Материалдар / Жаңа жыл

Жаңа жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жыл мерекесіне сценраий
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2024
104
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Бекітемін:

Күні: 27.12.2023жыл

Тақырыбы: «Құтты болсын, Жаңа жыл!»
Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның,Ұлудың карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Қатысушылар: Жүргізуші, Аязата, Ақшақар, Қоян, Сайқымазақ, ата - аналар.
Музыка ойнап тұрады.
Жүргізуші: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады) Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар. Басталады Жаңа жылдық карнавал, маска да бар, би де бар, асығыңдар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады, басталады, жаңажылдық мереке! Мерекенің иелерін қарсы алайық! (қол шапалақтау, балалар екі - екіден кіреді)
Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ата - аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер.Ал, бүгін балалар, қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Жүргізуші: Жаңажылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөзін балабақша меңгерушісіне беріледі.
Жүргізуші: Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.
Ән: «Шырша жыры»
Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша!
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! (шыршаның жанына жақындап келіп) бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астыңда бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша, келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік. (көңілді муз. Ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Сайқымазақ атып шығады.)
Сайқымазақ: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл мен Сайқымазақпын! Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жалды қарсы алайыншы, сендермен бірге қызықты ойынды ойнайыншы!
Ойын: «Сайқымазақтың қалпағы» Көңілді әуенмен ойын!

Шарты: Сайқымазақтың қалпағын әуен қосылғанда шеңбер бойымен бір біріне беріп айналдырып шығады. Әуен тоқтағанда кімнің қолында қалпақ болады, сол бала әуенге би билейді, қалғандары соны қайталайды.
Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата - аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетпейді?
Балалар: Аязата, Ақшақар.
Жүргізуші: кәне, онда Аязатаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.
Балалар: Аязата, Аяз ата (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, Қоян кіріп келеді.)
Қоян: Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарыңды жыртып жатырсыңдар?!
Жүргізуші: Ал, сен неге амандаспайсың? Әдепті адам алдымен амандасып алады дегенді білмейсің бе?
Қоян: Білсем бұйырмасын!
Жүргізуші: Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, саған тіпті ұят. Саған ешкім үйреткен жоқ па?
Қоян: Жоқ.
Жүргізуші: Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аяз атаны шақырып едік қой?!
Қоян: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсыңдар? Аязата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха - ха - ха (деп секіреді)
Жүргізуші: неге олай еттің? Аязата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек?Балалар біз ән айтып, би билейік! Әнімізді естіп мүмкін Аяз ата мен Ақшақар келіп қалар!

Ән: «Аққала» Орындайтын: Абзалқызы Сағыныш

Ұлдардың орындауында «Аққала» биі

Сайқымазақ: Ой қандай керемет, өнерлі балалар екенсіңдер! Қоян көрдің бе, біздің балаларымыз қалай би билеп,ән айтады!
Қоян: Көрдік, көрдік! Бәрібір оны Аяз ата көре алмай қалды. (осы кезде боранның гуілдеген дыбысы естіледі. Қоян тоңа бастайды да, біреулердің киімдерінің астына кіріп, ата - аналарға тығылып, соңында шыршаның астына тығыла бастайды )
Алыстан Аязатаның дауысы естіледі.
Жүргізуші: Балалар, Аязата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық!
Балалар: Аязата, Ақшақар!
Аязата: Саламатсыңдар ма, балалар!
Күнтізбеде қалыпты жалғыз ғана бір парақ,
Дайындалдым жыл бойы,
Жолға шығар келді уақ!
Шақырымды жүздеген
Басып өту мен үшін
Жаңа жылдың түнінде
Жасыл шырша түбінде.
Кездессем деп сендермен,
Таратсам екен сыйлықтар,
Одан асқан не сый бар.
Қуаныш сыйлау балаға
Одан зор бақыт бола ма!
Сендерді көргеніме сондай бақыттымын! Жолда адасып сендердің балабақшаларыңды әрең дегенде таптым.(Ух деп шаршап орындыққа отырады)

Жүргізуші: Аяз ата мына тентек Қоян жолдағы белгілерді ауыстырып қойыпты.

(Қоян қорқып тығылып тұрады)

Аяз ата: Әй Қоян мұның не? Жарайды, алдымен балалар мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!
Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)
Балалар: Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат.(қолдарын шапалақтатады) Шырша жарқырайды.

Қоян: Аяз ата, балалар мені кешіріңдерші! Енді тәртіпті, ақылды, сендер сияқты өнерлі боламын!

Аяз ата: Қоянжан мұндай қылығыңды қой! Балалар Қоянды кешіреміз бе? Жаңа жылда бір-бірімізді кешірейік!

Қоян: Балалар мен сендердің өнерлеріңді көрдім, енді орманыма қайтайын! 2024 Жаңа Ұлу жылын қарсы аласыңдар!Сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңыз!

Сайқымазақ: Балалар,біз жаңа ғана қоян жылымен қоштастық!Енді Аяз атаның көңілін көтеріп, би билеп берейік!

«Көңілді Аяз аталар» биі
Аязата:
Бәрекелді, қандай керемет би! Балалар, менің қарша қызым қайда жұр екен?

Жүргізуші: Балалар, Аяз атамен ән айтайық, сонда Ақшақар біздің әнімізді естіп келіп қалар!

Орындайтын Дастан Раяна Ән: «Кел Жаңа жыл!»

Сайқымазақ:

Аяз ата: Балалар менің қолғабымды жасап бергендеріңе ризамын!Менің Қарша қызымның келетін түрі жоқ?
Жүргізуші: Аязата, мен де, жұмбақтап жіберсем қайтеді?
Ертегідей орманнан
Көктей өтіп келеді.
Сұңқар бойлы бір сұлу
Табыңдаршы, аты кім?
Балалар: Ақшақар! (музыкамен Ақшақар кіреді)
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Орманды көктей өтіп жеттім - ау сендерге. Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Мен білемін бір ойын:
Үйретейін сендерге
Мен бастайын, ал, сендер аяқтаңдар ойынды. Хормен жауап айтыңдар! Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр....
Балалар: Жаңа жыл!
Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты білсең атын тез ата, келеді бізге.....
Балалар: Аяз ата!
Ақшақар: Шырша бүгін кәделі! Сендер әрі....
Балалар: Әдемі!
Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ, ойын – күлкі таралсын.
Құтты болсын....
Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)
Жаңа жыл келеді.
Ұлу: Кім десеңдер, мен жаңа жылмын, Ұлумын.

Мен әкелген жаңа жыл сендерге үлкен табыс, денсаулық ала келдім.
Сайқымазақ: Қош келдің Ақшақар мен Ұлу жылы!Біздің қыздарымыз Ақшақармен би билегісі келіп тұр. Кәне қыздардың биін тамашалайық!

Би: «Ақшақарлар» биі. Қыздар орындайды.

Аяз ата мен Ақшақар: Қыздардың биі де өздері де әдемі екен!

Ойын: «Тығылмақ»

Шарты: Үлкен матаны шеңбер болып айналып жүреді. Музыка тоқтағанда балалар матаның астына тығылып қалады. Аяз ата: Балалар қайда екен! Деп іздегендей болады.Сол кезде балалар шулап матаның астынан шығады. Ойын 3 рет ойналады.

Сайқымазақ: Керемет ойын болды! Балалар, сендерге ұнады ма?
Жүргізуші:
Кәне, балалар, бәріміз «Жаңа жыл!» әнін жақсылап айтып жіберейік, Аязатамызбен Ақшақарымызбен, Жаңа жыл бар, Сайқымазақ бәріміз!
Ән: «Жаңа жыл!»
Аязата мен Ақшақар сыйлықтар таратады.

Ақшақар: Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын да кез келді.
Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер.
Аязата:
Жаңа жылда, балалар, тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан, мықты болу өзіңнен.
Ақшақар:
Жаңа жылда, балалар, тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық қастарыңда болмасын.
Сау болыңдар, балалар!

Балалар: Сау болыңыздар!

Естелікке суретке түседі.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ