Жаңа форматтағы - мұғалім

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңа форматтағы - мұғалім

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз болу-жүректің батырлығы, Ұстаз болу- жүректің батылдығы.
Материалдың қысқаша нұсқасы




Түркістан облысы

Келес ауданы

4 Ж. Баласағұн атындағы жббм

технология пәнінің мұғалімі

педагог-зерттеуші

Калганбаева Гулжаухар Аширалиевна

2024– 2025 оқу жылы







Жаңа форматтағы - мұғалім



Ұстаз болу-жүректің батырлығы,

Ұстаз болу- жүректің батылдығы.


Қазіргі кезде білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық жаңа технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда. Заман бізден өзімен бірге жаңаруды, заман талабына сай өзгеруді талап етеді. Елбасымыз айтқандай: «Біз бәріміз жаңарып , жас өспірім буынды жаңаша тәрбиелеуіміз керек» деген алдымызда жаңару, өзгеру міндеті тұр.

Жаңа форматтағы  мұғалім кім? Менің ойымша, қазіргі кезде барша ұстаз қауымы жаңа форматта болуы міндетті. Себебі мына жылдам дамып келе жатқан заманда білім алып жатқан ұрпаққа сапалы да, саналы жаңа форматта білім беру үшін өзіміз де заман талабына сай барлық жаңа технологиялармен қаруланған болуымыз керек. Ол – өз  мамандығын,  өз  пәнін,  барлық  шәкіртін,  мектебін  шексіз  сүйетін  адам  болуға  тиіс. Өз  ісіне    болған  сүйіспеншілік   қана,   оны  қиын  әрекетке  қызықтырады,  іске  батыл  кірісуге  септігін  тигізеді.  Сондай  болғанда  ғана,    жас шәкіртердің  жүрегінде   мәңгі  ұстаз  болып  қалады. Ұстаздардың  ондай  қадір – қасиет,  құрметке  бөленуі  өзін  қоршаған  ортамен  әрбір  шәкіртіне  сезімталдықпен,  жауапкершілікпен  қарым – қатынас  жасауында. Өйткені,  ұстаздың  қарапайымдылығы,  мәдениеттілігі,  сыпайылығы,  жан – жақты  білімі  шәкіртке  де,  ата  - анаға,  жұртшылыққа  үлгі  өнеге.  Қай  уақытта  болсын  ұстаздың  бар  уақыты  ізденіс  үстінде  өтеді.  Ол  білімін  үздіксіз  толықтырып  отырады,  шеберлігін  шыңдайды,  оқушының  білімге  деген  ынтасымен  өзіне  деген  сеніміне  дақ  түсірмеу  үшін  өмір  бойы  атсалысады.Мұғалімнің жұмысы күрделі екендігі баршаға аян. Бүгінгі сабақты өткізген соң, ертеңгі сабаққа тың ой, жаңа идея, өзгеше әдіс-тәсілмен келу керек.  Қазіргі таңдағы ұстазға деген талап жан-жақтылықты қажет етеді. Ал осы талапқа сай болып, білімді де білікті, жаңа форматтағы ұстаз  атану үшін мұғалімдер дамылсыз білімін шыңдап отыруы қажет деп білемін.Сол сияқты біздің мектебімізде сындарлы оқытуды қолға алған. Сындарлы оқытудың оқушы мен мұғалімге берері мол. Оқушы өз ойын еркін жеткізіп, сұрақ құрып, сөйлеу тілі дамып, достары арасындағы ынтамақтастығы артса, ал  мұғалім оқушыларға көпірше болу арқылы тек бағыт – бағдар бере алады. Бүгінгі сабағына кері байланыс алып, ертеңгі сабақты дұрыс, оқушыға қызықты етіп жоспарлауға мүмкіндік жасалған. Сындарлы оқытудың ең басты талабы: жоспарды дұрыс құру, сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижесін дұрыс жоспарлау.

«Мәңгілік елдің» болашақ жастарын тәрбиелеуде жаңа сарында білім беру әрбір ұстаздың борышы деп білемін. Оқушыларға сапалы да, саналы білім беруде алдымызға жан салмай еңбек етуге міндеттіміз.Себебі еліміздің болашағы осы жастардың қолында.

Қорыта келе, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар демекші, Абай атамыздың

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегін кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға.

Деген өлең жолдарымен аяқтағым келеді.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.03.2025
83
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі