400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Жаңа инновациялық технологияларды информатика сабағында қолдану»

Материал туралы қысқаша түсінік
Информатика пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Жаңа инновациялық технологияларды

информатика сабағында қолдану»



ХІ  ғасырда білім мен ғылымды жаңа инновациялық технология бағытында дамыту маңызды мәселелердің бірі. Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан — 2050» мемлекеттік стратегиялық  жолдауында «біз білім — ғылыми — инновациялар үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз, біріншіден бұл — уақыт, қазір  инновация  заманы, инновация ғасыры» деп атап  көрсеткен болатын.

Э.Роджерс «Инновация — нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея» десе, Майлс «Инновация — арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің  жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз» дейді. Яғни инновацияны жаңаны көру, жаңаға ену, жаңаға кіріспе деп түсінуіміз қажет. Инновация  көпсалалы, кең қолданыста.  Педогогика ғылымында өзіндік категориясы болса да, зерттеуші ғалымдар білім беру жүйесіне жаңалық енгізу деп қолданып жүр. Инновация ұғымы ең алғаш мәдениеттанушылардың зерттеулеріне енді, ал қазір барлық салада кеңінен қолданылады.

Жаңа қоғам кеңістігінде жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі жүріп жатыр. ХХІ  ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры деп аталатыны мәлім. Сондықтан қазіргі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен  мәліметтер беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, қатаң бәсеке  жағдайында өмір сүріп, жаңа дәуір жаңалықтарымен  сусындатып отыруға тиісті. Бұл іске  нәтижеге қол жеткізу үшін , мұғалім  — қоғамдағы болып жатқан  тез өзгеріп  тұратын әлеуметтік  — экономикалық , педагогикалық өзгерістерге  тез төселген, жаңаша ойлау жүйесін  меңгерген, жан — жақты білімдарлығы, тұтас дүниетанымы  болуы қажет. Өз пәнінің  шеңберінде  қалып қойған мұғалім балаға білім, тәрбие берудегі биік мақсаттарға жете алмайтыны анық.

Егеменді еліміздің тірегі — білімді ұрпақ. ХХІ  ғасыр білімділер ғасыры. Информатика келешек ұрпақтың :

  • жан — жақты білім алуына;

  • іскер әрі талантты;

  • еркін дамуына жол ашады.

Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі — білім беру үрдісін ақпараттандыру. Бұл бағыт жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.

Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі — білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, бүкіл әлемдік коммуникация желісіне шығу.

Бүгінгі таңда оқытудың ақпараттандыру үрдісіне ерекше көңіл бөлінуде. Оқыту үрдісін ақпараттандыру  — қазіргі қоғамды ақпараттандыру үрдісінің  бағыты болып табылады. Ал, барлық арнайы ақпараттық құралдары (ЭЕМ, аудио,бейнефильм,кино) қолданатын технологияларды тәжірибеде ақпараттық технологиялар деп атаймыз. Алдымен информатика саласының жаңа ақпараттық технологияларға көшпей тұрып, оқу — үрдісінде білім беруде ақпараттандыру мүмкін емес.

Білім берудегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз — Оқу мен оқу — тәрбие материалдарын үйретуге арналған информатика негізгі құралдарының оқу үрдісіндегі рөлі мен орны, мұғалімдермен оқушылардың еңбегін жетілдіру, оларды пайдаланудың  түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесі екені белгілі.

Оқытудағы жаңа ақпараттық технология аса қажетті педагогикалық мәселелердің шешімін табуға, ой еңбегін арттыруға, оқу үрдісін тиімді басқаруға негізделген.

Жаңа ақпараттық технологияның   білім саласына енуі  педагогтарға  оқытудың мазмұны, әдістері мен ұйымдастыру түрлерін  сапалы түрде өзгертуге мүмкіндік береді.

Тәуелсіз еліміздің  рухани және  экономикалық өрлеуі,  білім берудің қазіргі  жаңа құрлымы мен  оқу-әдістемелік мазмұнының  мұғалімнің өз кәсіби  шеберліктерін  шыңдауды, жаңартуды талап етеді. Білім беру   саласында  жаңа ақпараттық  технологияларды пайдалану  арқылы  жаңа инновациялық  әдістері ретінде  қашықтан оқыту  жүйесі жетекші рөл атқарады.

Компьютер арқылы оқыту мынандай міндеттерді қамтиды:

  1. Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашады;

  2. Ойлау қабілетін дамытады;

  3. Оқыту тәрбие үрдісіндегі ақпараттың алмасу  сипатын айқындайды.

Қолдану тиімділігі:

  1. Шығармашылық қабілеті дамып, мәдениетінің деңгейі мен  ықыласы  көтеріледі;

  2. Оқушылар бірден өзінің әрекеттерінің нәтижелеріне сәйкес  талдаулары  мен ұсыныстарын бірге  көреді;

  3. Оқушының пәнге қызығушылығы артады;

  4. Мұғалім оқушыға бағыт беріп отырады;

  5. Уақыт үнемделеді;

  6. Орташа оқитын оқушылар саны азаяды.

Білім беруді  тез қарқынмен  компьютерлендіру  қажеттілігі мына факторларымен  түсіндіріледі:

  1. Құралдарын қажетті деңгейге  пайдалана алатындай  жан-жақты дамыған  дара тұлға ретінде  тәрбиелеу.

  2. Жаппай компьютерлік сауаттылық мәселелерін шешу, яғни оқушыларға информатика  мен комуникациялық техниканың құралдарын  пайдалану  дағдысын  қалыптастыру.

  3. Оқушыныңшығармашылық қабілетін , экспериментальді іскерлігін дамыту.

  4. Оқу- тәрбие үрдісінің  барлық деңгейін   жетілдіру,  тиімділігі мен  сапасын жоғарлату мақсатын  компьютерді жекелеген пәндерге  оқыту құралы  ретінде пайдаланады.

Информатика  білім сапасын  арттыруды  негізгі  құралын  меңгеру  үшін  алдымызға мынандай  мақсат қою керек:

  1. Ақпараттық техниканың жетістіктерін толық пайдаланып , өмірге қажеттіліктерін пайдалануға жол ашу

2.Шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінін қалыптастыру

3.Оқушының жаңа мүмкіндігін ашу

4.Оқушылардың белсенділіктерін арттыру

  1. Барлық топтар бойынша тәртіп, сыйластық ұйымшылдықты болдыру

6.Тақырып бойынша ең негізгіні түсініп, ажырата білу

Сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды  пайдалана отырып , сонымен  қатар  компьютерді,интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсек, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011 — 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі — білім беру ұйымдарын электрондық оқыту жүйесіне енгізу. /e-learning/. «Оқушы автоматтандырылған жүйеде жеке порфолиосын, күнтізбесін, күнделігін» жүргізеді. Мұғалім күнтізбелік — тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыруларды тсс бар  мәліметтер, ДК арқылы енгізіледі.Электрондық оқыту жүйесінің негізгі мақсаты білім беру ұйымдары қызметкерлеріне үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қол жеткізуді қамтамасыз етуге негізделген болса, міндеті — оқу — тәрбие үрдісін автоматтандыру болып табылады. Аталған міндетті шешу үшін оқу тәрбие үрдісіне қатысушылардың қызметін автоматтандыру қажет.Білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты ҚР біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру болып табылады.Олай болса білім беру саласында  информатика пәнін оқытуда ақпараттық технологияны пайдалануға, әлемдегі ақпараттық кеңістікті  әлемдік білім беру  кеңістігімен сабақтастыруға мүмкіндік береді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Интеллектуалды ұлт  — 2020» ұлттық жобасы үш құрамдас бөліктен тұруы тиіс деп, оны талдап берді. Біріншісі білім беру жүйесін инновациялық даму жүйесіне  түсуді қалыптастыру, екіншісі дәстүрлі технологияның  қажеттісін ақпарап және біліммен  мол қамтамасыз ету, білім тасқынынан керектісін іріктеп  алу және қолданысқа енгізу күн тәртібінен түспеуі тиіс.

Ақпараттық — коммуникативтік технологияны оқу — тәрбие үрдісіне енгізуде мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады. Оқу тәрбие үрдісінде телекоммуникациялық технологияларды қолданудың 2 жолы бар: оқушылар мен мұғалімдерді желімен жұмыс жасауға үйрету, дайын телекоммуникациялық  жобалармен жұмыс жасауды ұйымдастыру, пәндік — әдістемелік Web  — сайттар, Web бетін құру.

ХХІ  ғасырдың жан — жақты зерделі, дарынды, талантты адамды қалыптастыруда білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Осы тұрғыда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру,таңдай білу еркіндігі тиіп отыр.

Қазіргі заман талабының өзі оқушыны бірінші орынға қою, яғни мұғалім сабаққа бағыт беруші болып, оқушы алдын — ала берілген тапсырмалар арқылы сабақ  түсіндіріп, өздік, өзіндік талдау жасап, бірін — бірі бағалап, өз ойларын толық жеткізіп, білім  беруші рөлін алады. Осы заманғы білім беру ісінің  өзекті мәселесіне оқушыларға түсетін ауыртпалықты жою, олардың бойында оқуға деген қызығушылықты, белсенділік пен өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін арттыру, өмірге деген көзқарас қалыптастырып, алған білімін өмірлік жағдайда қолдана білуіне жол ашу жатады.

Инновациялық әдістермен жасалған теориялық талдаулар үздіксіз жыл бойында жүзеге асырылып отырса, бала жаттығып, өз бетінше ізденіп, жаңалық ашуға, зерттеу жұмыстарын жасауға дайындалады. Осы арқылы қоғамдағы түрлі қайшылықтар мен жағдайларды, халқымыздың мәдени құндылықтарын өздігінен пайымдауға қадам бастайтын, рухы мықты азамат тәрбиелейміз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
1032
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі