде кетем өз өміріңді өкінішке айналдырма! Ойлан

Тоғысыншы ереже

Ғаламтордан діни мәліметтерді іздеме. Дін туралы дұрыс жауапты Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы, Дін істері департаменті, Сектаға қарсы орталықтардың сайтынан іздеу.

Оқушылар ережелермен танысады



V. Теріс діни ағымдарға тартылған адамдардың психологиясындағы өзгерістері.

VI.Пікірталас

Оқушылар екі топқа бөлініп біреуі діни ағымдарды даттайды ,екінші топ діни ағымдардың қоғамға зиян еместігін айтады.

өзара ой бөліседі, сұрақтарға жауап береді



VII .Рефлексия.

Оқушылардың теріс діни ағымдар туралыосы тәрбие сағатында не түсінгендерінбілу мақсатында , келесіде толық мағұлмат беру үшін нені білгісі келетіндігін осы рефлексиядан байқайдым

Білемін

Білдім

Білгім келеді .


Рефлекция парағын толтырады




Ү.Үй тапсырмасы

§29. Теріс пиғылды діни ағымдар, олардың белгілері және зардабы

Күнделіктеріне жазады



VІ. Кері байланыс

«Табыс сатысы» әдісі

Бірінші баспалдақ Мен......................білемін

Екінші баспалдақ Мен....................түсінемін

Үшінші баспалдақ

Мен............жасай аламын


Кері байланыс парағын толтырады

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
29 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
1854
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі