жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Жаңа жыл
Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін,әсем безендірілген залға балалар екі топқа бөлініп кіреді.
Бірінші топ Мальвина,екінші топ Карлсон артынан кіріп жайғасады.
Ортаға екі бала шығады.
1.Саида
Келіңіздер,келіңіздер,
Би де,ән де шырқалады.
Қызығы мол жаңа жылдың
Тамашасын көріңіздер!
Жаңа жылым жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрлет,төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын!
2.Мансур
Даламызға,қаламызға
Жаңа жыл кіріп келеді
Қартыңызға,балаңызға
Жалынды сәлем береді.
Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар
Таңырқанып тұрмаңыздар
Сәнді шырқа шақырады
Шырша жырын жырлаңыздар!
(Музыка әуенімен Буратино келеді.)
Буратино сөзі:
Сәлем,достар,аман ба?
Нұр берді шырша алаңға
Жылға шашу шашайық,
Тойлап,көңіл ашайық.
1.Жүргізуші Мальвина сөзі:
Буратино жаңа жыл кешімізге қош келдіңіз.Балалардың жаңа жылға арнаған тақпақтарын тамашалаңыз.
Тақпақтар:
1.Ильяс:
Жасыл желек жамылған
Жасыл моншақ тағылған
Міне жасыл шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
Сақалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей.
Қызыл ала шапаны
Сағындым аяз атаны.
2.Екатерина:
Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді,
Бізге қарай жылыстап
Өлең де әзір,ән әзір,
Ойын да әзір,бәрі әзір
Кел,Жаңа жыл,біздерге,
Кел,Жаңа жыл,Жаңа жыл.
3.Айбек
Ақ қыс келіп сән құрды,
Тау далаға,жараса.
Әйнектердің сан түрлі,
Әшекейі тамаша.
Жасыл шырша төрдегі
Дейді «Бәрін көр мені».
Неткен әсем құлпырып,
Ойыншықтар тұр тұнып.
4.Сандина
Дала аппақ,
Жапалақтап,
Қар жауып тұр тынбастан.
Қалың орман,
Қар жамылған.
Маужырайды түнгі аспан.
О,алақай!
Аяз ата келе жатыр алыста.
Кәне,досым,
Әнге қосыл.
Қол ұстасып,құшақтасып,
Үйренейік жаңа жыр.
Құтты болсын, құтты болсын,
Құтты болсын,Жаңа жыл!
5.Ислам
Аңсаған қыс келді,
Жауды көп ақша қар.
Аппақ ақ түске енді,
Жайқалған бақшалар.
Тамаша сый алып,
Келді Аяз атамыз.
Шаттанып,қуанып,
Шырқап ән айтамыз.
6.Мансур
Ертегі әлемі
Қандай өзі әдемі,
Жасыл шырша жанында,
Барлық достар жиналды.
Кәне,балаұай,байқашы,
Мән беріп қарашы!
Достардың барлығы,
Үлгердіме санашы.
Анель:
Келді міне жаңа жыл,
Қарсы алайық бәріміз
Күліп,ойнап,би билеп
Ән салайық бәріміз.
Ән: «Жасыл шырша»
(Музыка әуенімен жолбарыс келеді)
Жолбарыс сөзі:
Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып,сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жаңа жылды қарсы алып
Би билейік баршамыз.
Би: «Аңдар»
Тақпақтар:
7.Анель
Тілеймін мен бар адамға,
Жаңа бақыт,Жаңа жыр,
Әке-ана, әке-ана,
Құтты болсын ,Жаңа жыл!
Тілеймін мен бар әлемге,
Дос көп болсын жан ашыр.
Ата-әже,ата-әже
Құтты болсын,Жаңа жыл!
8.Алишер
Мерекеге келдік,
Тақпақ айтып бердік.
Ойыншықтарын тізген,
Шыршаны да көрдік.
Аяз ата келді,
Бізге кәмпит берді,
Біз кәмпитті жейік
Рахмет, ата дейік!
9.Назерке
Жүзімізде күлкі ойнап
Естіледі әніміз
Жаңа жылды қарсы алып
Би билейік бәріміз
Ауламызда ұшып жүрген
Ақ мамық қар себелеп
Ұлпа қарларды шақырдым
Бізге билеп берсін деп.
10.Санджар
Аппақ бүгін қыр далам,
Ақ дастархан жапқандай.
Халық біткен қарбалас,
Қонақ күтіп жатқандай.
Әр көңілде жақсылық.
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық.
11.Разия
Қар жауғанда
Топ бала
Соқтық келіп
Аққала.
Мұрыны-сәбіз,үп-үшкір
Көзі -көмір,қап-қара.
Көне шелек басында,
Сыпырғышы қолынды,
Мұз айдынды аршуға
Келгендей-ақ ол мұнда.
12.Ибрагим
Бұл -шырша,шырша,
Қуаныш жалпыға!
Сүйікті шырша,
Жарқыра,жарқыра!
Назерке:
Тамаша сый алып,
Келді Аяз атамыз.
Шаттанып,қуанып
Шырқап ән айтамыз.
Ән:Қыздар вокалы «Жаңа жыл».
Жүргізуші Мальвина:
Ал,енді балалар Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Балалар:Аяз ата мен Ақшақарды айғайлап шақырады.
(Музыка әуенімен мыстан кемпір ұшып келеді.)
Аяз атаның орнына мыстан кемпір ұшып кіреді де,шыршаны бір айналып,ортаға келеді.
Мыстан кемпір сөзі:Пай-пай!Мен қайда келдім өзі.Мына шыршаның кереметін-ай!Үйге алып кетсем бе екен?Осы кезде мыстан төменге еңкеәіп,шыршаның түбірімен жұлып алғысы келеді.
Жүргізуші Карлсон:
Мыстан кемпір біз жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз,тимеңіз біздің шыршамызға!Сіз оданда бізге Аяз ата мен Ақшақарды тауып әкеліңіз.Балалар күтіп қалды.
Мыстан кемпір ұшып кетеді.
Жүргізуші Мальвина:
Қуаныңдар,ағайын,тамсаныңдар,
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар
Аяз ата келеді Ақшақармен
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
Балалар тағы да Аяз атаны шақырып көрейікші.Мүмкін естіп қалар.
Балалар айғайлап шақырады.
(Музыка әуенімен Аяз ата мен Ақшақар атқа мініп келеді.)
Аяз ата мен Ақшақар балаларды ,қонақтарды құттықтайды.
Шырша шамын жағады.
Балалар:Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат!
Тақпақтар:
13.Айсара
Шаттық жыр,шаттық жыр
Дидарында шаттық нұр
Аяз ата ортада
Арқасында қапшық жүр
Келіңдер,келіңдер!
Тақпақ айтып беріңдер.
Жомарт аяз атадан
Сыйлық алып көріңдер,
Дала нұр,қала нұр,
Құтты болсын Жаңа жыл!
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр.
14.Асанәлі
Ақ таяғын таянып,
Таңмен бірге оянып.
Аяз ата келіп тұр,
Ақ күпіге оранып.
Ал,балалар ,тұрмайық,
Би билейік ,ойнайық.
Аяз ата қуансын
Дөңгеленіп,зырлайық.
Көрдің бе Аяз атаны?
Аппақ екен сақалы,
Аппақ екен мұрты да,
Аппақ екен шапаны.
15.Ақмарал
Ертеңгісін байқадым,
Жердің беті ақ-қырау
Дәл маржан деп айтамын
Төгілуге шақ тұр-ау.
Өзеніме,көліме
Әсем ою ойыпты,
Ағаштардың бәріне
Алқа тағып қойыпты.
16.Амирхан
Оралды өлкеме,
Жаңа жыл армысың!
Оранды ақ көрпе
Асқар тау,қарлы шың
Тоғай да,баулар да,
Ақ күміс жамылды
Дала да,таулар да
Өзіңді саңынды.
17.Нейла
Шырша қандай керемет
Ойыншықтар ілінген.
Жымың қағып шамдары
Бүкіл қызық тірілген.
Жарқырайды жан-жағым,
Жаңа жылдық киіммен.
Аяз ата сыйлығын
Жеңіп алдым биіммен.
18.Әліби
Келді,міне жаңа жыл талға көрік.
Қар болып,Қарға болып,Жарға қонып.
Келді,міне жаңа жыл аппақ болып.
Ән салып,Жұмбақ болып,Тақпақ болып.
Екатерина:
Тауда туып,тауда өскен
Шырша келді ортаға
Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз!
Ән: «Шырша»
Айсара:
Жаңа жылды қарсы алдым,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
Би «Жаңа жыл»
Көрініс(ағылшын тілінен)
Музыка әуенімен чебурашка мен қолтырауын Гена баянмен кіреді.
Чебурашка:Мәссаған,Гена қарашы,қаншама халық келген.Мен осыншама үлкендермен балаларды көрген емеспін!
Гена:Ал,мен көрдім.Зоопаркте жұмыс жасасаң бұдан да көп адам көресің.
Екеуі өздерін таныстырады,балаларды,қонақтарды құттықтайды.
Тақпақтар:
19.Аделина
Аппақ,аппақ дала,
Аппақ ауыл қала
Жапалақтап ақша қар
Жауа берсін жауа
Көңіліміз қаласа
Сыртқа шығып таласа
Қар атысып ойнаймыз
Қыстың күні тамаша!
Жылда осылай келеді.
Көп қуаныш береді
Шашу етіп біздерге
Ақ күмісін төгеді.
20.Әділжан
Ормандағы шыршалар
Қыста әбден тоңады.
Кішкентай шыршаларды
Аяп үйге алады.
Моншақтар оған қыстырып,
Әнменен шеңбер құрамыз.
Көңілді күймен мәз болып,
Жаңа жылды қарсы аламыз.
21.Наргиз
Қараңыз мынау шыршаға,
Неткен әсем көрікті.
Жаңа жылдық думанға,
Аяз ата келіпті.
Балалар да көңілді,
Би билеп жүр ән салып.
Жаңа жыл,жаңа өмірді
Қуанышпен қарсы алып.
22.Темірлан
Аппақ,аппақ қар аппақ
Қар жамылған дала аппақ.
Қырау-қырау тал аппақ
Айналаның бәрі аппақ.
Аппақ біздің шанамыз,
Аппақ қардан ағамыз.
Сауық-сайран саламыз,
Біз шадыман баламыз.
23.Хусейн
Ақша қарға малынып,
Аппақ тонын жамылып,
Сақалы мен мұртына
Күміс моншақ тағылып,
Аяз ата келеді
Балаларды сағынып!
Ойын: «Хоккей»
Мыстан кемпір қап сүйреп кіреді.Қаптың ішінен жылан шығады.
Жылан бәрімен амандасып,жаңа жылдарымен құттықтайды.
Тақпақтар:
24.Дания
Жаңа жылда жаңаша,
Тақпақ айтамыз.
Болсын риза балаша,
Аппақ атамыз.
Сақалыңның ұзыны-ай,
Саудыраған мұзын-ай.
Жарқыраған оттары,
Жаңа жылдың қызығы -ай.
25.Диас
Жаңа жылда барлық үйге,
Аяз ата келеді.
Жаңа жылда сәбилерге,
Сыйлық әкеп береді.
Кел келе бер,келе бер,
Аяз атамыз!Аяз атамыз!
Көп болсын мерекелер,
Көп қызыққа батамыз.
26.Асанәлі
Жыл он екі дегенің,
Қайталайды өлеңін.
Жаңа жылды шаттанып,
Қарсы алумен келемін!
Жаңа жылды қарсы алып,
Қуанады барша жқққұрт.
Қыздырады думанын,
Балалар да ән салып.
27.Хасан
Келіп қалды қараңыз,
Жарқ-жұрқ етіп шапаны,
Шашу толы даламыз
Күміс дала үстінде
Біз де зулап барамыз.
28.Мадина
Үйренеміз өнер біз
Шетімізден шеберміз.
Аяз ата өзіңізге
Ән де салып береміз.
Ойын «Шар үрлеу»ата-аналармен ойналады.
Саида:
Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақшақарды ортаға алып,
Би билейік бәріміз.
Би: «Шығыс»
Аяз ата әкелген сыйлығын көрсетеді.Балалармен қоштасып,достарын бірге алып кетеді.
Ән: «Жаңа жыл»
Жүргізуші:Құрметті қонақтар ,балалар жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталды.Көріп тамашалағандарыңа рахмет.Жаңа жыл құтты болсын,отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген