Жаңа жыл

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға жаңа жылдық көңіл күй сыйлау. жамандықпен жақсылты ажырата білуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балалар билеп кіреді.

Жүргізуші:

Құрметті ата-аналар, қадірлі қонақтар және сүйікті балалар!
Бүгін біз сіздерді ерекше ертегіге шақырамыз.
Қар жауып, ақ мамыққа оранған бұл мерекеміз Қар Патшалығында өтпек.

Бұл ертегіде жақсылық, достық, бірлік, әрі, әрине, Аяз ата мен Ақшақар болады!

Ол жерде сиқыр бар, ғажайып бар, тіпті… жақсылық пен жамандықтың күресі де бар!

Ендеше, балалар бізбен бірге Қар Патшалығына сапар шегуге дайынсыңдар ма?

Балалар:
– Да-а-айынбыз!

Жұмсақ әуен. Күлшеқыз асығыс кіреді.

Күлшеқыз:

Ой, амансыңдар ма, балалар!
Мен Қар Патшалығына асығып келе жатып, бір тылсым жағдайға тап болдым…
Орманды біреу мұзға айналдырып тастапты!
Қар дауылы күшейіп тұр. Бұл біреудің сиқыры сияқты…

(Кенет қара түтін. Музыка күрт өзгереді.)

Малифисента (зұлым күлкімен):

Ха-ха-ха! Сендер мені шақырмасаңдар да келдім!

Менің рұқсатымсыз бұл жерде ешқандай мереке болмайды!
Жыл сайын бірдей – ән, би, ойын… жалықтым!
Мен бұл Жаңа жылды тоқтатамын!
Аяз ата мен Ақшақарды бұл жерге келтірмеймін!
Жарық та сөнсін! Шырша да жанбасын!

(Сиқыр таяғын сермейді. Музыка қатайып, шырша шамдары сөніп қалады.)

Жүргізуші:

Малифисента! Жаңа жыл – қуаныш, достық мерекесі.
Жамандықпен ештеңеге қол жеткізбейсің!

Малифисента:

Онда менің тапсырмамды орындасаңдар ғана мереке жалғасады.
Егер орындай алмасаңдар – мереке жоқ!

Жүргізуші:

Ендеше балалар Малифесентаға өлең щумақтарымызды айтып беремізбе?

Тақпақтар

Малифисента:

Ммм… жаман емес екенсіңдер… Бірақ бұл тек бастамасы!

Жүргізуші:

Жігіттеріміз де сай екендігін көрсеткісі келеді.
Қошеметпен қарсы алайық!

БИ: Ұлдар биі

Малифисента (аса таңданған түрде):

Мен мұндай өнерді күтпеп едім…
Дегенмен бәрібір менің қара сиқырым күштірек!

Жүргізуші:

Балалар, Малифисента бізден бір жарыс талап етеді.


Ойын:

Кедергіден өттіп, сырт киімді дұрыс киіп кім бірінші болады ойыны.

Малифисента:

Жарайсыңдар… Бірақ әлі де бұған сенбеймін!
Мен Аяз атаны әлі де жолатпаймын!

Күлшеқыз:

Малифисента, сенің жүрегің жаман емес.
Тек сен жалғыздықтан қатал болдың.
Балалардың шаттығын, мейірімін көрсең – сен де жақсылыққа бет бұрарсың.

Малифисента үнсіз қалады.

Малифисента (жібіп):

Жарайды… Мен жеңілдім…
Сендердің мейірімдерің мен бірліктерің кез келген сиқырдан күшті екен.
Мен жаңа жылға кедергі болмаймын.

Ақшақар мен Аяз атаның келуі

Қоңырау үні. Музыка. Аяз ата мен Ақшақар, Жылан кіріп келеді.

Ақшақар:

Сәлем, менің сүйкімді, арманы аппақ балаларым, біз сендерді ұзақ іздедік!
Қар ұлпаларындай мөлдір күлкілерің арқылы біз Қар Патшалығына келдік.
Ой, бүгін қандай керемет, қандай жарқыраған мереке!
Бәрің сондай әдемі, көңілдісіңдер!

Аяз ата:

Сәлеметсіндерме менің ақкөңіл, мейірімді балаларым!
Қарлы боранды жарып, Ақшақар екеуміз сендерге асығып жеттік!

Оу, неткен жарық, неткен әсем мереке!
Қар Патшалығы бүгін ерекше құлпырып тұр екен!
Ал сендер қандай әдемі, қандай боп-болмасаңдар да,
көңілдерің жайнап тұр ғой, балалар!

Тіпті Малифисента да жақсылыққа бет бұрған екен!

Малифисента:

Балалар маған достықтың не екенін көрсетті…

Жүргізуші:

Қош келдіңіздер, ардақты Аяз ата!
– Қош келдіңіз, нәзік, мейірімді Ақшақар!

Сіздерді Қар патшалығының ең көңілді, ең өнерлі балалары асқан қуанышпен қарсы алуда!

Аяз ата:

Ой балалар! Шыршаларын неге көңілсіз? Кәне шыршаның шамдарын бірге жағайық.

Қуант бізді танырқат,

Шамдарынды жарықырат 3рет айтат.

Ақшақар:
– О, қандай керемет! Қараңдаршы, біздің шыршамыз тағы да жарқырап кетті!
Бұл – жақсылықтың жеңгені, достықтың күштілігі!
Бүгінгі мереке енді шынайы Жаңа жыл сиқырына толы болады!

Жүргізуші:
– Құрметті қонақтар, Қар патшалығының нәзік қаршықтары, сыңғырлаған қоңырау үніндей әсем қыздарымыз сіздерге ерекше сый дайындап отыр.
– Ендеше осы мерекенің сәнін кіргізетін, көңілге шуақ сыйлайтын
қыздардың керемет биін тамашалаңыздар!

Би: Қыздар биі

Аяз ата:

Айналайын қыздар-ай, шіркін! Би қимылдары сондай әдемі, көңілімді бір сергітіп тастадыңдар.
– Жарайсыңдар, боталарым!

Малифисента (жақсылыққа бұрылған түрде):

Мен де мойындаймын… Бұл би – сиқырдай әсем болды.
– Бәрекелді, қыздар!

Ақшақар:

Балалар Аяз ата екеумізде сіздерге құр қол келмедік, сіздерге өзімізбен бірге ойын ала келдік. Қанекей ол үшін ортаға сол қанатымдағы балаларды ойнатқым келіп отыр.

Ойын:

Балалар билеп жүреді, музыка тоқтағанда қолғаптардың сынарын табу қажет.

Ақшақар:

Бәрің белсенді қатыстыңдар. Әрқайсың жеңімпаз сияқтысыңдар!

Золушка:

Менің ертегімде де дәл осындай көңілді сайыстар болған.
– Балалар, бәрің өте шебер екенсіңдер!

Малифисента:

Мына ойындарда сендерді жеңу мүмкін емес.
– Еріксіз мойындаймын – бәрің күштісіңдер.

Жүргізуші:
– Ал ендеше Қар патшалығы сіздерге ерекше сый әзірледі.
– Қазір сахнаға бір сәтке болса да жұлдыздар әлемі қонаққа келеді!
– Сіздерге арнап —
МузАРТ тобын щақырдық!
– Қошеметтеп қарсы алайық!

Аяз ата:
– Бәрекелді, балаларым!
Нағыз Жаңа жыл мерекесі дәл осылай өтеді!
Неткен ұйымшыл, неткен өнерлі, неткен ширақ балаларсыңдар!

Жүргізуші:

Ой, біртүрлі жел көтеріліп кетті ғой… Бұл не өзі? Қане, қараңдаршы… Малифисента бірдеңе істейін деп тұрған сияқты.

Малифисента (жымиып, жеңіл қулықпен):

Хе-хе-хе… Қорқып қалмаңдар, балалар! Мен бұл жолы ешқандай жамандық жасамаймын.
– Керісінше! Менің Қар патшалығына да көңіл көтергім келеді.
– Бірақ менің көңіл көтеруім… сәл басқашалау!

Күлшеқыз:

Балаларға тимеңіз, Малифисента!

Малифисента:

Жоқ-жоқ, Ақшақар, алаңдама. Бүгін менің қолымда – сиқырлы қар түйіршіктері!
(Балаларға қарап)
– Қалай, қар
ды дәлдеп лақтырып жарысқыларын келе ме?
– Дайынсыңдар ма, Қар патшалығының ханзадалары мен ханшайымдары?

Қәнекей ол үшін екі топқа бөлінеміз.

Ойын: Қарды дәлдеп ату.

Малифисента:

Міне, болды! Менің ойымша… бәрің де жеңдіңдер!
– Бірақ ерекше шеберлік танытқандар бар екен. Мен бұларды… жамандық емес, жақсылық сиқырымен марапаттаймын!
– Жарайсыңдар, балалар! Бүгін сендер мені де жақсылыққа бұрадыңдар.

Жүргізуші:
– Мереке әнсіз өтпейді, ал біздің балалар Жаңа жылды шаттыққа бөлейтін әнді дайындап қойыпты.
– Ендеше
балалар орынымыздан тұрып әнімізді шырқайық.

Ән: Жаңа жыл.

Аяз ата:

Ән деген – жүректің үні. Сендердің дауыстарың сондай таза!
– Құлақ қойып тыңдағаныма қатты қуандым.

Қоңыру соғылады.

Жылан : Салеметсіндерме балалар мен ескі жылмын. Мен сіздермен 1 жыл бойы болдым, енді менің кететін уақытым болды.

Жылан шығады.

Әсем әуенмен Жылқы жылы кіреді.

Жылан: Салеметсіндерме балалар, мен жаңа жылмын. Мен 1жыл бойы сиздермен бирге боламын. Осы жылы құт береке бақыт акелемін.

Аяз ата:

Батыр балаларым!
Мерекелерің құтты болсын!
Жаңа жылда көп күліңдер, дендерің сау болсын!
Әрқайсыңа сыйлық дайындап келдім!
Апайларынға табыстаймын топтарыңға барғасын тарқатып береді.

Ақшақар:
– Балаларым, бүгін бәрің ерекше өнер көрсеттіңдер!
Қар Патшалығында әрқайсысың жарқыраған қар ұлпасындай әдемі болдыңдар.
Біз барлық ойындарды, билерді, өлеңдерді көріп, өте қатты қуанып тұрмыз.

Сондықтан сендердің еңбектеріңді бағалап,
Қар Патшалығының
марапаттарын тапсыруға рұқсат етіңіздер!

Аяз ата сыйлығын береді. Ақшақар Марапаттайды.

Қоштасып шығып кетеді.

Малифисента:
– Ех… Қар патшалығына алғаш келгенде аздап бұзықтық жасаймын деп ойлағанмын…
– Бірақ сендер, балалар, бүгін маған мүлде басқа нәрсені көрсеттіңдер.
– Мейірімдерің, күлкілерің, өнерлерің – менің жүрегімді жібітті.
– Енді мен жолға шығатын уақытым келді.
– Қош болыңдар, Қар патшалығының мықты, өнерлі балалары!
– Келер жылы тағы да кездесерміз!

Күлшеқыз:
– Қандай ғажап мереке болды!
– Сендерді қарасам, бүкіл патшалықтағы жұлдыздар жанып тұрғандай әсер қалдырады.
– Бүгінгі билерің, әндерің, ойындарың – бәрі ертегі әлемін одан сайын әдемі етті.
– Ешқашан армандаудан қорықпаңдар! Армандасаңдар – бәрі орындалады.
– Жаңа жыл құтты болсын, балалар!
– Мен де сарайыма қайтайын, бірақ сендерді ұмытпаймын.

(Малифесента мен Күлшеқыз сахнадан шығып кетеді)

Жүргізуші:
– Қараңыздар, балалар, біздің мерекеміз нағыз ертегі сияқты өтті!
– Жақсылық пен достық жеңді.
– Малифисента мен Күлшеқыз, Аяз ата мен Ақшақарда, жыланда бізбен бірге қоштасып, барлығы жылы жүрекпен кетті.
– Ендеше, біз де тобымызға қайтатын уақытымыз болды.

Қар Патшалығындағы ғажайып мереке осымен өз мәресіне жетті.
Жақсылық әрдайым жеңеді,
Ал балалардың күлкісі — ең үлкен сый!
Құрметті қонақтар, жаңа жылдарыңыз құтты болсын!























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі