Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа жылға арналған сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Төрле Жаңа Жыл-2026

Қатынасатын кейіпкерлер:

Жүргізуші, Аю мен Маша, Аяз ата, Ақшақар, Гном, Ескіжыл-Жылан,

Жаңа жыл-Жылқы.

Тәрбиеші: Жаңа 2026 жыл жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз біршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын! Сіздерді "Төрле Жаңа жыл" атты "Сұңқар" ересек тобының жаңа жылдық ертеңгілігіне қош келдіңіздер.Балалар қараңдаршы айналамыз әдемі безендірілген, қандай әдемі шыршамыз, қане бәріміз бүгін жаңа жылымызды тойлайық.

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған,

Міне, сұлу шыршамыз.

Көптен күтіп, сағынған.

Музыка әуенімен залға аю кіреді, қолында мешуре бар.

Аю: Ой мен шаршадым, шыршаны безендіргенше шаршап кеттім. Залды да безендірдім. Самоварды ортаға қойып, шәйді дайындап қояйын. Қазір аяз ата келеді ғой. Екеуміз бірге шәй ішеміз ғой. (аю шүберегін алып қолын сүртеді, сол кезде самовардың қасына жақындайды, қақпағын ашса, су жоқ екенін көреді.)

Аю: Самовардың суы бітіп қалған екен, ал мен су алып келейін. (музыка әуенімен аю залдан шығып кетеді.) (Музыка залына айқайлап, маша жүгіріп келеді.)

Маша: Ой, ой мында ешкім жоқ қой барлығы қайда кетіп қалған. Ого! Қандай әдемі! (шыршаға қарап, секіріп қуанады.)- тамаша, тамаша, жаңа жылды өзім тойлаймын. (секіріп жатқанда аю кіріп қасына тұрады. Маша аюды байқамай қалады да секіре береді).

Маша: Сен кімсің сондай?Аю айқайлайды.

Аю: Тағы істеші, секірші дейді.(аю отыра қаладыда)сен не істеп жүрсің бұл жерде?

Маша: Мен жай ғана өтіп бара жатқан едім.

Аю: Ал сен кімсің?

Маша: Мен? Балалар мен кіммін? білмейді менің кім екенімді аю

Балалар: Бұл Маша.

Маша: Сен мұнда не істеп жүрсің?

Аю: Мен мұнда Аяз атамен бірге,Жаңа жылды тойлайын деп жүрмін. Қазір өзіде келіп қалар

Маша:Ал ол кім?

Жүргізуші: Балалар Маша білмейді аяз атаның кім екенін, оған Жаңа жыл туралы өлең, аяз ата туралы тақпақ айтып беремізбе?

Балалар:Ия

Ән: «Жаңа Жыл»

Жүргізуші: Біздің балалар ән ғана емес тақпақты да айта алады.

1. Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

2. Жаңа жыл, Жаңа жыл

Жаңа жылда жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

3. Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

4. Дала нұр, қала нұр

Құтты болсын Жаңа жыл

Жасыл шырша жанында,

Билеп барлық бала жүр

5. Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Нұр жайнаған ажары

Сағындық аяз атаны



Маша: а-а-а сонда бұл аяз атама?

Аю: Міне сағат он екі болды. Жаңа жылда келіп қалды. Аяз ата болса әлі жоқ. Қайда жоғалып кетті?

Аю: Аяз ата жоқ болса, мен ұйықтауға барамын, қыста аюлар ұйықтайды, мен ұйқыға кірісемін. (маша аюға жақындап, аюдың қолын ұстайды.)

Маша: Аю қолыңды берші маған ойын ойнашы менімен (жылайды)

Маша: оянбай жатыр, көмектесіңіздерші аюды оятуға?

Жүргізуші:Жарайды Маша саған көмектесеміз. Қане қыздар ортаға шығып би билеп берейік, мүмкін аю оянар.

Би: «Маша» (қыздар)

Аю:Балалар көңілді жақсы билеп жатырсыңдар, бірақ Аяз ата жоқ қой.

Бәріміз бірге: Аяз ата . Аяз ата Музыка әуенімен Аяз ата кіреді.

Аяз ата: Сәламатсыз ба балалар және достарым! Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!Мен сендерді қатты сағындым.Мені көп күтіп қалдыңдарма?

Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?

Балалар:Аяз Ата

Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіндірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Жылан -
Сәлеметсіздер ме, балалар
Мен тұрмын қуанып,
Шаттыққа бөленіп
Бір жыл бойы сіздермен
Дос болайық шаттанып.

Жүргізуші: Сәламатсызба Аяз ата, Ақшақар ! Ия, сізді көп күттік. Біздің көңіліміз көтеріңкі, біз қуаныштымыз.

Аяз ата: Ал мына шырша неге жанбай тұр? Бұл шыршаға бірдеңе жетіспейді.

Аяз ата: Балалар, оған сиқырлы сөз айту керек. Қане бәріміз айтайықшы: бір, екі, үш шырша шамдары жана түс! (шырша жарқырайды)

Аяз ата: Балалар шырша сіздерге ұнадыма?

Қане ендеше шыршамызға арнап,өлең айтайық.

Балалар: Ия, ұнады.

Жүргізуші: Ендеше балалар Аяз атаға арнап ән айтайық.

Ән: «Ағылшын»

Аяз ата: Өлеңді барлығыңыз әдемі айтады екенсіңдер, сендер менің көңілімді көтердіңдер. (балалар орындарына тұрады)

Аю: Ал енді барлығымыз ойын ойнаймыз. Бұл ойын барлығыңызға да ұнайды. Аяз ата, Ақшақар ойынға бізбен бірге сендерде шығындар.

Ойын: «Аққала»

Аяз ата: Мен шаршадым, кішкене демалып алайыншы.

Жүргізуші: Ал біздің балалар сізге арнап тақпақ айтып береді, сіз дем алыңыз.

Тақпақ

6. Мол сыйлықпен келер ол

Шырқатып ән салар ем

Жылдамырақ келсе екен

Бізге сыйлық берсе екен







7. Тамаша тамаша!

Шыршамыз тұр жараса

Жаңа жылда ертегі

Келе ме біздің бақшаға

8. Қыстың күні көңілді

Көп қызықты көреміз

Шығып алып далаға

Сырғанақты тебеміз

9. Шанамызға мінеміз,

Мәз - мәйрам боп күлеміз

Жарысамыз бәріміз

Жарасып тұр сәніміз

10. Қорықпаймыз аяздан

Шымшыса да бетімді

Аппақ қарды кешеміз

Киіп алып етікті

Аяз ата: Есімде мен қоржынымды осы жерге қойған сияқтымын.Қайда кетті ол? Мүлдем білмеймін. Біздер ән айтып, би билеп жатқан кезде, сыйлықтарымыз қашып кеткен секілді,

Сол кезде Жаңа жыл және Гном Келеді,Сыйлықтарыңызды орманнан келе жатып тауып алдым,бұл сіздің сыйлықтарма,біз сіздермен Жаңа жылды тойласақ болама: «Әрине»

Қош келдіңіздер Жаңа жыл балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің ескі жылан жылымен қоштасатын уақыт келді.Саған ризамыз.Қош бол

Жаңа жыл Балалар қонақтарымызға арнап ер балаларымыздың «Гном»биін тамашалаңыздар.

Жүргізуші: «Cұңқар» тобының жаңа жыл ертеңгілігі аяқталды, балалар Аяз атадан сыйлықтарыңда алды, жүздеріде қуанышты.Сау болыңыздар.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12