400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңа жыл
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін,әсем безендірілген залға балалар музыка әуенімен үш топқа бөлініп кіреді.

1.Сайқымазақтар

2.Шығыс қыздары

3.Әртүрлі костюмдер

Жүргізуші:құттықтау сөзі.

Ән «Жаңа жыл»

Ортаға екі бала шығады.

1. Анель

Келіңіздер,келіңіздер,

Би де,ән де шырқалады.

Қызығы мол жаңа жылдың

Тамашасын көріңіздер!

Жаңа жылым жол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрлет,төрлет жаңа жыл

Бізге құтты жол болсын!

2.Мансур

Даламызға,қаламызға

Жаңа жыл кіріп келеді

Қартыңызға,балаңызға

Жалынды сәлем береді.

Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар

Таңырқанып тұрмаңыздар

Сәнді шырқа шақырады

Шырша жырын жырлаңыздар!

Музыка әуенімен Жылан келеді.

Жылан жаңа жыл кешімізге қош келдіңіз.Балалардың жаңа жылға арнаған тақпақтарын тамашалаңыз.

Тақпақтар:

3.Адия

Дала аппақ,

Жапалақтап,

Қар жауып тұр тынбастан.

Қалың орман,

Қар жамылған.

Маужырайды түнгі аспан.

О,алақай!

Аяз ата келе жатыр алыста.

Кәне,досым,

Әнге қосыл.

Қол ұстасып,құшақтасып,

Үйренейік жаңа жыр.

Құтты болсын, құтты болсын,

Құтты болсын,Жаңа жыл!

4.Бекжан

Қар жауғанда

Топ бала

Соқтық келіп

Аққала.

Мұрыны-сәбіз,үп-үшкір

Көзі -көмір,қап-қара.

Көне шелек басында,

Сыпырғышы қолынды,

Мұз айдынды аршуға

Келгендей-ақ ол мұнда.

5.Нейла

Аппақ,аппақ дала,

Аппақ ауыл қала

Жапалақтап ақша қар

Жауа берсін жауа

Көңіліміз қаласа

Сыртқа шығып таласа

Қар атысып ойнаймыз

Қыстың күні тамаша!

Жылда осылай келеді.

Көп қуаныш береді

Шашу етіп біздерге

Ақ күмісін төгеді.

6.Байрам

Жүзімізде күлкі ойнап

Естіледі әніміз

Жаңа жылды қарсы алып

Би билейік бәріміз

Ауламызда ұшып жүрген

Ақ мамық қар себелеп

Ұлпа қарларды шақырдым

Бізге билеп берсін деп.

Жылан сөзі:рахмет балалар,бірақ шыршаның шамдары неге жанбаған.Ол үшін кім бізге керек?

Балалар:Аяз ата

Жылан:дұрыс айтасыңдар.Онда Аяз атаны шақырайық.

Балалар: Аяз атаны шақырады.

Би: «Шығыс»

Жүргізуші сөзі:Немереңіз қайда.Неге жалғыз жүрсіз.Ақшақарды шақыру.

Музыка әуенімен Панда мен Ақшақар келеді.

Тақпақтар:

7.Диляра

Ақ қыс келіп сән құрды,

Тау далаға,жараса.

Әйнектердің сан түрлі,

Әшекейі тамаша.

Жасыл шырша төрдегі

Дейді «Бәрін көр мені».

Неткен әсем құлпырып,

Ойыншықтар тұр тұнып.

8.Асанәлі

Ормандағы шыршалар

Қыста әбден тоңады.

Кішкентай шыршаларды

Аяп үйге алады.

Моншақтар оған қыстырып,

Әнменен шеңбер құрамыз.

Көңілді күймен мәз болып,

Жаңа жылды қарсы аламыз.

9.Арайлым

Аңсаған қыс келді,

Жауды көп ақша қар.

Аппақ ақ түске енді,

Жайқалған бақшалар.

Тамаша сый алып,

Келді Аяз атамыз.

Шаттанып,қуанып,

Шырқап ән айтамыз.

10.Атамұрат

Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап

Өлең де әзір,ән әзір,

Ойын да әзір,бәрі әзір

Кел,Жаңа жыл,біздерге,

Кел,Жаңа жыл,Жаңа жыл.

11.Адия

Тамаша сый алып,

Келді Аяз атамыз.

Шаттанып,қуанып

Шырқап ән айтамыз.

Ән «Жаңа жылдық ән»

Ойын: «Пима»

Музыка әуенімен Сенсей келеді.

Панда сен қайда жүрсің?Неге сабаққа келмедің?

Панда:Сенсей бүгін Жаңа жыл. Балаларды құттықтауға келдім.

Сенде бізбен балалардың өнерлерін көр.

Дене шынықтырудан көрініс.

Анель,Адия,Нейла,Диляра,Байрам,Мансур,Хусейн,Алмаз.

Тақпақтар:

12.Алмаз

Ақ таяғын таянып,

Таңмен бірге оянып.

Аяз ата келіп тұр,

Ақ күпіге оранып.

Ал,балалар ,тұрмайық,

Би билейік ,ойнайық.

Аяз ата қуансын

Дөңгеленіп,зырлайық.

Көрдің бе Аяз атаны?

Аппақ екен сақалы,

Аппақ екен мұрты да,

Аппақ екен шапаны.

13.Алишер

Тілеймін мен бар адамға,

Жаңа бақыт,Жаңа жыр,

Әке-ана, әке-ана,

Құтты болсын ,Жаңа жыл!

Тілеймін мен бар әлемге,

Дос көп болсын жан ашыр.

Ата-әже,ата-әже

Құтты болсын,Жаңа жыл!

14.Асанәлі

Оралды өлкеме,

Жаңа жыл армысың!

Оранды ақ көрпе

Асқар тау,қарлы шың

Тоғай да,баулар да,

Ақ күміс жамылды

Дала да,таулар да

Өзіңді саңынды.

15.Хусейн

Мерекеге келдік,

Тақпақ айтып бердік.

Ойыншықтарын тізген,

Шыршаны да көрдік.

Аяз ата келді,

Бізге кәмпит берді,

Біз кәмпитті жейік

Рахмет, ата дейік!

Мысық келеді (музыка әуенімен)

Көрініс: «Үш торай»(ағылшын тілінен)

Би: «Сайқымазақтар»



Тақпақтар:

16.Әбілмансур

Қараңыз мынау шыршаға,

Неткен әсем көрікті.

Жаңа жылдық думанға,

Аяз ата келіпті.

Балалар да көңілді,

Би билеп жүр ән салып.

Жаңа жыл,жаңа өмірді

Қуанышпен қарсы алып.

17.Альбина

Ертегі әлемі

Қандай өзі әдемі,

Жасыл шырша жанында,

Барлық достар жиналды.

Кәне,балаұай,байқашы,

Мән беріп қарашы!

Достардың барлығы,

Үлгердіме санашы.

18.Санджар

Ертеңгісін байқадым,

Жердің беті ақ-қырау

Дәл маржан деп айтамын

Төгілуге шақ тұр-ау.

Өзеніме,көліме

Әсем ою ойыпты,

Ағаштардың бәріне

Алқа тағып қойыпты.

19.Ибрагим

Аппақ,аппақ қар аппақ

Қар жамылған дала аппақ.

Қырау-қырау тал аппақ

Айналаның бәрі аппақ.

Аппақ біздің шанамыз,

Аппақ қардан ағамыз.

Сауық-сайран саламыз,

Біз шадыман баламыз.

Жылан кетеді

Жылқы келеді.

Ойын «Достарым,кел билейік»

Тақпақтар:

20.Мансур

Аппақ бүгін қыр далам,

Ақ дастархан жапқандай.

Халық біткен қарбалас,

Қонақ күтіп жатқандай.

Әр көңілде жақсылық.

Кетер жылға мың алғыс

Әкелген көп жақсылық.

21.Жалғас

Шаттық жыр,шаттық жыр

Дидарында шаттық нұр

Аяз ата ортада

Арқасында қапшық жүр

Келіңдер,келіңдер!

Тақпақ айтып беріңдер.

Жомарт аяз атадан

Сыйлық алып көріңдер,

Дала нұр,қала нұр,

Құтты болсын Жаңа жыл!

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

22.Владимир

Жасыл желек жамылған

Жасыл моншақ тағылған

Міне жасыл шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ күріштей.

Қызыл ала шапаны

Сағындым аяз атаны.

Би «Жаңа жыл»

Аяз ата әкелген сыйлығын көрсетеді.Балалармен қоштасып,достарын бірге алып кетеді.

Бәрі қоштасып кетеді.

Мансур

Келді міне жаңа жыл,

Қарсы алайық бәріміз

Күліп,ойнап,би билеп

Ән салайық бәріміз.

Ән: «Жаңа жыл»

1жүргізуші :

Жаңа жыл жаңа бақыт әкелсін;

2 жүргізуші:

Жаңа жыл жаңа табыс әкелсін;

Балалар:

Кездескенше күн жақсы болсын

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
539
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі