Тексеріледі:
Картбаева.Ж.Б
Мектепке дейінгі ұйым: № 42
«Айналайын» МКҚК
Топ:
«Жұлдыз»
Балалардың жасы: 3 жас ортаңғы
топ
Тәрбиеші:
Мухамбетова.А.С
Даулеталина.А.А
«Жаңа
жыл»
Ақтөбе –
2025
Мақсаты: Балаларды қонақжайлылыққа үйрету, мерекелік көңіл-күй
сыйлау.
Кейіпкерлер: Жүргізуші, Аяз
ата, Ақшақар
Көрнекіліктер: Ақ ұлпа қарлар,
тәтті кәмпиттер, корзина,
сыйлақтар.
Музыка әуенімен балалар қолдарына жылтыр
қарлармен би қимылдарын жасап кіреді,билеп болған соң жарты шеңбер
болып, шыршаның қасына
барып тұрады.
Жүргізуші:- Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!
Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен
құттықтаймыз.
Жүргізуші:- Балалар,
қараңдаршы, біздің бөлмеміз әдемі безендірілген, біз бүгін Жаңа-
жыл мерекесін тойлаймыз. Бізге көптеген қонақтар келіпті, шыршаға
әдемі ойыншықтар ілініпті.
Жүргізуші:-Балақайлар,
қараңдаршы шыршамызда қаншама ойыншықтар, тәтті кәмпиттер ілінген.
Осы әсем шыршамызға әдемі әнімізді тарту
етеміз.
Ән:
«Жаңа жыл
әні»(орындыққа
отырғызу)
Арғы
жақтан есік
қағылады.
Жүргізуші:- Балалар
мерекемізге қонаққа келген
сияқты.
Аяз ата
мен Ақшақар кіріп
келеді.
Аяз-
Ата: Амансыңдар ма,
балалар?
Сәлеметсіңдер ме,
қонақтар?
Балаларым,
балғыным
Өмір гүлім
шалғыным.
Тілегенім жыл
бойы,
Сендердің
денсаулықтарың!
Ақшақар:- Балалар,
мені таныдыңдар ма? Мен Аяз атаның немересі
Ақшақармын!
Аяз-ата- Ой, балалар
шыршаларың қандай әдемі,
керемет!
Ақшақар:қандай керемет
менің ұлпадай әппақ сіңілілерім келіп қалыпты,сендермен би билегім
келіп тұр. Келіңдер ортаға
билейік.
Жүргізуші:аяз ата сіз ұзақ
жолдан шаршаған боларсыз, отырып демалыңыз. Ал, ақшақар біздің
аппақ қыздарымызбен би билеп көңіл
көтерсін.
Би: «Ұлпа
қарлар»
Ақшақар:- Балалар
қараңдарша айналамызда қаншама ойыншықтар шашылып жатыр.
Қанекей бәріміз қарларды жинап, шыршаның айналасын
безендірейік!
Ойын:
«Ойыншықтарды жинау»
Ойынның
шарты: Балалар ойыншықтарды жинап, шыршаға
қояды.
Ақшақар:-Жарайсыңдар
балалар,бір сергіп қалдық. Ой, қандай
керемет шырша!!! Қаншама жалтыраған ойыншықтары көп. Бірақ шамдары
жанбай тұрғой.? Келіңдер балақайлар бірге шамдарын
жағайық.
Ойын:
«Шыршаның шамдарын жағу»
Ойынның
шарты: Ақшақар балалармен
қол соққанда шырша шамы жанады. Ал, үрлеген кезде шырша шамы
сөнеді. Ойынды үш рет қайталау. Ойынның шартын
ақшақар түсіндіреді және
ойнатады
Жүргізуші: Қане балалар енді әдемі,әсем шыршамызға
әнімізді арнайық.
Ән хор:
«Шырша әні»
Жүргізуші: Балалардың тақпақтарына кезек
берейік.
Тақпақтар:
тәрбиеші өзі табады
Аяз-
ата: Тамаша, керемет. Жарайсыңдар балалар бүгін
сондай қуанышты мереке
болды.
Ақшақар: Аяз-ата
сіз ештеңе ұмытып кеткен жоқсыз
ба?
Аяз-ата- Жоқ мен ештеңе
ұмытқаным жоқ,ойланып.Балалар ән айтты,
балалар мен бірге шыршаның шамын жақтым, тақпақтарын тыңдадым,
ойын-ойнадық. Жоқ ештеңе ұмытқаным
жоқ.
Ақшақар- Балалар айтыңдаршы Аяз-ата
сендерге не беруі керек?
Балалар-
Сыйлықтар!!!
Аяз
ата:- Ой, ой, ой кәрі басым-ай, балаларға
сыйлықтарын беруді ұмытып кетіппін ғой. Қане қызым Ақшақар алып кел
сыйлықты. .
Би:
«Ұлпа
қарлар»
Аяз
ата: міне енді дұрыс
болды. Біздің балалар өте
зерек, қонақжай. Олай болса, қане Ақшақар қызым, енді шыршаның
түбіндегі сыйлықты алып келе қойшы.Ақшақар
шыршаның түбінде жатқан үлкен сыйлықты алып
келеді.
Ақшақар:- Қараңдаршы
балалар, Аяз ата сендерге қандай керемет сыйлықтар алып келген.
Жаңа жыл деген таңғажайыпқа толы мереке ғой! Барлық адамдар
бұл мерекені жақсы көреді. қапшықтың
ішін ашады, сыйлықтар
шығады.
Аяз
ата- Ал,кәне,балалар,
Сендерге сыйлығым
бар,
Аталарыңның
сыйлығын
Қуанып қабыл
алыңдар!
Жүргізуші:- Біз өнерлі
баламыз,
Ертең-ақ өсіп
толамыз.
Атамыздың
сыйлығын,
Рахмет айтып
аламыз.
Би:
«Қояндар»
Бәрі
бірге: РАХМЕТ!
Аяз
ата- Ал, балаларым тағыда Жаңа жыл құтты болсын.Енді
біздіңде қайтатын уақытымызда болып қалды.Себебі, өздерің секілді
балалар өнерлерін дайындап, сыйлықтарын алуға асығып отырған болар.
Келесі жылы кездескенше қош сау
болыңдар!
Балалар- сау
болыңыздар!
Жүргізуші:- Би-биледік,жыр-жырладық,
Қызығына
тоймадық.
Достарменен
ойнадық,
Жаңа жылды
думандатып тойладық! Ал, құрметті қонақтар осымен
мерекелік ертеңгілігімізді «Шыршаға бардық»- әнімізбен
аяқтаймыз. Келесі мерекеде кездескенше қош-сау
болыңыздар!