Армысың, Жаңа жыл!
Мақсаты:
Балаларды қыс
мезгілі туралы білімдерін тиянақтау,қысқы табиғатының
ерекшеліктерімен таныстыру,қысқы негізгі белгілерін атап, ажырата
білуге үйрету,табиғатқа деген сүйіспеншілігік,қамқорлық сезімдерге
тәрбиелеу.
Сынып бөлмесі мерекеге сай
әсем безендірілген.. Ортада алуан түрлі
ойыншықтар ілінген жасыл
шырша.
Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен
арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын Сіздердің
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
МАД-04 тобында!
Құрметті бүлдіршіндер, ата -
аналар, ұстаздар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып
кетіпсіңдер. Ал, бүгін балалар, қандай
мереке?
Балалар: Жаңа жыл! Көптен күткен
қуанышты мереке жаңа жыл келе жатыр. Келе жатқан жаңа жыл құтты
болсын. Барлығымызға бақыт, береке, көп қуаныштар, жақсылықтар
әкелсін! Және де осы жаңа жылға арналған бүгінгі ертеңгілігімізді
ашық деп жариялаймыз. Сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән
салайық.
Ән: «Аппақ-аппақ,
жапалақтап...»
Тәрбиеші: Балалар, ортамыздағы әсем
не?
Балалар: Шырша!
Тәрбиеші: Шыршамыз қандай әдемі!
Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын
айтып береді екен?
Нұрәлі: Ақша қарға малынып,
Аппақ тонын жамылып,
Сақалы мен мұртына
Күміс моншақ тағылып
Аяз - ата келеді,
Балаларды сағынып. Алина:
Ойнаймыз тойлаймыз,
Біздің бақшада.
Ойыншықтар көп екен
Әсем шыршада. Ғинаят: Жүзімізде күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз. Ай-Ару:
Жаңа жылға сәніміз
Біздің айтар әніміз
Келдің бе аман алыстан Сәлем Аяз
атамыз.
Салауат: Әдемілеп біз ілген,
Ойыншықтар тізілген.
Қандай әсем шыршамыз,
Ән шырқайық баршамыз.
Көркем:
Жүзімізде күлкі ойнап,
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап,
Шаттанамыз бәріміз. Бойларыңа бар сұлулық жиылғандай, Ақбалтыр ақ
мәрмәрден құйылғандай. Жарқ етіп шыға келдіңдер ел алдына, Биші
қыздар, ғажап еді билері қандай. Қыздарымыздың биін қарсы
алыңыздар. Би: Әділсұлтан: Жаңа жыл келді міне жерімізге,
Әкелсін құт береке елімізге.
Жақсылықпен қуанайын жыл болып,
Қиындық жолатпасын елімізге.
Айкөркем:
Әсем шырша сәнденген,
Өз аңдарын күтеді.
Жаңа жылмен бірге біз,
Орманға кеп жетеді.
Айболат:
Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем іліпті.
Мәриям:
Кел, достар, бастайық,
Бастайық жал басын,
Қызықтан бос қалып
Кей бала қалмасын.
Т.Мустафа:
Жақсы жаңа жыл келді,
Асқар таумен тұлғалас.
Біз осылай жылды енді,
Қарсы алайық бәріміз. Раяна:
Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап,
Жаңа жыл да келеді,
Бізге қарай жылыстап.
Асылхан:
Жап жасыл шыршамыз,
Қандай тамаша.
Басында жұлдызы,
Қонады жараса.
Жүргізуші: Жарайсың, қандай жақсы тақпақ!
Балалар, естідіңдер ме, біреу келе жатыр. Олай болса, сол қонақпен
біздер тығылыспақ ойнайық. Кәнеки, бәріміз шыршаның арғы жағына
тығылайық. (Балалар тығылады, Ақшақар келеді)
Ақшақар: Мектепте балалардың Жаңа жыл мейрамына
келе жатыр едім. Енді мен қайда келдім? Осы жаңа ән естіген сияқты
едім, ал енді ешкім жоқ, қызық екен. Мектептің қасынан өтіп бара
жатып әдемі әнді естіп қалдым, сіздерге мейрамға
келдім.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Ақша қар! Біз саған өте
қуаныштымыз, төрлет. Біздің қонағымыз бол! Ақшақар, қарашы қандай
әдемі шырша, қаншама ойыншықтар.
Хор: «Аппақ аппақ
жапалақтап». Ақшақар: Балалар шыршамен ойнайықшы, өз
шамдарын жақсын, сөндірсін. Шамдарды жағу үшін сиқырлы
сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!
Қуант, бізді таңырқат.
Шамдарыңды жарқырат (3 рет айту керек)
Ойын:
Балалар: «Қуант, бізді
таңырқат. Шамдарыңды жарқырат»! (қолдарын
шапалақтайды).
Би: Ақшақар: Рахмет балалар, қандай көңілді,
керемет би билеп бердіңдер. Ал неге Аяз Ата кешігіп жатыр. Қанеки
балалар, шақырайық.
Балалардың
бәрі:
Аяз Ата! (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, сыпырғышына мінген
Жалмауыз кемпір жүгіріп кіреді).
Жалмауыз кемпір:
Пай - пай! Мен қайда
келдім өзі. Мына шыршаның кереметін - ай! Үйге алып кетсем бе екен?
Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаның түбірімен жұлып алғысы
келеді.
Жүргізуші: Мыстан кемпір!( Мыстан оған мән
бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды). Біз «Жаңа жыл» мейрамын
тойлап жатырмыз, тимеңіз біздің шыршамызға!
Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді: Туу! (Маңдайдағы терін
сүртіп, тұрып.) Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын - ай,
жұлынбайды ғой. (Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қалады
да:) Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе
жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан бip керемет
дәмнің иici шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей
- ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып,
ақшасына бip байып қалармын!
(Жалмауыз кeмпip кeтiп қалады.) Аяз Ата:
Аяулы аналарға, ардақты ұл
- қыздарға
Бүлдіршін балаларға бip сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
(Балалармен амандасады) Рахмет, рахмет балаларым!
Ақшақар: Сәлеметсіз бе, Аяз Ата.
Аяз-ата: Ал, енді балалар, мына шыршаға
арналған маған келген Жаңа жылға, Ақшақарға арналған өнерлерің
болса, аямаңдар!
Іңкәр:
Жаңа жылым жол болсын,
Басқан қадам оң болсың.
Төрлет, төрлет жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын! Медина:
Тілеймін мен бар
әлемге,
Дос көп болсын жанашыр,
Ата - әже, ата - әже,
Құтты болсын, Жаңа жыл! С.Мустафа:
Сақалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей,
Қызыл ала шапаны,
Сағындым Аяз-атаны.
Аяз - ата:
Ой! Бәрекелді,
жарайсыңдар, балалар! Аталарыңды бір қуантып тастадыңдар.
Жүргізуші: Балалар бізде қазір қандай жыл?
Балалар: ұлу жылы.
Келе жатқан жыл қалай аталады?
Жылын жылы.
Жүргізуші: Келесі балаларымыздың мерекелік
тақпақтарын тамашалаңыздар.
Адиля:
Жылдың әнін бастайын,
Аяз - Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Жансая:
Ақ қар жапты даланы,
Ақ жамылды айнала.
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға. Мансур:
Жаңа жыл, жаңа жыл
Сені күттім елеңдеп
Өзіңменен ілесіп
Аяз ата келер деп.
Жүргізуші:
Айта берсек таусылмас
Жаңа жылда жаңа жыр
Кел оданда, халайық
Ойын ойнайық жаңа бір.
Ойын:
«Байпақ»
Шарты: Екі ойыншы екі сыңарды бөліп алады. Біреуі оң, біреуі сол
аяғынікін киеді де, әуенмен билеп, шыршаны айналып, ортаға бірінші
жету қажет. (ата - аналар)
Аяз ата:
Мына ата - аналар да мықты
екен. Енді мен дем алсам деймін.
Жүргізуші:
- Шыныменен, балалар, біз
бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр,
олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз!
Бәрі:
Қош, қош, Ескі
жыл!
Жүргізуші: Жаңа жылға барлығы жақсы дайындалған,
осындай өнерлерімен белсенділік танытып жүрген және он
саусақтарынан өнер тамған балаларым жасаған жаңа жылдық
ашықхаттарын шын жүректерімен ата – аналарына сыйлайды. (ата -
аналарға алғыс хат табыстау)
Аяз - Ата:
Жарайсыңдар балаларым!
Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді
көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей
беріңдер. Аспандарың ашық
болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап
шығып кетеді.)
Балалар: Сау
болыңыздар! Рақмет сіздерге!
Бәрі:
Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты.
Жүргізуші: Құрметті Ата аналар, қонақтар,
балалар жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет
өтуге ат салысып жүрген балалар, ата –
аналар сіздерге де мың
алғыс! Отбастарыңызға бақ-береке, тыныштық,
бейбітшілік, татулық тілеймін. Бұл
жылы бақыт, қуаныш
әкелсін!
Сіздермен біз қоштаспаймыз, тек
қана сау болыңыздар дейміз!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жаңа жыл.

шағым қалдыра аласыз