ЖАҢА ЖЫЛ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЖАҢА ЖЫЛ

Материал туралы қысқаша түсінік
ШОТ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Қош келдің,Жаңа жыл,жаңа жыл!

Жүргізуші:

Жаңа жыл еңселеніп еніп тұр,

Жаңа үмітпен ,жақсылықпен келіп тұр.

Ойындағы бар мейірім,қуанышын.

Балдырғандар,өздеріңе беріп тұр.

Жаңа жыл білім нұрын шашып тұр,

Намыс,жігер бақыт гүлін ашып тұр.

Адамзаттың армандары асқақтап,

Тебіреніп от сезімі тасып тұр.

Қымбатты бүлдіршіндер ,ата-аналар,ұстаздар!Сіздерді келе жатқан 2017 жыл- Тауық жылымен құттықтаймыз.Жаңа жыл жаңа табыс,отбасыңызға денсаулық, молшылық әкелсін.

Жаңа жыл құтты болсын! Сөз кезегін беру

Қараңдаршы балалар,

Әдемі мына шыршаға.

Жылтырайды шамдары,

Ойыншықтары көп екен.

Балалар,қараңдаршы ,шырша қандай әсем,көрікті.Әдемі моншақтарын тағып алып,сіздерді күтуде.Шыршамыздың шамы жанбапты ғой.

Қане,шыршамыздың шамын жағып алайық.,маған шырша шамын жағуға көмектесесіңдер ме?

1-2-3 Шырша шамы жан,шырша шамы жан.

Балалар,шыршамыз әлі жанбай тұр,қане қатты шапалақтайық,аяғымызбен жерді тақылдатайық.(шырша жанады,балалар қол шапалақтап қуанады)

-Келіңдер,балалар тұрмайық,

ән шырқайық шыршаға!

Хор: «Жаңа жыл»

Жүргізуші: балалар,айтыңдаршы жаңа жылда әрдайым біз кімді тосамыз?

Балалар: Аяз атаны!

Жүргізуші: Қане,балалар,сиқырлы сөзімізді айтып,аяз атаны шақырайық.

Балалар: бір,екі,үш ,Аяз ата кел!(үш рет қайталайды)

Жүргізуші: қызық,Аяз ата қайда? (әуен қосылады,қасқыр келеді)

Ой,балалар,бұл кім болды екен?

Қасқыр: мына жерден Қызыл телпекті көрген жоқсыңдар ма балалар,ол әжесінің үйіне кетті деп еді?

Жүргізуші:Жоқ,келген жоқ.байқамадық.

Қасқыр: жарайды,онда ол орманда адасып жүрген шығар,мен сонда барайын(шығып кетеді)

Музыка ойнап,Қызыл телпек кіреді.

Қызыл телпек: сәлеметсіңдер ме,балалар. Мен әжемнің үйіне бара жатыр едім.Сендердің сондай әдемі киініп алғандарыңды көріп,қызығып кеттім.Қандай мерекені тойлағалы жатырсыңдар? Жаңа жыл мерекесі құтты болсын.

Жүргізуші:сәлеметсің бе,Қызыл телпек.сені де мерекеңмен құттықтаймыз

сені қасқыр іздеп жүрген,өзімен бірге орманға алып кетпекші?

Қызыл телпек: Енді не істеймін? Қасқыр менің жолымды ,қарап жүр екен ғой.Сендер маған көмектесе аласыңдар ма?

Жүргізуші: Қызыл телпек жаңа жылда көңілін түспесін,қане балалар

бәріміз билеп көңілін көтерейік.

Музыка: «Аяқпенен топ-топ»

Жүргізуші:Қызыл телпек саған көмектессе Аяз ата көмектеседі,бірақ ол әлі жоқ.

(сол кезде қоян шығады)

Қоян: Мен қоянмын,қоянмын,

Көңілденіп жүремін.

Жаңа жылды тойлауға

Ең бірінші келемін (жан-жағына қарайды)

Сендер Аяз атаны тосып отырсыңдар ма?Аяз ата әзір бос емес,,сендерге келе алмайды.Оны мен білемін,өйткені оның бұйрығы бар.Оның бұйрығы орындалмайынша,мереке басталмайды.

Жүргізуші:Сонда қалай,Аяз ата қандай бұйрық берді?

Қоян: Ал сендер бұйрықты мұқият тыңдаңдар!

1-шіден барлық адамдар достасып,жаңа жылды көңілді қарсы алу керек.

2-шіден бәрі алдын-ала көйлек,маска дайындап қоюлары керек.

3-шіден мерекеде ешкім тәртіп бұзбау керек.Тентек істер жасамау керек.Кімде кім тәртіп бұзса,Жаңа жылдық мерекеге қатыстырылмайды.

(қоян үн-түнсіз қалған кейіп танытады)

Қызыл телпек: Ой енді мен қорықпаймын,қасқыр онда Жаңа жылға қатыспайды ғой.Ол аяз атаның бұйрығын орындамай тентектік жасайды

Жүргізуші: Ал,біздің бүлдіршіндеріміз тентектік жасамайды,олар шетінен өнерлі.Қазір көресіңдер,ортаға «Балдырған» әнімен Кәусар,Мансұр,

Нұрберген,Нұрсезім шығады.Тамашалаңыздар

Қоян: -ой-ой,мен керемет ән тыңдаймын деп мүлде ұмытып кетіппін досым аюды оятуды,оны жаңа жылға шақыруым керек екен ғой.Бірақ,оны жалғыз оята алмаймын.Аю қатты ұйқыда,енді не істесем болады?

Қызыл телпек : Қоян,сен уайымдама,біздің балалар саған көмектеседі.

Балалар ,көмектесеміз бе?

Балалар: көмектесейік

Қоян: рақмет,балалар.Олай болса былай істейік,мен үйшікке жақын барып есікті қағамын,ал сендер менімен ілесе барып қол шапалақтап,,аяқтарыңмен жерді соғып көріңдер.Мүмкін,аю оянар.Жүріңдер ,балалар оятып көрейік.

Аю : Қатты әрі тәтті ұйықтап жатыр едім,неге сонша шулайсыңдар? Не болып қалды? Не керек менен сендерге?

Қоян: Ренжіме ,сен балаларға.Мен балаларды көмекке шақырдым.Ұйықтап қалсаң, жаңа жылда Аяз атаның сыйлығынан құр қаласың ғой?

Қонжық: Рақмет,менің достарым.Қоянға қарап,қоянжан саған да... қайда кетті әлгі қоян?(қоян шыршаның бір жағынан,екінші жағына айнала қашып сығалайды)Мен мұндамын

Аю : қоян,жүр орманымызға қайтайық.Жаңа жыл мерекесіне дайындалайық.

Қоян: Жоқ.Осында балалармен жаңа жылды қарсы алайықшы .Керемет емес пе?

Қызыл телпек: Орманнан қасқырды да шақырайық,енді тентектік жасамас.Ол да жаңа жылды қарсы алсын.Осы кезде түлкі келеді.

Түлкі: Аяз атаның бұйрығын естідім.Мен,бүгін тәртіптімін,тентек болмаймын.Міне,сендерге қонаққа келдім.Ах,қандай әдемі шырша!Мен көтеріп әкете алмайтын сияқтымын,бірақ мына жылтыраған моншақтарынан біраз алып кетейін.Осы кезде шырша шамджары сөніп қалады.Түлкі қорқып ,қашып кетеді.

Жүргізуші: Әй,мына қу түлкі ме? Бізді алдады,шыршамыздың шамдарын сөндіріп кетті.Енді не істесек екен?

Музыка ырғағымен Ақшақар кіред:

Сәлеметсіздер ме балалар

Сүйсіндірер маңайды

Ақшақармен арайлы

Жалт-жұлт еткен жүзімен

Күміс сәуле тарайды

Ақшақармын аппақпын

Қалай тыныш жатпақпын

Менсіз қыстың сәні жоқ

Әнмін, жырмын, тақпақпын

Сендер неге мұңайып отырсыңдар?

Жүргізуші: Түлкі шамдарымызды өшіріп кетті.

Ақшақар: Шыныменде дұрыс болмапты.Таптым.Келіңдер менің кішкентай ұлпа қарларым.шыршаға жақын келіңдер,Шырша шамын жағайық.

Би: «Ақшақар»

Ақшақар: Міне,шыршаның шамдары жанды.Енді аяз атаны қонаққа шақыру керек.Қане,бәріміз қосылып шақырайық.Аяз Ата келіңіз.

Аяз Ата:

Ау,амансың ба,ұлдарым,

Амансың ба,қыздарым.

Қандай жарқын жүздерін

Қандай әсем жырларың

Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

Ақшақар:

Ал,қанекей балалар,

Той-думанды жалғайық.

Жаңа жылда

Шыршамызды айналып,

Ән мен жырды бастайық.

Хор; «Шырша жыры»

Жүргізуші:Балалар,Аяз ата мен Ақшақар алыс жолдан шаршаған болар.Төрге шығыңыз, олар сізге арнап тақпақтар айтып береді.

Әділбек,Асылжан,Айзере,Бақдаулет,Нұрсезім,Нұрислам,Хансұлтан,Нұрдидар,Санжар,Нұрберген,Мадияр,Ерхан.

Би: «Кішкентай Аяз аталар»

Балалар ,біздің арамызға өткен жылдың иесі Мешін келіп тұр,сөз кезегін берейік.

Ән: «Кішкентай шырша» орындайтын Кәусар

Жүргізуші: Аяз ата ,өткен бір жылда біздің балаларға қаншалықты ақыл кіргенін,көп тақпақтар ,әндер үйренгендерін көрдіңіз бе?

Тақпақтар: Мансұр,Көркем,Інжу,Қитжан,Мейіржан,Аянат,Кәусар

Аяз ата: Әндерің де,тақпақтарыңда сондай тамаша. Ал сендер аяздан қорқасыңдар ма?

Балалар: Жоқ,қорықпаймыз.

Аяз ата: олай болса,тексеріп көрейік.

Ойын : «Тоңдырамын»

Аяз ата: Ой мен шаршадым.шынымен де сендер аяздан қорықпайтын балалар екенсіңдер.

Балалар келіп жатқан жаңа жылымыз Тауық жылын ортаға шақырайық.

Би: «Шөжелерім»

Тақпақтар: Инабат, Санжар,Кәусар,Сезім,Иса,Исабек,Мая,

Гимнастикалық би орындайтындар: Рахман мен Раян

Би: «Буратино»

Ақшақар: Аяз ата,балалар әнде айтты,би де биледі,сыйлық толы қабыңыз қайда?

Аяз ата: Ой,қыста маған орманда қаппен жүрген қиын.Бірақ мен сендерге сыйлық дайындап қойғам.Бәріңе де сыйлық беремін.(көңілді әуенмен қоян мен қонжық кіреді)

Екеуі: міне,біз келдік бәріңе сыйлықтар алып келдік.

Аяз ата: Ой ,бәрекелді көмекшілерім менің.Ал енді біздің қайтуымыз керек.Сендер сияқты баска да балалар тосып отыр.Сау болыңдар,балалар!





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
400
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі