15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жаңа жыл
26.12.2016
Тақырыбы: Төрлет, Құтты Жаңа
жыл!
Мақсаты:
Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа
жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда
бойларындағы бар өнерлерін ортаға салып үйрету. Көңілді өткізу өз
қолдарында екенін
түсіндіру.
Барысы:
Екі жүргізуші ортаға
шығады.
1-жүргізуші:
Армысыздар ардақты ағайын, ұлағатты ұстаздар,
Жаңа 2017-ші Тауық жылын асыға күткен
оқушылар!
2-
жүргізуші: Армысыздар, балаларының балалық шағының
бақытын көргісі келген ата-
аналар!
1-жүргізуші: Әне- міне дегенше 2016 –шы Мешін жылы да аяқталып қалыпты. Бұл жылда біздер бір жасқа есейдік, елімізде көптеген ілгерілеу жұмыстары атқарылды.
2-
жүргізуші: Тәуелсіз мемлекетіміздің 25- жылдығын
тойладық. Осы 25 жыл ішіндегі еліміздегі атқарылған игі істерінің
куәсі болдық.
1 -
жүргізуші:
Бүгін бізге жырдан алқа
тағайын,
Шат күлкіге толы болсын
маңайын.
Көргендер де, көрмегенде
арманда
Жаңа жылың құтты болсын
ағайын!
2 –
жүргізуші
Зеңгір көкте жұлдыз болып
жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып
арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат
әкелген,
Жаңа жылың құтты болсын
ағайын!
1-жүргізуші:
- Құрметті, жамағат жүрекке жылылық ұялатар
алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы
ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім
ұясының білікті басшылары
..................................................
береміз.
2 -
жүргізуші: Досым, байқаймысың, барша бала сыйлық алуға
асыға күтетін Аяз Атамыз бен Қар Қызы көрінбейді ғой. Оларды
шақырсақ қалай қарайсыңдар,
достар?
1- Жүргізуші:
Қуаныңдар ағайын,
тамсаныңдар!
Сүйіншімен маңайға жар
салыңдар.
Аяз ата келеді
Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы
алыңдар!
- Онда бәріміз бірге шақырайық. Аяз Ата, Қаршақыз.(Барлық балалар бірге айтады)
АязАта: - Армысыңдар,Тәуелсіз Қазақ елінің жас ұландары! Ат арытып Қаршақыз екеуміз тағы бір жаңа жылды сендермен бірге қарсы алуға келдік.
Қаршақыз: - Армысыңдар, балғын балалар, бақытты ата-аналар, дархан жүректі ұстаздар.Биылғы аяқталғалы отырған Мешін жылы сіздерге берекелі де мерекелі жыл болғаны белгілі.
Аяз Ата: - Ау, Қаршақыз, 2017 – ші Тауық жылы табалдырық аттағалы тұр. Тауық қайда?
Қандай жарқын
жүздерің,
Қандай әсем
жырларың
Асулармен
алысқан,
Асау желмен
жарысқан
Аталарың
сендерге
Шаршап келді
алыстан.
Қаршақыз:
- Аяз Ата, кешіріңіз. Мен
Тауықты ертіп келейін.(Осы кезде Тауық ортаға шығып, Бүкіл Шыршаға
жиналғандармен амандасады)
Тауық: - Армысыңдар, мені асыға күткен көпшілік! Тауық өте еңбекқор, адамға пайдасы көп үй құсы.
Ол адамдарды зиянкес
жәндіктерден қорғайды, ерекше күтімді қажет етпейтін, тек жылы
қорасы болса, соны қанағат тұтатын, балапандарына қамқор, иесіне
адал, шаруаға жайлы құс.
2 –
жүргізуші : - Ия, Тауық. Сен өзің туралы өте дұрыс
мағлұмат бердің. Келіп жеткен 2017 жыл өзің айтқандай шаруаға
жайлы,адал еңбектің жемісін көретін берекелі де мерекелі жыл
болғай!
Тауық:
Қуанышты ортамыз сазға
ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық
аспан!
2017-ші жыл қадам
басқан
Гүлденіп көркейе бер
Қазақстан!
Ақшақар: Қош келдің жаңа
жыл.
Аяз
Ата: Ал айналайын жаңа жыл, келген қадамыңа нұр
бітсін. Мынау менің ұлдарыммен қыздарым, мынау халқым саған аманат.
Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, жаңа
жыл.
1 -
жүргізуші: - Олай болса, жаңа жыл мерекесін қарсы алуға
келген балалардың өнерлерін
тамашалайық!
2 –
жүргізуші: Жарайды, мен келістім. Ендеше бастасақ,
бастайық.
1
-оқушы:
Армысың, аманбысың, Жаңа
жырым,
Жаңа жылым! О менің Жаңға
жылым!
Тауық жылы келгенде, сый ғып
тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл
сырын
2
–оқушы:
Жаңа жыл – жаңа әннің
тербелуі
Жаңа жыл – ақ арманның
өрленуі.
Жаңа жыл – партадағы
лүпілдеген,
Кішкентай шәкірттердің
ержетуі.
3 -
жүргізуші:
Жаңа жыл – бұл жаңа
нұр
Нұрдан ләззат ала
біл.
Ақын жазар жаңа
жыр,
Жырдан тыңда терең
сыр.
4-оқушы:
Жаңа жылда жаңа белден
асамыз,
Жаңа жылға жырмен шашу
шашамыз.
Бейбітшілік ұранымен,
жеңіспен,
Жаңа жылда тағы да алға
басамыз.
5-
оқушы:
Барлық жандар бір тілекке қосқан
үн
Бақыт боп бастады жыл
дастанын
Қуанышпен келді той боп жаңа
жыл.
Құтты болсын жаңа бақыт
достарым.
Хор: «Жаңа
жыл»

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген