Тақырыбы:
«Баланы бұзуға, түзеуге болатын бір ғана шарт –жас күнде
көрген өнеге»»
Күні: 22.02.2024
ж.
«Айгөлек» тобындағы ата - ана жиналысының
Хаттамасы
«Бала естігенін айтады,
көргенін істейді» - деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына
дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай
сәбилеріміз ата - анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен,
жүріс - тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға
тырысады. Бала бойына адамгершілік қасиеттерді ойын, салт - дәстүр,
мақал - мәтелдер, ертегілер, жұмбақтар, айтыс өлеңдер арқылы сіңіру
ата - ана мен тәрбиешілердің басты
міндеті.
Ертегінің тәрбиелік мәні зор. Ол сәбидің қиялына қанат
бітіріп, бойындағы игі қасиеттердің қалыптасуына жол бастайды.
Мысалы «Шалқан» ертегісін тыңдап болған соң, балалар шалқанды
көптің көмегімен жұлып алғанын білді. Ал, «Ақмышым» ертегісін
тыңдап болып, кішкентай бүлдіршіндер қамқорлық, мейірімділік
сезімдерімен танысты.
Адамгершілік дүниесіндегі ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе
жатқан қымбат қазыналарымыздың бірі – бесік жыры, мақал - мәтелдер
болып келеді. Сәбилер «бесік жырын» тыңдай отырып, ананың бесік
жырымен, әлдиімен, өзінің туған тілінің әуенінен тұңғыш рет нәр
алады. Мақал - мәтелдер арқылы кішкентай бүлдіршіндеріміздің
қайырымдылық, ілтипат сезімдерін арттырамыз, адамгершілік
сезімдерін оятамыз. «Үлкенге – құрмет, кішіге - ізет» деген мақал –
мәтел арқылы бала бойына үлкенді құрметтеу, қамқорлық сезімдерін
туғызамыз.
Балаларды еңбек сүйгіштікке баулу арқылы, адамгершілік,
эстетикалық қасиеттерін дамытуға
болады.
-Тұрмыстық қызметте топтағы
ойыншықтарды жинау, оларды күтіп ұстау, топты таза ұстау.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіне қажет ермексаз, тақтайша,
қылқалам т. б дайындауға көмектесуі. Осылайша біз
бүлдіршіндерімізді қайырымдылыққа, кішіпейілділікке шақырып, жақын
адамдарына қамқор болуға үйретеміз.
- Серуен кезінде гүлдерді
қопсыту, шөптерін жұлу, ойын алаңымызды таза ұстауға үйрету. Бірде
серуенде сәбилерді жапырақ жинауға шақырдым, балалар 2 - 3 жапырақ
жинаған соң «жинағым келмейді» деп тарай бастады. Сол кезде мен
жұмыс жоспарын ойын жоспарына айналдырып жібердім, әкелген
жапырақтардан бастарына гүлшоқ жасадым, оны көрген кішкентайлар
қуанып, барі де жинай бастады. Бұл серуенде балаларды тек қана
жапырақ жинауға емес, топпен жұмыс жасауға, үлкендерге көмектесуге,
еңбексүйгіштік қасиетінің алғашқы игеріміне
баулыдым.
Әрбір
жасалынған істен кейін «Жарайсыңдар балалар! Тобымыз немесе ойын
алаңымыз қандай сәнді болып қалды, бәрекелді!» деген сөздерді есту
арқылы жасаған еңбектерінің дұрыс екеніне көз жеткізеді. Ұжым болып
жұмыс жасай білуі, ұқыптылық, ізденімпаздық, аяушылық, қамқорлық,
сезімдерін бойына сіңіруі аса
маңызды.
Жас
ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру – ата - ана мен
ұстаздардың басты міндеті. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің бойына
ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік қасиеттерін
сіңіріп, өз - өзіне деген сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен
тәрбиешілер шешуші рөл атқарады. Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке
тәрбиелеу күнделікті балабақша өмірінде, тәрбиешінің жұмыс күнін
ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы турде
қамтылады. Тәрбиешінің тәртібі, іс - қимылы, балалармен,
үлкендермен қарым - қатынасы кішкентай сәбилер үшін үлгі болып,
олардың жеке басының қалыптасуына ықпал етеді. Балабақша мен отбасы
арасындағы тығыздық артқан сайын бүлдіршіндерімздің адамгершілік
құнды қасиеттері арта түседі. Осыдан келіп, бүлдіршіндерімізде
жақсы қылықтар, ұжымдық қарым - қатынас, адамгершілік сезімдері,
еңбексүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, жауапкершілік,
патриоттық сезімдер туралы түсініктер қалыптасады. Кішкентай
бөбектеріміз адамгершілік қасиеттерді ата - анасынан, үлкендерден,
тәрбиешілерден насихаттау арқылы емес, тек шынайы көру, сезіну
қатынасында алады. Адамгершіліктің құнды қасиеттерінің негізі
отбасында қалыптасады,
Қазақ
халқы баланы жастайынан жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла,
жолын кеспе» деген ұлағатты, тыйым сөздердің мәні зор. Бала бойына
кішіпейілділік, сыпайылық, сыйластық сияқты қасиеттерді сіңіре
білсек, адамгершілік тәрбиесінің жемісіне бөленетініміз анық!
Қазіргі таңда цифрлық заман яғни, балалар ұялы телефонда көп
отырады. Ештеңені керек етпей тек сол ойынның қызығына кіргендіктен
, баланың психологиясы да, мінезі де бұзылады. Баланың мінезі
бірден бұзылып артынша ата-аналары психологтың көмегіне жүгінеді.
Ал, бұған кінәлі біз өзіміз. Тыныш отырсын деп береді. Я,болмаса
жұмыстан шаршап келген кезде балаға қарауға да шамасы келмеген
ата-ана баласының таң атқанша ұялы телефонда отырғанында байқамай
қалады.
Міне,
бала ол жас шыбық сияқты өсіп келе жатқан.Кішкентайынан тәрбиесін
қолға алмасаң. Қате жерде көрсетіп жол сілтеп отырмасаң болашақ
өмірінде қателік жасамасына кім
кепіл.
Тәрбие отбасынан басталады.
«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген мақалдың өзі
осыған байланысты айтылған. Қорыта келегенде баланы бұзуға осы мына
біздер ата-аналар өзімізден басталады. Сондықтан баланы жақсы
азамат болсын десек ,ең алдымен отбасынан , кішентай күнінен
бастаған абзал. Айта кетсек кейін өкініп қалмайтын қателіктер
жібермеуіміз қажет. Есейгенде тым кеш болады. Бала тәрбиесіне аса
мән беріп қарап, жас күнінде алған үлгі өнегесін, есейгенде өз
өміріне азық етердей болу қажет.
Шеберлік
сағат. « Сары самауырынмен шай іше отырып, тапсырма
орындау»
Мақсаты: Ұлттық құндылықтарды дәріптеу
мақсатында, дөңгелек үстел-үстінде тәрбие беру, үлкенге ізет,
кішіге құрмет көрсету.

МКҚК «Қошақан»
бөбекжайы
Ата-аналар жиналысында
көрсеткен шеберлік сағаты:

«Айгөлек» ересек тобының
тәрбиешісі:Жармаганбетова С.Ж

Қажымұқан
ауылы.
2023-2024 оқу
жылы