Жаңа формациядағы білім-заман талабы.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңа формациядағы білім-заман талабы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала жаңа формациядағы білім-заман талабы туралы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңа формациядағы білім-заман талабы.

Эпиграф:

«Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да,

еңбекқор егіншісін де, кеншісін де өсіретін ұстаздар»

батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы

Қазіргі әлемде болып жатқан өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін дамытуға да ықпал етеді. Білім беру саласындада, ұстаздардың да жаңаша сабақ беру тәсілдерін өзгерткеніне де таңдануға болмайды. Себебі ХХІ ғасыр талабы сол. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне көмектеседі. Білім беру – шын мәнінде, баланың өзінің дербес мүмкіндіктерін ескере отырып белсенді іс - әрекет жасауына, жақсы көруі мен қорғанушылығын еркін көрсете білуіне, оқушының тұлға ретінде үнемі дамуына, жас және жеке ерекшеліктерін ескеруге жағдай туғызу деген сөз. Бәрімізге мәлім қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты бәсекеге қабілетті де білімді, зерделі маман дайындау. Мектеп-шәкірт тәрбиелейтін орта, оның жүрегі-мұғалім десек, ізденімпаз  мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс-оның сабақты түрлендіріп өткізе отырып, шәкірт жүрегіне жол таба білуді болып табылады.    Мұғалім – ол өз пәнін, кәсібін шексіз қадірлейтін барлық шәкіртті, мектебін шексіз сүйетін адам, сондықтан өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға екендігі даусыз.

Соңғы жылдар еліміздің білім саласына үлкен өзгерістер еніп келеді. Жаңалыққа деген ұмтылыс – дамуға деген құлшыныстың кепілі. Бүгінгі таңда біздің міндетіміз-оқушыны жеке тұлға ретінде дамыту үшін жұмысымызды жаңашаландыру-жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу. Осыған орай сабақты жаңаша тартымды, қызықты етіп өткізу- мұғалімнің шеберлігі мен білімділігі, таланты. Егер мұғалім сабақта бір тақырыпты оқытуда оқушыларды ойландыруға , ізденуге, тәжірибе жасап, істеген жұмысын қорытындылай білуге, сөйлеу мәдениетін дамытуға, ғылыми тілде сөйлей білуге назар аударса, сол арқылы танымдық мақсат қояды. Сабақта әдіс-тәсілдердің бірнеше түрлерін пайдалану арқылы оқушылардың бәрі жеке, жұппен, топпен жұмыс атқара алады. Яғни оқушы көп білетін адамдармен қарым-қатынас жасайды. Мұғалімге жеткізе алмаған ойын оқушы өз сыныптасына айта алады. Оқушылар толығымен жаңа мәліметтерді бірін-бірі оқыту, толықтыру арқылы игереді.

Қорыта келе, жаңа формацияда оқыту барысында өзгеден ақылымызбен, білімімізбен озып, көшбасшылық таныта білсек,іс-тәжірибемізде өзгерістің енгенін көруге болады. Кәсіби шебер, құзіретті, көшбасшы бола білген жаңашыл мұғалім шығармашылық жетістіктің шыңына жетеді. «Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу» -деп А.Байтұрсынов айтқандай, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы сабақты түрлендіріп, оқушының ынтасын арттырып, білім беруде оң нәтижеге жетеміз деп ойлаймын.





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.12.2020
322
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі