Материалдар / Жаңа жыл

Жаңа жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды тобында өткізілген ертеңгілік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Наурыз 2023
204
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Музыка әуенімен балалар залға кіреді, жартылай шеңберге тұрады.


Ләйла:

Уа халайық жараңдар

Айналаға қараңдар

Жаңа жылдың бұл тойын

Салтанатқа санаңдар

Қызық көріп шат болып,

Шаттық күліп тараңдар!

Асылжан:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар

Таңырқанып тұрмаңыздар.

Сәнді шырша шақырады,

Шырша жырын жырлаңыздар.


Камилла:

Армысыздар халайық

Бармысыздар халайық

Жаңа жылды жұп жазбай

Бірге қарсы алайық



  1. Ән: «Жаңа жыл»


(Балалар шырша түбінде жайғасып отырады.) 
Жүргізуші:
Қараңдаршы балалар,
айнала сондай әдемі, өздеріңде әдемі болып кетіпсіңдер. Мынау не? Жамылғы ғой балалар. Бұл жай жамылғы емес екен жарқыраған, әдемі жұлдызды жамылғы.
-Сендер білесіңдерме, бұл кімнің жамылғысы?
-Иә, бұл ертегі елінің ханшайымы Шахерезаданың жамылғысы. Балалар мен жаңа айтып өттім. Бұл жай ғана жамылғы емес, жаңа жылда не тілесек, тілегімізді орындайтын жамылғы екен. Ендеше жамылғының сиқырлы жұлдызшасын ұстап, сыйқырлы сөзді айтайық не болар екен?
Балалар:
Ертегі,ертегі
Таңырқат біздерді.

(Ән әуенімен Шахерезада келеді)
Шахерезада: Менің атым Шахерезада Шығыс елінен келдім, мен ертегі айтқанды жақсы көремін.
Жүргізуші: Шахерезада біз жамылғыңызды тауып алдық.
Шахерезада: - Рахмет, менің сиқырлы жамылғымды тауып бергендеріңе. Мұндағы әрбір жұлдыз ертегіге айналады. Жұлдызшаны қолымызға алсақ, ертегілер елінен бірақ шығамыз.
Жүргізуші: Балалар Шахерезада жұлдызшаны қолына алды, сиқырлы сөзді айтуымыз керек.

Балалар:
Ертегі, ертегі
Таңырқат біздерді.
(Ән әуенімен Алладин кілемшемен, қолында шамы бар келеді)

Алладин:Қолындағы шамды уқалай бастайды.
(Жарық өшіп, үлкен ірі жын шығады.)

Жын:У-ух-хо-хо-ха-ха (Алладиннің аяғына жығылады.)


Алладин: Шегініп сен кімсің?


Жын: Мен сенің құлыңмын тақсырым. Не бұйырасың? Тез арада орындаймын. Тасқа айналдыр десең, тасқа айналдырамын. Қатырып таста десең қатырамын.


Алладин: Міне керемет! Мен жаман іспен айналыспаймын, Шығыстың әдемі қыздарының арасында болғанды қалаймын тезірек орында.
Жын: Әміріңізге құлдық (айналып үш рет шапалақтайды).
Би: Шығыс биі.
Алладин: Рахмет жын, ертегі айтатын Шехерезада осыма?
Жын: Иә, бұл біздің Шехерезада.
Алладин: О,сұлу қыз, мен сыйлық бергенді, жақсылық жасағанды жақсы  көремін. Жынды, шамымды саған сыйға беремін, ал.
Шахерезада: Рахмет Алладин.
Алладин: Менің бір көңілді ойыным бар. Келіңдер ойнайық.

Ойын: Аналары мен балалары ойнайды.

Алладин: Рақмет сіздерге балалар, сау болыңыздар!
Жын: Әмір беріңіз ханымым.
Шахерезада: Жын Аяз атаны мерекеге тезірек келуіне көмектес.
Жын: Әміріңізге құлдық. (айналып үш рет шапалақтайды)
Аяз атаның дауысы: Келемін асығып келе жатырмын (аудио).

Жүргізуші: Сәлеметсізбе Аяз ата, біз сізді көп күттік.
Аяз ата: - Сәлеметсіңдер ме қыздарым мен ұлдарым. Мен сендердің мерекелеріңе асығып ұзақ жүрдім. Көп сыйлықтар әкелдім.

Жүргізуші: Аяз Ата алыстан шаршап келді, олай болса тақпақ айтып берейік.


Сардар:

Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға

Асылхан:

Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.

Мұстафа:

Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап

Гүлім:

Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз.
Ән шырқайық баршамыз

Адина:

Вот и Новый год пришел,
Дед Мороз к нам в дверь зашел,
У него мешок большой,
Видно, там подарок мой!

Мансур:

Новый год стучится в двери,
На пороге Дед Мороз,
Я глазам своим не верю:
Он подарки мне привез!


Жүргізуші: Аяз Ата өзіңіздің сиқырлы таяғыңызбен шырша шамын жағып беріңізші.
Аяз Ата:1,2.3
Шырша шамы жан.
Шыршаға арнаған әндерің бар ма?
Ән: В лесу родилась елочка.


Сиқыршы кіреді.
Сиқыршы: Алладин қайда? Шам қайда? Шахерезада айт кәне.
Шахерезада: Шамның саған не керегі бар. Жынды шақырып жаман істермен айналыспақшысың ғой. Кет бұл жерден әйтпесе саған жаман болады.
Сиқыршы: Әп бәлем сен мені қорқытпа. Әйтпесе Аяз Атаны сиқырлап,сені алып кетемін, жаңа жылда сыйлық болмайды.Ух-ха-ха-ха деп сиқырлайды. Сиқыршыларым жиналыңдар өнерлеріңді көрсетіңдер.
Би: Сиқыршылар.
Сиқыршы: Жетеді. Биледіңдер  енді жұмысқа кірісіңдер. Аяз Атаға шабуыл жасап сыйлығын тартып алыңдар.

Ойын: Кім жылдам?

Аяз атаның дорбасынан 1 сыйлықты алып сиқыршылар бір – біріне лақтырып ойнайды. Аяз ата сиқыршыларды қатырып тастайды.

Сиқыршы: Кешірші Аяз Ата. Мені босатшы

Аяз ата: жоқ мен сені босатпаймын, сен қатыгезсің!

Ал сиқыршы балалардың ортаға аналарын шақырайық, аналары өздерінің жылулығымен балаларын босатсын.
(аналары келіп балаларды босатады)

Сиқыршы: Мені де кешірші Аяз Ата. Мені босатшы. Енді жаман іспен айналыспаймын.
Аяз ата: Балалар кешіремізбе?(балалардың жауабы) Сиқыршы ескі жылмен жаңа жылды сахна төріне сиқырлап әкелсін.
Сиқыршы: Жарайды Аяз Ата дегенің болсын.
Барыс пен қоян келеді.

Барыс: Мен ескі жылмын сіздерге бір жыл бойы молшылық, бақыт әкелдім.


Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2023 жыл қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер Қазақстан!


Қоян: Сәлеметсіздер ме, кешіккен жоқпын ба, мен сондай асықтым, сондай жүгірдім, кешігем деп қатты қорықтым, уақытында жеттім бе?

Ақшақар: Қош келдің жаңа жыл.
Аяз Ата: Ал айналайын жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің ұлдарыммен қыздарым, мынау халқым саған аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл бол, жаңа жыл.
Ән ағылшнша

Аяз ата:
Барыс жылы көп жақсылық әкелді. Енді қоян жылында көп  жақсылық болсын.

Шахерезада:
балалар менің сендерге әкелген қызық ойыным бар. Келіңдер жаңа жылымыз қоянмен бір ойын ойнайық.

Ойын: Сиқырлы орамал


Барыс: балалар менің кететін уақытым болды. Келесі кездескенше аман болыңдар!


Барлығы: Қош бол, барыс, қош бол.
Би:


Аяз ата: Жарайсыңдар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерің қандай әдемі! Солай емеспе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал,балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!

Жүргізуші: Құрметті, балалар, қонақтар жаңа жыл құтты болсын! Отбасыларыңа тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!

Музыка әуенімен балалар залдан шығып кетеді.











Бекітемін: А.У. Мулдагалиева

Күні: 27.12.2022 ж

Тақырыбы:

Мақсаты: Балаларға жаңа жыл туралы түсінік беру. Аяз Ата сыйлық беретінін айтып, балаларды қуанышқа бөлеу. Шыршаның әсемдігіне назар аударып, ойыншықтардың әдемілігіне қызықтыру. Әндер, билер арқылы балаларды өнерге талпындыру. Өлеңдерді мәнермен айтып, ертеңгілікте достық сезімдерін ояту, ән, тақпақ арқылы сөздік қорын дамыту.















































































ЖШС «Галактика 2020 » бөбекжай – бақшасы





Қош келдің, Жаңа жыл!

Мектепалды «Тұлпар» тобы





Дайындаған: Тлебалиева А.А.









Атырау қаласы – 2022 жыл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ