400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңа формация мұғалімнің бүгінгі мен келешегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің №26 мектеп-гимназиясы» КММ





Тақырыбы:

«Жаңа формация мұғалімінің бүгіні мен келешегі»







Бастауыш сынып мұғалімі: Жуматаева Ж.А.









Жаңа формация мұғалімінің бүгіні мен келешегі.

Ғаламдану заманында , әсіресе білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен түбегейлі жаңарулар дәуірінде мұғалім алдында тұрған мақсаттар міндеттердің салмағы орасан зор болып отыр. Егер мұғалімнің өзі жан-жақты дамыған, адамзат әлеміндегі рухани байлықты бойна жинамаған, соны бағалай алмайтын адам болса, онда ол жан-жақты рухани жағынан бай жеке тұлғаны қалай тәрбиелемек?

Мұғалім информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы керек.

Оқушы субъект ретінде қарастырып, оның өзін-өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін қалыптастыру білім мен тәрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау- бүгінгі таңдағы мұғалімнің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. Мұғалім жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жету екіталай. Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру, технологияландыру әр мұғалімнен ғылыми еңбекті талап етеді. Педагогика, технология әлеміндегі жаңалықтарға үңілу, оны зерделей, зерттей отырып іс-тәжірибеге пайдалану, өзінің техногиясын қалыптастыру- заман талабы, заман ағымына ілесу де оңай емес. Кәсіби біліктілігі жоғары өзіндік позициялы, бағалы бейімділігі бар сапалы маман даярлау- бүгінгі өмір талабы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде: «Жаңа формацияға жаңа педагог қажет»-деп атап көрсетті. Жаңа формацияның жаңа педагогын қалыптастыру үшін жаңа кәсіби мазмұн, жаңа кәсіби даярлық технологиясы қажет, әрі даярлық сапасын арттыруға бірден-бір қызмет етуі керек.

Атақты педагог – ғалым В.А.Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық-бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалқ шеберлік пен педагогикалық өнер-ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады.» - деп ұстаздық өнерге ерекше баға берсе, Ы.Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім –мектептің жүрегі» деген. Демек қазіргі мектеп алдындағы басты міндеттер шешуде мұғалімнің кәсіптік білімі, мәдениеті жоғары болуы шарт.















DrawObject1

DrawObject2

DrawObject3





















Оқу –тәрбие процесін жаңартумен қатар, оны жүзеге асыратын әрбір педагогтың көзқарасын, оқушымен қарым-қатынасын түбегейлі өзгерту, әр баланың жеке және жас ерекшелігіне қарай дербес дамуын қамтамасыз ету, оларға білімнің өз мүддесі үшін қажеттігін сезіндіру, құзырлылығын айқындау-бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Жаңа мазмұндағы білім жүйесін мектеп өміріне енгізуде мұғалім педагогикалық, психологиялық, философиялық, физиологиялық және т.б. ғылым салаларының тиімді зерттеу нәтижелері мен әлемдік озық тәжірибелердің алдыңғы қатарлы идеяларын басшылыққа алады. Бүгінгі таңда білім саласында қызмет ететін әрбір педагог жаңару процесін жақтырмай қарсы алып, өзінің іс-тәжірибесіне енгізуге асығуы тиіс. Өйткені өркениетті елдің білім саясаты жаңа формация педагогның тың көзқарасын қажет етеді.

Мұғалім кәсібінің мән-мағынасы елеулі өзгерген шақта , жаңа формация педагогы педагогикалық процестің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, оқыту моделін жобалай білуі шарт. Жаңа кезеңдегі мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметтен, жеке ізденістерден, оқушымен, ата-анамен тығыз ынтымақтастықтан тұрады.

Әр оқушының жеке тұлға екені ғылыми еңбектерде жан-жақты зерттелгенімен, тәрбие жүзінде , ұлттық мектептеріміздің оқу-тәрбие процесінде, тұлға ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың толық жүзеге асырыла қоймауы- шешілмей отырған мәселелердің бірі. Жеке тұлға қабілеттеріне бағытталған оқыту процесі әр педагогтың өзіне, өз ісіне және өзгеге деген жауапкершілігі артып, оқушымен қарым-қатынасын берік сенімге негіздегенде ғана игі нәтижесін байқатуы мүмкін. Ахмет Байтұрсынов ағамыз кезінде «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» деген ғой.

Ол үшін әр педагог әрбір баланың ойынан шығып, қажеттілігін қанағаттандыра білуге дайын болуы тиіс. Өйткені қазіргі мектеп жасындағы балалар қай сыныпта оқыса да, қай жаста болса да, өзінің кім болатынын, қандай адам болатынын армандайды және өмірден өз орнын табуды басты мақсат деп санайды, сондай-ақ өзінің айналасынан дұрыс бағдар беретін ақыл-кеңес күтеді.

Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың үдесінен шыға алады.

Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа фомация мұғалімі қалыптастыра алады.

Сондықтан оқушылардың шығармашылық дербестігін, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық ой, пәндік апталықтар мен ғылыми –шығармашылық апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет. Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы мен белсенділігін , шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану-олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай-ақ, мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркемөнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.

Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық дербестігі мен ізденімпаздығын қалыптастыруда мұғалімнің педагогикалық шеберлігі қажет.





















Мұғалім оқушыларға шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру мақсатында түрлі танымдық тапсырмалар дайындауда мынадай талаптар қойылады:



  • шығармашылық тапсырмалар дайындауда оқылатын пәннің жеке сипатын, мазмұнын ескерту;

  • шығармашылқ тапсырмалар түрлі деңгейде болуы;

  • кезекті тапсырма бұрын берілген тапсырмамен байланыста және бір жүйеде берілуі;

  • білімі мен біліктерін жетілдіретіндей болуы;

  • тапсырмалардың қарапайымнан күрделіге өзгеруі;

  • оқушының жеке қабілеттерін ашатындай болуы және шығармашылық дербестігін дамытатындай дәрежеде болуы керек.

Жаңалыққа деген қызығушылық – басты ішкі талпыныс болып табылады. Оқушыларда жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылық басым болады. Ондай істер баланың бар ақыл-ойын, ішкі күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді.

Қызығушылықтың арқасында білім де, оны игеру үрдісі де, интеллекті дамытуда қозғаушы күш және жан-жақты дамыған адам тәрбиелеуде маңызды фактор болуы мүмкін. К.Д.Ушинский: «Еріксіз көндірумен, күштеумен алған білім дамыған ақыл тудыра қояр ма екен?»-деген. Ендеше, оқыту негізгі қызығушылық жағдайда болу керек. Сол себепті, білім алуға қызығушылықты дамыту үшін негізгі жағдайлар болғаны дұрыс. Олар:

-Оқушының өз бетімен ізденуге, жаңа білім «ашуға», проблемалық тапсырмалар шешуге тартылуы; оқу еңбегі басқа да еңбек түрлері сияқты әр салалы болуы керек;

-Бірізділік, біртекті ақпарат жалықтырады. Жаңа материалдың жас ерекшелігіне сай және оны игеру мүмкіншілігінің болуы;

-Әрі қарай жұмыс істеуге қызықтыру үшін игерілген білімінің жиі тексеріліп отырылуы;

-Оқу материалын бергенде мұғалім анық та эмоционалды болуы оқушыға, оның пәнге деген қызығушылығына жақсы әсер етеді.

Ақыл-ой ынтасы, қиындықты жеңу – балалардың ойлауын дамытады, оқуға қызығушылығын көтеріп, жағымды эмоциялық күй тудырады. Түсіндірумен қатар таным әрекетінің қарқынды басқа да түрлері пайдаланылса, білімді игеру мен ақыл-ойдың дамуы пәрменді болады.

Таным белсенділігі дәрежесі оқушының өзіне; тәрбиесіне, сана-сезіміне, еркіне, қызығушылығына байланысты. Егер балада бұл қасиеттер аз болса, оны қалыптастырып дамыту мұғалімнің кәсіби міндеті. Оқушының белсенділік дәрежесі оқытушының педагогтық шеберлігіне, қолданған әдіс-тәсілдеріне қайтарған жауабы тәрізді.

Мұғалім сабақ сапасын арттырып, оқушы белсенділігін үнемі көтеруге ерекше назар аударып, оқушының кез-келген сұрақ пен ұғымды талдай алуы үшін әр сабақта проблемалық оқытуды жиі қолдануы тиіс.





















Оқыту технологияларының құрылымдылық жүйесі.



Білім мазмұны.

Оны оқытудың ғылыми негіздері: танымдық-методологиялық психо-педагогикалық физиологиялық әдістері.

Мазмұндық оқу материалын меңгеруді сапалық жаңа деңгейге көтеру жолдары



DrawObject10 DrawObject9 DrawObject8 DrawObject7 DrawObject6 DrawObject5 DrawObject4





DrawObject15 DrawObject14 DrawObject13 DrawObject12 DrawObject11

DrawObject17 DrawObject18 DrawObject16 DrawObject19 DrawObject20 DrawObject21 DrawObject22









Бұларды іске асыру: әдіс-тәсілдері, құралдары.

DrawObject27 DrawObject26 DrawObject25 DrawObject24 DrawObject23

DrawObject29 DrawObject30 DrawObject28

Оқыту-әдіс тәсілдерін тиімді қолдану

Оқыту принциптерін басшылыққа алу

Оқушылардың сезімдік таным әрекеттерін, ақыл-ой белсенділігін арттыру жолдарын талдау, жинақтау, жүйелеу, проблемалық ізденіс, шығармашылық әрекеттерін ұйымдастыру

Оқушылардың психо-педагогикалық физиологиялық тұлғалық жетілуін қамтамасыз ету.







Жаңа формация педагогы бүгінгі таңда балалардың танымдық қабілетін дамыту мақсатында жан-жақты жақсы жағдай жасай білуі шарт.

Баланың танымдық қабілеттерін дамыту.

Жағдай жасау.

Баланың танымдық қабілеттерін дамыту.





DrawObject37 DrawObject36 DrawObject35 DrawObject34 DrawObject33 DrawObject32 DrawObject31

ЕDrawObject38 сте сақтау қабілетін дамыту.

Зейінін қалыптастыру

Қиялдау қабілетін дамыту

Ойлау қабілетін дамыту

Оқуға қызығушылығын тұрақтандыру

ОDrawObject39 қудың қажеттілігін түсіну

Өз бетінше білім ала білуі

Шығармашылық қабілетін дамыту

Жаңа идеяны енгізу бағыттарын ұйымдастыру.

Жаңа идеяны іздеу, табу

Жаңа идеяны енгізу

Жаңа идеяны бекіту

Ақпараттарды және жаңалықтарды іздестіру.

Оқу тәрбие үрдісіне енгізілген жаңалықтарды алғашқы байқаудан өткізу және кеңес алу.

Оқу тәрбие үрдісіне енгізілген иновациялық әдіс –тәсілдерді қолдануды ұйымдастыру

Оқу тәрбие үрдісіне енгізілген жаңалықтардың нәтижесін бағалау

DrawObject46 DrawObject47 DrawObject45 DrawObject44 DrawObject43 DrawObject41 DrawObject42 DrawObject40



















Жаңа формация мұғалімінің келешектегі нәтижесі төмендегідей болмақ

DrawObject48



DrawObject54 DrawObject53 DrawObject52 DrawObject51 DrawObject50 DrawObject49





Өз ұлтын сүйумен қатар басқа ұлттарды сыйлайтын

Табиғат пен өнердегі сұлулықты түсінетін

Әдептілік ережелерін бойына сіңірген

АDrawObject58 DrawObject57 DrawObject56 DrawObject55 на тілін құрметтейтін

Ортаның өзгеруіне қарай ақыл-ойын соған бағыттай алатын

Шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған.

DrawObject63 DrawObject62 DrawObject61 DrawObject60 DrawObject59













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
653
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі