Материалдар / "Жаңа Жыл"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жаңа Жыл"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың мерекеге деген қызығушылықтарын арттыру
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Бекітемін________________

2 «Ұлан» бөбекжайы -бақшасы

меңгерушісі: П.Тилеубекова






«Қош келдің Жаңа жыл»

Ортаңғы «Құлыншақ» тобы





«Қош келдің Жаңа жыл»

Жаңа жыл мерекесіңе қарсы ортанғы топтарға арналған ертеңгілік

Мақсаты:

  1. Жаңа жыл мерекесіне байланысты ән, тақпақ, би үйрету.

  2. Жаңа жыл кейіпкерлермен таныстыру, ойындарды ойнатқызу және мерекеге қызығушылық тудыру.

  3. Шығармашылық қабілеттерді шығарып дамыту, достыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Қатысатыңдар: Аяз ата, Ақшақар, Аққала, Жүргізуші.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн

Қанаттана кең алқапқа тарайды.

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған

Кел, балалар, келіңіздер,

Тамашаны көріңіздер!


(Әр-түрлі костюм киіп келген балалар залға көңілді музыкамен келіп, шырша жанында тұрып, жартылай шеңбер жасайды)

Жүргізуші: Армысыңдар, халайық!

Бармысыңдар, халайық!

Жаңа жылды жүп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Ертегі әлемі қандай өзі әдемі.

Жасыл шырша жанында

Барлық достар жиналды.

Кәне, балақай, байқашы,

Мән беріп қарашы!

Достардың барлығы,

Үлгерді ме, санашы!



Ақсұлтан: Аяз ата тыңдаңыз

Тақпақ айтып берейік

Ортамызда шыршамыз

Ойнап бірге күлейік

Торғын: Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жанашыр

Ата-әже,әке-ана.

Құтты болсын Жаңа жыл


А. Аңсар: Қыстың күні көңілді

Көп қызықты көреміз

Шығып алап далаға

Сырғанақты тебеміз


.

Нұрбақыт: Қорықпаймыз аяздан

Шымшысада бетімді

Аппақ қарды кешеміз

Киіп алып етікті

.



7-бала: Жаңа жыл, жаңа жыл,

Жаңалық ізде сен.

Жаңа ән, жаңа жыр,

Жазып бер бізге сен.

8-бала: Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз той жылда бір.

Жарқын, жарқын ән салып,

Жалғасады жырға жыр.

Жүргізуші: О керемет, керемет!

Бейне аппақ көбелек.

Ақшақар жай көлбеңдеп,

Қонып жатыр жерге кеп.

Шыр көбелек айналып,

Қонып жатыр жайланып.

Дейді қайтып ұшпаймыз,

Осы жерге қыстаймыз.

Би;Қояндар биі Айшуақ тобы

Жүргізуші: Мінеки, жасыл шырша,

Қуаныш жалпыға.

Құлпырған сүйікті шырша,

Бәрі: Жарқыра, жарқыра, жарқыра!

(Шыршаның шамдары жанады)

Жүргізуші: Тауда туып, тауда өскен,

Шырша келді ортаға.

Қандай жақсы шыршамыз,

Ән шырқайық баршамыз.

Ән:Шырша жыры

Алдияр: Тамаша, тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Жаңа жылда ертегі,

Келе ме біздің бақшаға?

Томирис: С Новым годом!С Новом годом!

Мы спешим поздравить всех!

Пусть обходит вас ненастье!

Пусть звучит веселый смех!



(Музыка ойналып, балалар орындарына отырады,залға Аққала кіреді).

Аққала: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің жаңа жылды күтіп отырғандарыңды естідім..

Би «Конфетки»

(Елдана Айзере,Аяулым,Торғын,Томирис)

Жүргізуші:Жылға шашу шашайық

Тойлап көңіл ашайық

Тұрып шеңбер құрайық

Баршамыз ән салайық


Ән «Аққала» Адия


Аққала:Жарайсыңдар балалар


Жүргізуші:Жүзімізде күлкі ойнаған

Қанаттанды жанымыз,

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз.


Айзере: Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оранып


Қ. Айлин: Жаңа жылым мол болсын
Баскан қадам он болсын
Төрле Төрле Жаңа жыл
Бізге Құтты жыл болсын

Ақжүрек: Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз


Аяла: Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да

Аяз ата сағынған,

Сәлем берді жұртына

Жүргізуші: Жылға шашу шашайық

Тойлап көңіл ашайық,

Тұрып шеңбер құрайық

Баршамыз ән салайық!


Ән «Біз бақытты баламыз» Елдана


Жүргізуші: Балалар, жылдамырақ Аяз атаны мен Ақшақарды шақырайық!

Балалар: Аяз ата! Ақшақар!

(Салтанатты музыкамен залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді)

Аяз ата: Ау, амансыңдар ма, ұлдарым!

Амансыңдар ма, қыздарым!

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың!

Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан.

Аталарын сендерге,

Шаршап келді алыстан!

Жаңа жылдарың құтты болсын!

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Сәлеметсіздер ме, ата аналар!

Аяз ата: Міне, сендерге де қеліп қалдық қой!

Ақшақар немереммен екеуіміз орманды аралап, кешігіп қалдық.

Жетеді, шаршадым! Ой-ой-ой! Аяз ата кешіре гөр!


Жүргізуші: Шетімізден шеберміз,

Аяз ата өзіңізге

Ән де салып береміз!

Ақшақар: Ал, қанеки балалар,

Ән мен жырға басайық,

Той думанды жалғайық!

Би «Аяз аталар»Ұлдар

Аяз ата: А а а! Бәріміз бірге шырша шамын жағайық!

Бәрі: Қуант бізді таңырқат,

Жасыл шырша,

Шамдарыңды жарқырат!

(шыршаның шамдары жанады, бәрі шапалақтайды)

Ақшақар: Шырша қалай жарқырады,

Неше түрлі оттарымен.


Жүргізуші:Өткен жылға ризамыз

Өсе түсті бойымыз,

Өсе түсті ойымыз

Жарқырайды жүзіміз


Аяулым: Кең пейілді,мол мейірлі

Сағынышпен табысқан

О,алақай,аяз атай

Келе жатыр алыстан

Бексұлтан: Кел балалар тақпақты

Тақылдатып айтайық

Аяз ата таң қалсын

Сыйлық алып қайтайық

Елдана: Дала нұр,қала нұр

Құтты болсынЖаңа жыл

Жасыл шырша жанында,

Билеп барлық бала жүр.

Нұрасыл: Аяз ата келіп тұр

Бізге сәлем беріп тұр

Тақпақ айтқан балдарға

Сыйлықтарын беріп тұр.


Жүргізуші:Жүзімізде күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз, бәріміз!

Би;Қыздар(Аяла,Айлин,Айлин,Ақзия,Нұрбақыт,Айша)

Аяз ата: Ал, немерем, Ақшақар, балалармен қоштасайық.

Біздің әлі баратын жерлеріміз бар.

Сау болыңдар, балалар!

Ақшақар: Сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңыз!


Жүргізуші: Жаңа жыл ауылдарды жарылқасын,

Қиналып, әр отбасы тарылмасын.

Жаңа жылдарыңызбен!

Құттықтау сөздер



















































11


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!