Мақсаты: Балаларды қонақжайлылыққа үйрету,
мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Кейіпкерлер: Жүргізуші, Аяз ата, Ақшақар, Тәтті
қыз.
Көрнекіліктер: Ақ ұлпа қарлар, тәтті кәмпиттер,
корзина, сыйлақтар.
Музыка әуенімен балалар қолдарына жылтыр
қарлармен би қимылдарын жасап кіреді,билеп болған соң жарты шеңбер
болып, шыршаның қасына барып
тұрады.
Жүргізуші:- Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!
Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен
құттықтаймыз.
Келді тағы Жаңа жыл, Қуантумен біздерді Құтты
болсын мереке, Құттықтаймыз
сіздерді.
Жүргізуші:- Балалар, қараңдаршы, біздің бөлмеміз
әдемі безендірілген, біз бүгін Жаңа- жыл мерекесін тойлаймыз. Бізге
көптеген қонақтар келіпті, шыршаға әдемі ойыншықтар
ілініпті.
Жүргізуші:-Балақайлар, қараңдаршы шыршамызда
қаншама ойыншықтар, тәтті кәмпиттер ілінген. Осы әсем шыршамызға
әдемі әнімізді тарту етеміз.
Ән: «Қысқы ән»(орындыққа
отырғызу)
Арғы жақтан есік
қағылады.
Жүргізуші:- Балалар мерекемізге қонаққа келген
сияқты.
Аяз ата мен Ақшақар кіріп
келеді.
Аяз- Ата: Амансыңдар ма,
балалар?
Сәлеметсіңдер ме,
қонақтар?
Балаларым,
балғыным
Өмір гүлім
шалғыным.
Тілегенім жыл
бойы,
Сендердің
денсаулықтарың!
Ақшақар:- Балалар, мені таныдыңдар ма? Мен Аяз
атаның немересі Ақшақармын!
Аяз-ата- Ой, балалар шыршаларың қандай әдемі,
керемет!
Ақшақар:қандай керемет менің ұлпадай әппақ
сіңілілерім келіп қалыпты,сендермен би билегім келіп тұр. Келіңдер
ортаға билейік.
Жүргізуші:аяз ата сіз ұзақ жолдан шаршаған
боларсыз, отырып демалыңыз. Ал, ақшақар біздің аппақ қыздарымызбен
би билеп көңіл көтерсін.
Би: «Ұлпа қарлар» /қыздар биден соң қарларды
жерге шашып тастайды/
Ақшақар:- Балалар қараңдарша айналамызда қаншама
ұлпақарлар шашылып жатыр. Қанекей бәріміз қарларды жинап, шыршаның
айналасын безендірейік!
Ойын: «Ұлпақарлар
жинау»
Ойынның шарты: Балалар ұлпа қарларды жинап,
шыршаның түбіне қояды.
Ақшақар:-Жарайсыңдар балалар,бір сергіп қалдық.
Ой, қандай керемет шырша!!! Қаншама жалтыраған ойыншықтары көп.
Бірақ шамдары жанбай тұрғой.? Келіңдер балақайлар бірге шамдарын
жағайық.
Ойын: «Шыршаның шамдарын
жағу»
Ойынның шарты: Ақшақар балалармен қол соққанда
шырша шамы жанады. Ал, үрлеген кезде шырша шамы сөнеді. Ойынды үш
рет қайталау. /Ойынның шартын ақшақар түсіндіреді және
ойнатады/
Жүргізуші: Қане балалар енді әдемі,әсем
шыршамызға әнімізді арнайық.
Ән хоровод: «кішкентай
шыршамыз»
Жүргізуші: Балалардың тақпақтарына кезек
берейік.
Тақпақтар: тәрбиеші өзі
табады
Осы кезде Аяз ата ұйықтап шыршаның қасында
отырады.
Ақшақар:- Балалар қараңдар Аяз ата ұйықтап қалды.
Ол алыстан келемін деп әбден шаршаған ғой. Ой, балалар тыныш,
тыныш. Қасына барайық, келіңдер жақындайық. Қанекей балалар Аяз
атаны оятайық.
Ойын: «Аяз атаны
ояту»
Ойынның шарты: Қане балалар қолымызды қатты
соғып, аяғымызды топылдатайықшы аяз ата ұйықтап қалыпты.
Алақанымызбен қаттырақ соғайық. /Ойын 3 рет
қайталанады/
Аяз атаоянып
кетеді)
Жүргізуші:- Келіңдер балақайлар! Аяз атаны ортаға
алып ән айтайық.
Ән: «Аяз ата-ақша
қар»
Аяз- ата: Тамаша, керемет. Жарайсыңдар балалар
бүгін сондай қуанышты мереке болды.
Ақшақар: Аяз-ата сіз ештеңе ұмытып кеткен жоқсыз
ба?
Аяз-ата- Жоқ мен ештеңе ұмытқаным жоқ. /ойланып/
Балалар ән айтты, балалар мен бірге шыршаның шамын жақтым,
тақпақтарын тыңдадым, ойын-ойнадық. Жоқ ештеңе ұмытқаным
жоқ.
Ақшақар- Балалар айтыңдаршы Аяз-ата сендерге не
беруі керек?
Балалар-
Сыйлықтар!!!
Аяз ата:- Ой, ой, ой кәрі басым-ай, балаларға
сыйлықтарын беруді ұмытып кетіппін ғой. Қане қызым Ақшақар алып кел
сыйлықты.
Ақшақар: Ой Аяз ата мында біреу бар ғой. /артқа
қарай шегінеді/
Жүргізуші:/жақындап/ ой мында тәтті қыз ғой
отырған. Келе ғой тәтті қыз, қорықпа мында біз жаңа жыл мерекесін
тойлатып жатырмыз сен мында неге
отырсың?
Тәтті қыз: Біз достарымызбен мерекеге келе
жатқанбыз, адасып кетіп осы шыршаның астына тығылдық. Міне менің
дос кәмпиттерімде бар.
Ақшақар:Ой, тәтті қыз өзің тоңыпта қалыпсың,тәтті
кәмпиттеріңде тоңып қалған болар, сен мерекеден адаспадың дұрыс
тауып келгенсің, мереке осы жерде болып жатыр. Кел біздің
балалармен жылынып, көңілді кәмпиттер биін бірге би
билеңдер.
Би: «Тәтті кәмпиттер»
общи
Аяз ата: Тәтті қыз қызым, жылынаып, көңілің
көтерілдіме?
Тәтті қыз: Рахмет, аяз ата ия көңілім көтеріліп,
жылынып, мерекеге келгеніме сондай қуанып
тұрмын.
Аяз ата: міне енді дұрыс болды. Біздің балалар
өте зерек, қонақжай. Олай болса, қане Ақшақар қызым, енді шыршаның
түбіндегі сыйлықты алып келе қойшы.Ақшақар шыршаның түбінде жатқан
үлкен сыйлықты алып келеді.
Ақшақар:- Қараңдаршы балалар, Аяз ата сендерге
қандай керемет сыйлықтар алып келген. Жаңа жыл деген таңғажайыпқа
толы мереке ғой! Барлық адамдар бұл мерекені жақсы көреді.
Қапшықтың ішін ашады, сыйлықтар
шығады.
Аяз ата-
Ал,кәне,балалар,
Сендерге сыйлығым
бар,
Аталарыңның
сыйлығын
Қуанып қабыл
алыңдар!
Жүргізуші:- Біз өнерлі
баламыз,
Ертең-ақ өсіп
толамыз.
Атамыздың
сыйлығын,
Рахмет айтып
аламыз.
Бәрі бірге:
РАХМЕТ!
Аяз ата- Ал, балаларым тағыда Жаңа жыл құтты
болсын.Енді біздіңде қайтатын уақытымызда болып қалды.Себебі,
өздерің секілді балалар өнерлерін дайындап, сыйлықтарын алуға
асығып отырған болар. Келесі жылы кездескенше қош сау
болыңдар!
Балалар- сау
болыңыздар!
Жүргізуші:-
Би-биледік,жыр-жырладық,
Қызығына
тоймадық.
Достарменен
ойнадық,
Жаңа жылды думандатып тойладық! Ал, құрметті
қонақтар осымен мерекелік ертеңгілігімізді «Шыршаға бардық»-
әнімізбен аяқтаймыз. Келесі мерекеде кездескенше қош-сау
болыңыздар!
Ән: «Шыршаға
бардық»
Похожие
публикации:
28 желтоқсан 2021
«Жаңа жылдық мерекеде – Қызыл телпекке саяхат»
«Ұшқын» тобының «Қызыл телпек» ертегісінің желісі бойынша
лайықталып жазылған, жаңа жылдық
сценариі
29 желтоқсан 2021
«Жаңа жылдық мерекеде – Қызыл телпекке саяхат»
«Жұлдыз »тобының «Қызыл телпек» ертегісінің желісі бойынша
лайықталып жазылған, жаңа жылдық
сценариі
28 желтоқсан 2021
«Мерекелік кеште,Аққалаға көмек!» «Көгершін»
тобының жаңа жылдық ертеңгілікке арналған мерекелік
сценарий
29 желтоқсан 2021
«Сиқырлы қоңырау қонақтарды шыршаға шақырады»
«Қарлығаш» тобының жаңа жылға арналған ертеңгілік
сценариі
29 желтоқсан 2021
«Сиқырлы қоңырау қонақтарды шыршаға шақырады»
«Ботақан» тобынын жаңа жылға арналған ертеңгілік
сценариі